III. Күрделі буын IV.Буын бастарының сыртқы пішіні шар тәрізді, көлденең бағытта орналасқан. Буын ойысы бақайдың проксималды бақайшықтар негізінің буын беттерінен тұрады. Буын беттері гиалин шеміршегімен қапталған. Ал буын қапшықтары бос және жұқа. Буын қапшығы коллатералдық жанама байламдар (lig.metatarseum profundum), арқылы ықшамдалған.
V.Үш білікті.VI.табан-бақай буындарында аздап фронталды білік бойынша 90% бойында бүгіледі, аздап 30% жазылады. Сагиталды жазықтықтың бойында шамалы ішке қарай тартылады және алшақтатылады.
Бақайдың бақайшық аралық буындары (articulationes interphalangea). Буын қапшықтарының байламдары: бүйір қапталы жанама байламдар (lig.collateralis), табан бетінде орналасқан байламдар арқылы (lig.plantare). Қызметі: фронталды білік бойынша бүгіледі және аздап жазылады.
VII. Табанның ұзын байламы , lig.plantare longит . Ол, өкше сүйегінің бұдырының төменгі бетінен басталып, алға қарай бағыт алып, тек ше сүйегінің жүлгесінен, sulcus ossis cuboіde , асып барып, беткей талшықтары ІІ - V табан сүйектеріне барып бекiсе, тереңде орналасқан талшықтары текше сүйектің төменгі бетіне барып бекиді. Табанның өкше - текше байламы, lig . calcanocuboideum plantare, жоғарыда айтылып өткен байламның астында орналасқан. Бұл байлам, буын қапшығымен беттесіп, өкше сүйегімен текше сүйегінің табандық бетінің аралығында орналасқан. Қызметі : буын беттерінің түр ерекшеліктеріне қарамастан, қозғалыстың көлемі шағын. Сагиталді білік бойында ішке, сыртқа қарай бұрылып қозғалуы байқалады.
Шопар буыны (тілерсек алды көденең буын).
Тілерсек сүйектерінің көлденең буыны (articulatio tarsi transversa), анатомиялық құрылымы жағынан бөлек, асық- өкше- қайықша буыны мен (articulatio talocalcanonavicularis), өкше- текше буынынан (articulatio calcanocuboidea), тұрады. Бұл буын тілерсек сүйектің аралығында көлденең бағытга, "S" әріпіне ұқсас орналасқандықтан, тілерсек сүйегінің көлденең буыны немесе Шопаров атты буын немесе “шопар буыны” деп аталады.
2кі буынан турат:
1) асық- өкше- қайықша буыны(articulatio talocalcanonavicularis)-күрделі буын, пішіні шар, көп білікті. Буын беттері: асық,өкше,қайықша. Буын беттері гиалинмен көмкерілген, бір-биріне сәйкес орналасқан. Буын қапшығы қысқалау келіп, буын бетінің жиегіне бекіген.Буын қапшығының байламдары:
1.Асық-қайықша байламы, lig.talonavicularis, бұл байлам, жалпақтау және қалыңдау болып келіп, асық сүйектің мойыны мен қайықша сүйегінің аралығында өзара тартылып орналасқан .
2. Табандық -өкше- қайықша байламы, lig. calcanonavicularis, өкше сүйегінің асықтық тірегінен, sustentaculum tali, басталып, қайықшасүйегінің табандық бетіне барып бекиді .
2) өкше-текше буыны(articulatio calcanocuboidea)-қарапайым буын,пішіні ертоқым,2і білікті. Бұл буын текше сүйектің артқы беті, facies articularis posterior, мен өкше сүйегінің текше сүйектік буын бетінің, facies articularis, беттесуі нәтижесінде құралған.Буын беттері бір-біріне сәйкестелініп орналасқан. Буын қапшығы қысқалау, буын бетінің жиегіне барып бекіген.
Буын қапшығының байламдары, әсіресе табан бетінде жақсы дамыған.
1. Табанның ұзын байламы, lig. plantare longum. Ол, өкше сүйегінің бұдырының төменгі бетінен басталып, алға қарай бағыт алып, текше сүйегінің жүлгесінен, sulcus ossis cuboidei, асып барып, беткей талшықтары II-V табан сүйектеріне барып бекісе, тереңде орналасқан талшықтары текше сүйектің төменгі бетіне барып бекиді.
2. Табанның өкше-текше байламы, lig.calcanocuboideum plantare, жоғарыда айтылып өткен байламның астында орналасқан. Бұл байлам, буын қапшығымен беттесіп, өкше сүйегі мен
текше сүйегінің табандық бетінің аралығында орналасқан. Қызметі: буын беттерінің түр ерекшеліктеріне қарамастан, қозғалыстың көлемі шағын. Сагитальды білік бойында ішке, сыртқа қарай бұрылып қозғалуы байқалады.
Хирургиялық тұрғыда кесуге қажет болған жағдайда, екі буынның сыртқы және табандық байламын кесіп, екі буынды бір деңгейде ұстап тұрушы екі жақтылық байламды (lig.bifurcatum), кеспесек, буын ажыратылмайды. Сол себепті, бұл байламды екі буынның ұстап тұрушы байламы немесе "кілті" деп атайды.
Екі жақтылық байлам (lig.bifurcatum) - өкше сүйегінің жоғарғы қырынан басталып, екі байламға: өкше-қайықша байламы (lig. calcanonavicularis) және өкше-текше байламына (lig.calcanocuboidea). Өкше-қайықша байламы - қайықша сүйегінің артқы латералды қырына барып бекісе, өкше-текше байламы - текше сүйегінің сыртқы бетіне барып бекиді.Бұл байламды кескен жағдайда тілерсектік көлденең буыны ажыратылады.
Достарыңызбен бөлісу: |