1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы



бет26/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Самай сүйектің өзектері:
1)Ұйқы өзегі (canalis caroticus) –тасты бөліктін төменгі бетінін орта бөлігіндегі сырткы тесігінен (foramen caroticum externum) басталады, пирамида ұшында аякталады. Бұл өзек арқылы ішкі ұйқы артериясы және онын бойындағы симпатикалык өрімдер өтеді.
2)Дабыл шегі нерв өзекшесі (canaliculus chordae tympani) - бет нерві өзегінен біз-емізік тесігіне жетпей, дабыл қуысына қарай өтеді. Бұл өзек аркылы дабыл шегі нерві (n.chorda tympani)өтеді.
3)Бет нерв өзегі (canalis facialis)меншікті тесіктен басталып,біз-еміздік тәрізді тесікпен (foramen stylomastoideum) аяқталады. Бұл өзекте бет өзектік тізе түзіледі және дабыл шегі нерв өзекшесі өтеді.
4)Бұлшықет-түтік өзегі (canalis musculotubaris) - пирамида ұшынан басталып, есту түтігінің бөлігін құрайды.
5)Емізіктәрізді өсінді өзегі (canaliculus mastoideus) мойындырық шұңқыр түбінен басталып, дабыл-емізік санылауында аякталады. Бұл өзекше арқылы кезбе ми нервінің құлақтық нервісі өтеді.
6)Дабыл өзекшесі (canaliculus tympanicus)тастық шұңқыршаның (fossula рetrosa) түбіненн басталып, кіші тастыкнерв өзегінін санылауы арқылы ми сауытына қарай өтеді. Бұл өзекше арқылы тіл-жұткыншак нревінің дабылдық нерві өтеді.
7)Ұйқы-дабыл өзекгі(canaliculi caroticotympanici) ішкі ұйқы артерия өзегінің қабырғасынан басталып, дабыл куысына ашылады. Бұл өзек арқылы дабыл қуысын нервтендіруші симпатикалық ұйқы-дабыл нерві өтеді.
24.Дабыл қуысы, қабырғалары, құрамы, қатынастары, отит кезіндегі асқынулар.
Дабыл қуысы (cavum tympani) бүйір қабырғасы қысыңқылау келегн шағын қуыстан тұрады. Қуыс ішінде есту ағзасының сүйекшелері: балғашық-malleus, төс-incus, үзеңгі-stapes орналасқан. Дабыл қуысының қызметі: дабыл жарғағынан дыбыс толқындарын ішкі құлақ лабиринтінің ішінде орналасқан есту нервтерінің рецепторларына өткізу.
Дабыл қуысының алты қабырғасы бар:
1.Алдыңғы, ұйқы қабырғасы paries carotis-ол ұйқы өзегінен бөледі.
2.Жоғарғы, paries superior, tegmen tympani-дабыл қуысының төбесі.
3.Артқы, еміздікше қабырғасы, paries mastoidea-дабыл қуысын еміздікше өсіндінің қойнауларынан бөледі.
4.Төменгі, мойындырықтық қабырғасы, paries jugularis. Мойындырықтық шұңқырды ішкі мойындырықтық венадан бөледі.
5.Медиальді, лабиринттік қабырға, paries labyrintis- дабыл қуысын ішкі құлақтың лабиринті мен вестибулярлық аппараттан бөледі.
6.Латеральді, жарғақтық қабырға, paries membranacea- дабыл қуысын сыртқы есту жолынан бөледі.
Дабыл қуысына инфекция енген жағдайда іріңді қабыну болуы мүмкін, ірің қуыстың алты қабырғасының біреуін зақымдауы мүмкін. (Дабыл қуысының қабынуы-отит).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет