Синовиалды қапшықтар-bursae synoviales.
Тобық үстілік қапшық-bursae suprapatellarisортан жіліктің дисталды ұшы, тобықтың жоғарғы бөлігі мен санның төрт басты бұлшықетттер сіңірлерінің аралығында орналасқан қапшықтардың ішіндегі ең ірі қапшық.
Тері асты тобық алды қапшық-bursae subcutanea prepatellarisжәне терең тобық асты қапшық-bursae infrapatellaris profunda олар буынды қоршайтын жұмсақ тіндерде орналасқан.
48.Сирақ сүйектерінің қосылыстары.
Сирақ сүйектері өзара үзілісті және үзіліссіз байланыстар арқылы байланысады.
I.Жілік аралық буын-articulatio tibiofibularis.
II.Асықты жілік пен кіші жіліншіктің проксималды шеттерін байланыстырады.Ол асықты жіліктің кіші жіліншіктік буын бетімен-facies articularis fibularis және кіші жіліншік басының буын бетімен-facies articularis capitis fibulaeтүзілген.
III. Буын қарапайым және кешенді.
IV.Жілікаралық буынның пішіні жалпақ.
V.Көп білікті.
VI.Аз қимылды.
VII.Байламдары:
1. Кіші жіліншік басының алдыңғы байламы-lig.capitis fibula anterior.
2. Кіші жіліншік басының артқы байламы-lig.capitis fibula posterior.
3. Кіші жіліншіктің жанама байламы-lig.collateralis fibulare.
Жілік аралық синдесмоз-syndesmosis tibiofibularisсирақ сүйектерінің дисталды шеттерін байланыстырады. Бұл байланыс алдыңғы және артқы жілік аралық жалғамалармен-lig. тibiofibularisanterius et posteriusнығайтылған.
Сирақтың сүйек аралық жарғағы-membrana interossea cruis сирақ сүйектерінің сүйек аралық жиектерін байланыстырады. Жарғақтың жоғарғы және төменгі бөліктерінде қан тамырлар мен жүйкелер өтетін тесіктер бар.
49.Табан сүйектерінің қосылыстары.
I.Тілерсек-табан буындар,articulatio tarsometatarsea.II.Tілерсек сүйектері мен табан сүйектерінің аралығында орналасқан. Орналасуына қарай үш буынға бөлінеді:
1)Медиалды сына тәрізді сүйек пен І-табан сүйектерінің аралығындағы буын. 2)Аралық және латералды сына тәрізді сүйек пен ІІ-ІІІ табан сүйектерінің аралығындағы буын. 3)Текше сүйек пен IV-V табан сүйектерінің аралығындағы буын.
Достарыңызбен бөлісу: |