1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Буферлі ерітінді әсері (рН-қа тәуелділігі)



бет37/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52
Аналитика B

Буферлі ерітінді әсері (рН-қа тәуелділігі)
Комплексонометриялық титрлеуде негізгі талаптың бірі – эквиваленттік нүктеде анықтайтын катион толықтай комплексті қосылысқа айналуы тиіс.
Комплексонаттар түзілу реакциясы қайтымды, сондықтан реакцияны тура бағытта жүргізу үшін түзілген Н+ ионын байланыстыру керек. Ол үшін буферлі ерітінділерді пайданады.
Көбіне титрлеуді рН = 5-6 (СН3СООН+СН3СООNH4), pH = 8-10 (NH4OH+NH4Cl) буферлі қоспалары қатысында жүргізеді.
• Ортаның рН-ы комплексонаттардың тұрақтылығына әсер етеді:
•Күшті қышқылдық ортада рН < 3 онша тұрақты емес комплексті қосылыстар түзіледі.
•Күшті сілтілік ортада рН > 10 катиондардың гидроксидтерінің тұнбалары түзіліп кетеді.
Мысалы, Mg2+, Са2+ иондар сілтілік ортада тұрақтырақ. Бұларды тек сілтілік ортада ғана титрлеу керек.
Тұрақты комплекс түзетін катиондарды, мысалы Zn2+, Pb2+, аздаған қышқылдық ортада да тирлеуге болады.
Ал 3 және 4 зарядты иондарды (Fe3+, Zr4+(цирконий)) күшті қышқылдық ортада да титрлеуге болады.
• рН мәнін өзгерту арқылы бөгде иондардың қатысында керекті ионды анықтауға болады және селективтілігін біршама көтеруге болады.
• рН-ң жоғарғы мәнінде секіріс те үлкен болады, яғни эквиваленттік нүктені дәл анықтауға болады.



18)Комплексонометриялық анализде эквиваленттік нүктені анықтау. Комплексонометриялық титрлеу әдісінің индикаторлары, индикатор таңдау, металл индикаторларға қойылатын талаптар. Металлохромды индикатордың түс өзгерісінің механизмі. Металлохромды индикатор қатысында комплексонометриялық титрлеудің реакция теңдеуін жазыңыз.
Эквиваленттік нүктені анықтау
•Комплексонометрияда эквиваленттік нүктені бірнеше жолмен анықтауға болады:
•Анықталатын катионның комплексонмен әрекеттесуі кезінде эквиваленттік мөлшерде Н+ катионы бөлінетіндіктен, онда сутек иондарының Н+ ерітіндідегі концентрациясын алкалиметриялық анықтау арқылы анықталатын катион мөлшері есептелінеді.
•Комплексонометриялық титрлеудің эквиваленттік нүктесін физика-химиялық әдістерімен (спектрофотометрия, амперометрия, потенциометрия) анықтауға болады.
•Титрлеудің соңғы нүктесін индикаторлардың көмегімен анықтауға болады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет