1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Несеп шығаратын өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп шығаратын өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі



бет149/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

137.Несеп шығаратын өзек, оның жыныстық ерекшеліктері. Ерлердің несеп шығаратын өзегінің құрылысы, бөлімдері, қызметі.
Несеп жібергіш өзектің қызметтері:
1. несеп қуығынан зәрді сыртқы ортаға шығару-транспорттық
2. шәуетті шығару
Бұл екі қызмет ерлерде зәр мен шәуітті шығару, әйелдерде зәрді шығару қызметін атқарады.
Ерлерде өзектің ұзындығы 16-22 см., ішкі диаметрі 0,5-0,7 см., әйелдерде 2-3,5 см., ол диаметрі 0,8-1,2 см болады.
Еркек несеп шығаратын өзегі, uretra masculina, - түтік пішінді тақ мүше, диаметрі 0,5-0,7 см және ұзындығы 16-22 см.Ол қуықасты безінен, несеп-жыныс көкетінен және еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді. Несеп щығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Ол несепқуық қабырғасында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігімен, ostium urethrae internum, басталып, жыныс мүшесінің басында орналаскан несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігімен, ostium urethrae externum, аяқталады Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты үш бөлікке: қуықасты, жарғақты және кеуекті, ал қозғалмалы болуына байланысты-қозғалмалы және қозғалмайтын (фиксацияланған) бөліктерге бөледі.
Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады, ол аз созылады, себебі өзек кабырғасында фиброзды-эластикалық сақина бар. Еркек несеп шығаратын өзек өз жолында S-тәрізді иіліп, 3 тарылулары кездеседі:
Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тарылулары және кеңеюлері.
І тарылулары:
• Несеп жібергіш өзектің ішкі тесігінің тұсында
• Несеп-жыныс диафрагмасынан өту жері
• Несеп-жібергіш өзектің сыртқы тесігінің тұсында
ІІ Кеңеюлері:
• Простата бөлігінде, бұл жерде шәует төмпешігі, оның ұшында простаталық немес ерлердің жатыры орналасқан.
•Penis-тің кеуекті денесінің буылтығында
• Қайықтәрізді шұңқырда(fossa naviculare)- Сыртқы жыныс мүшесі басында орналасқан .
Сыртқы жыныс мүшесі басының тұсында-ладья тәрізді кеңею болады.
Еркек несеп шығаратын өзек қабырғаларының құрылысы:
-ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер, gll. urethralis, (Литтре бездері) орналасқан.
Несеп шығаратын өзектің кеуекті бөлігінде ұсақ, тұйык аякталатын ұңғылдар – шұңкыр шақтар, lacunae urethrales, орналасқан.
-Шырышасты негізі мен бұлшыкеттік қабығы, бойлык және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықетті жасушалардан кұралған.
Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты үш бөлікке: қуықасты, жарғақты және кеуекті, ал қозғалмалы болуына байланысты-қозғалмалы және қозғалмайтын (фиксацияланған) бөліктерге бөледі.
Куыкасты бөлігі, pars prostatica, үзындығы 3 см, вертикалді бағытта қуықасты безден өтеді. Еркек несеп шығаратын өзектің куысы қуықасты бөлігінің ортаңғы бөлімінде кеңейген. Несеп шығаратын өзектін қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында сопақша темпе - несеп шығаратын өзектің қыры, crista urethralis, орналасқан. Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі - шәует төбешігі, colliculus seminalis, онын ұшында ұңғыл - куықасты жатыршасы, utriculus prostaticus, орналаскан. Қуықасты жатыршасының жан-жағынан шәует жіберетін түтіктің тесігі ашылады. Шәует төбешігінің айналасында қуыкасты бездің шығару түтіктерінің тесіктері орналаскан.
Жарғақты бөлігі, pars m em branacea, қуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасады. Бүл бөлігі қысқа (1,5 см) және өте тар. Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бүлшықетін, т. sphincter urethrae, құрайтын көлденең-жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған.
Кеуекті бөлігі, pars spongiosa, несеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, жыныс мүшесінің кеуекті денесінің қалындығында орналасады. Еркек несеп шығаратын өзек жыныс мүш есінің буылтығы аймағында кішкене кеңейеді, ал қалған деңгейінің диаметрі өзгермейді. Еркек несеп шығаратын өзектің соңғы бөлімі жыныс мүшесінің басында орналасып, несеп шығаратын өзектің қайықтәрізді шұңқырын, fossa navicularis urethrae түзіп, қайтадан кеңейеді.
Қозғалмалылығы бойынша 2 бөлікке бөлінеді:
1) Қозғалмайтын(фиксацияланған) бөлік(pars fixa)-құрамын pars prostatica,pars membranacea және penis буылтығы деңгейіндегі несеп шығаратын өзектің pars spongiosa бөлігі кіреді.
2) Қозғалмалы бөлік(pars mobilis) - penis түбірі(radix penis) денесі(corpus penis) басы(glans penis) тұсындағы үлестер.
Қорытындылай келе,еркектің несеп шығаратын өзегі өз жолында S-тәрізді иілген және 2 тесегі, 3 тарылған, 3 кеңейген жерлері болады.
Ерлердің несеп жібергіш өзегінің тесіктері:
-несеп жібергіш өзектің ішкі тесігі(ostium urethrae internum)-несепқуықттан басталатын тесік, яғни өзектің бастапқы бөлігінде орналасқан.
- несеп жібергіш өзектің сыртқы тесігі(ostium urethrae externum)-penis-тің басының ұшында орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет