1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Титриметриялық анализ әдістерін анализде пайдаланылатын химиялық реакциялардың



бет32/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52
Аналитика B

Титриметриялық анализ әдістерін анализде пайдаланылатын химиялық реакциялардың
түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар: протондар алмасатын, электрондар алмасатын, аз
диссоциацияланатын (комплекстік) бөлшектер түзетін және нашар еритін қосылыстар
түзетін реакциялар. Осыған байланысты титриметриялық анықтауды мынадай әдістерге
бөлуге болады:
1. қышқыл-негіздік титрлеу (протолитометрия);
2. тотығу-тотықсыздану титрлеуі (редоксиметрия);
3. комплексометриялық титрлеу (комплексометрия);
4. тұнба алып титрлеу (седиметрия).
Титриметриялық әдістерді титрлеу жолына қарап та бөледі;
1. тікелей титрлеу әдісі – анықтайтын зат концентрациясы белгілі ерітіндімен
титрленеді;
2. ауыстыру (жанама) әдісі – бұл әдіс анықтайтын зат пайдаланатын реагентпен
әрекеттеспейтін, не реакция стехиометриялық жолмен жүрмейтін жағдайда
пайдаланылады. Мысалы, кальций иондарын перманганатометрия әдісімен анықтау.
Кальций иондарын қымыздық қышқылы аниондарымен тұнбаға түсіреді:
Ca2+ + C2O4 2- =CaC2O4
3. кері титрлеу әдісі – анализдейтін ерітіндіге артық мөлшерде алынған титранттың
белгілі көлемін құяды, яғни анықтайтын компонентпен реакция толық жүргеннен кейін
ерітіндіде титранттың бос мөлшері қалады. Реакцияласпай қалған титранттың мөлшерін
концентрациясы белгілі басқа ерітіндімен титрлейді. Алғашқы қосылған титранттың көлемі
мен оның реакцияласпай артық қалған көлемінің арасындағы айырмашылық титранттың
анықтайтын затпен әрекеттесуге кеткен көлемін көрсетеді.
Физика-химиялық әдістер химиялық реакциялар жүру кезінде байқалатын
физикалық шамаларды өлшеуге негізделген. Олар бірнеше топқа бөлінеді:
- оптикалық әдістер (фотометрлік, СФ, люмин., ИК, ААС).
- электрохимиялық әдістер (потенциометрлік, ионометрлік, вольтметрлік,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет