1 Аналитикалық химия пәні, мақсаты, міндеті. Аналитикалық қызмет. Анализ әдісініңжіктелуі


Редоксиметрия әдісінде эквиваленттік нүктені анықтау жолдары



бет41/52
Дата25.04.2024
өлшемі4.71 Mb.
#499836
түріҚұрамы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Аналитика B

Редоксиметрия әдісінде эквиваленттік нүктені анықтау жолдары:
• индикаторсыз;
•индикатор қатысында анықтауға болады (редокс-индикаторлар);
•спецификалық затты қолданып анықтауға болады (крахмал, тиоцианат ионы);
•әрекеттесуші заттардың физикалық параметрлерін тіркеу арқылы анықтауға болады.
Титрлеу қисығы, титрлеу қисығы секірісіне әсер ететін факторлар.

Титрлеу секірісі шамасына әсер ететін факторлар


* анықталатын заттың диссоциациялану (қышқылдық,негіздік) константасы:
Кдисс.<5*10-8 болғанда қышқылдар мен негіздер үшін титрлеу секірісі болмайды. Мысалы, H3BO3 (Ka =6*10-10), NH4 + (Ka =6*10-10), C2O4 2- (Kb=2*10-10), C5H5N (Kb=2*10-9) және т.б.
* титрант пен анықталатын заттың концентрациясы:
1) күшті протолиттер С<10-4 моль/л болғанда, ал әлсіз протолиттерде С<10-2 үшін моль/л болғанда оларды титрлеу тәжірибе жүзінде мүмкін емес.
* температура;
* ерітіндінің иондық күші.
21. Редоксиметрия әдісінде қолданатын редокс-индикаторлар мен спецификалық индикаторлар, индикатор таңдау. Редокс-индикаторларға қойылатын талаптар.
Тотығу-тотықсыздану әдісінде эквиваленттік нүктені анықтаудың бірнеше жолы бар:
-индикатордың көмегімен;
- индикаторсыз;
- спецификалық реагент қатысында;
- инструменталды әдіспен анықтауға болады.

1. Бірінші – титрантпен немесе анықтайтын затпен боялған қосылыс спецификалық заттар. Мұндай жағдайда эквиваленттік нүктені титрантпен титрлеу барысында ерітіндінің түсінің өзгеруі немесе ерітіндінің түссізденуі бойынша анықталады. Мысалы, иодометриялық анықтауларда осы әдісті қолданады. Титрант ретінде иод ерітіндісін қолданса эквиваленттік нүкте иодкрахмалдың көк түсі пайда болуымен анықталады. Ал егер иодты натрий тиосульфатымен тирлесе, онда эквиваленттік нүктеде керісінше көк түс жойылады.




Тағы бір спецификалық индикатор – ол калий роданиді. Роданидтің қатысында темір (ІІІ) ионын титан (ІІІ) сульфаты ерітіндісімен титрлеуге болады. Титрлеудің соңғы нүктесі темір роданиді комплексінің қызыл

2. Кейбір жағдайларда индикаторсыз да титрлеп эквиваленттік нүктені анықтауға болады. Мысалы, перманганатометрия әдісінде индикатордың қажеті жоқ, себебі жұмысшы ерітіндінің өзінің күлгін түсі бар және ол эквиваленттік нүктеде өз түсін өзгертеді (индикатордың ролін титранттың өзі атқарады)


3. Индикатор қатысында анықтау. Тотығу-тотықсыздану титрлеу әдісіне қатысатын индикаторларды редокс-индикаторлар деп атайды. Тотығу-тотықсыздану процессі жалпы потенциалдардың өзгерісімен сипатталады. Редокс-индикаторлар да эквиваленттік нүктеге жеткенде потенциалдың өзгерісіне байланысты өздерінің түстерін күрт өзгертеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет