1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы



бет147/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

135.Несепқуық, топографиясы, құрылысы, қызметі, ішастарға қатынасы.
НЕСЕПҚУЫҚ (vesica urinaria) несeпті жинап оны әрі қарай шығаратын тақ ағза. Несепқуықтың сиымдылығы 300 ден 500 мл-ге дейін. Несепқуықтың келесі бөліктерін айырады: денесі (corpus vesicae), ұшы (apex vesicae ), түбі(fundus vesicae ) және мойыны (cervix vesicae). Ұшынан кіндікке кіндіктің ортаңғы байламы (lg.umbilicale medianum) барады. Несепқуықтың төменгі бөлігі байламдар арқылы көршілес ағзалармен және кіші жамбастың қабырғаларымен байланысқан. Маңызды байламдарға еркектерде, қасаға-қуықасты, әйелдерде қасаға-қуық байламдары жатады. Осылармен қатар еркектерде қуық, қуықасты безімен, ал әйелдерде несеп-жыныс көкетімен бекіген. Несепқуық кіші жамбас қуысында орналасқан.Қасаға симфизі мен қуықтың алдыңғы қабырғасы аралығы борпылдақ ұлпамен толған. Несепқуықтың қабырғасының құрылысы еркектермен әйелдерде бірдей. Ол сыртқы адвентициядан (tunica adventitia), ортаңғы бұлшықеттік қабықтан (tunica muscularis) және ішкі шырышты қабықтан (tunica mucosa) тұрады. Толған несепқуықтың қабырғасы жұқарып бар болғаны 2 мм-ді құрайды, ал бос несепқуықтың қабырғасы қалыңдап (қабырғасының жиырылғанынан) 1,5 см-ге дейін жетеді. Несепқуықтың түбінде, несепқуық үшбұрышы (trigonum vesicae) деп аталатын анатомиялық түзіліс орналасқан, оның бұрыштары несепағарлардың тесіктерімен (ostium ureteris) несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен (ostium uretrae internum) шектелген. Осы аймақтың шырышты қабығы бұлшықеттік қабықпен тығыз бітісіп қатпарлар түзбейді ,себебі үшбұрыш ішінде шырышасты қабат болмайды.
Несепқуықтың топографиясы : Несепқуық кіші жамбас қуысында , сим физдің артында орналасқан . Несепқуықтың алдыңғы беті қасаға сим физіне қараған , одан қасаға артқы кеңістігін де орналасқан майлы қатпармен шектелген . Несепқуық несепке толған жағдайда қуық ұшы қасаға симфизінен жоғары орналасып , алдыңғы іш қабырғасымен жанасады . Ерлер де несепқуықтың артқы беті тік ішекпен , шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік кеңжерімен ( ампуласымен ) , ал түбі қуық асты безбен шектеседі . Әйелдерде несепқуықтың артқы беті жатыр мойнының алдыңғы қабырғасымен және Қынаппен , ал түбі несепжыныс диафрагмасы мен шектеседі . Әйелдер мен ерлерде несепқ уықтың бүйір беттері артқы өтісті көтеретін бұлшықетпен шектеледі . Ерлерде несепқуық тың жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері , ал әйелдерде -жатыр орналасқан . Несепқуық несеппен толған жағдайда ішастармен үш жа ғынан , мезоперитонеалді , ал бос кезінде рет роперитонеалді жабылған . Ішастар несепқу ықты жоғарыдан , бүйірінен және артынан жауып , ерлерде тік ішекке,яғни тік ішекқуық ұңғылы, әйелдерде жатырға,яғни қуықжатыр ұңғылы өтеді.
Ерлерде:
Aртқы беті -тік ішекпен, шәует қуықшаларымен және шәует шығаратын түтік ампуласымен,
Түбі- қуық асты безбен шектеседі.
Бүйір беттері- артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген
Жоғарғы бетінде- жіңішке ішек ілмектерімен орналасқан.
Әйелдерде:
Артқы беті -жатыр мойының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен,
Түбі -несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі.
Бүйір беттері- артқы өрісті көтеретін бұлшықетпен шектелген
Жоғарғы бетінде- жатыр орналасқан.
Несепқуық қабырғаларының құрылысы:
Несепқуықтың қабырғалары: шырышты, шырышасты негізі, бұлшықеттік, дәнекер тінді қабықтрадан тұрады:
-шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті,шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады.Несепқуық түбінің алдыңғы бөлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, несепқуық үшбұрышының артқы шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері,ostium ureterus (dextrum et sinistrum) орналасқан.
-шырышасты негізі,(tela submucosa) несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Несепқуық үшбұрышында шырышасты негіз жоқ.
-бұлшықетті қабығы,(tunica muscularis) біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы және ішкі қабаттары бойлық,ортаңғы өте жақсы дамыған дөңгелек қабат.
-қуықтың сырты бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы дәнекер тінді қабық.


Ішастарға қатынасы:
-несеппен толғанда ішастар 3 жағынан,мезоперитонеалді,
-босаған кезде ретроперитонеалді жабылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет