67) Қол басының бұлшықеттері, олардың қызметі.
Қол басының бұлшықеттері, mm. manus топографиялық орналасуына қарай екі топ бұлшықеттерге: алақандық және қолбасының сыртқы бетінің бұлшықеттеріне бөлінеді.
Алақанның үлкен дөңесінің бұлшықеттері:
Басбармақты алшақтатқыш қысқа бұлшықет, m. abductor pollicis brevis, ол бас бармақтыңүлкен төмпешігінің бүйір қапталында,терінің астында орналасқан.Бұлшықетталшықтары:
a) басбармақты алшақтатқыш ұзын бұлшықеттіңсіңірінен.
ә) білектің фасциялық қабықшасынан.
б) қайықша тәрізді сүйектің төмпешігіненжәне білек бұлшықеттерінің дорзалдық білезігінен, retinaculumextensorum, басталып, басбармақтың проксимальды бақайшығының негізінебарып бекиді. Бұл бұлшықеттің сіңіршесінінтерең қабатында сесама сүйектері кездеседі.
2. Басбармақты игіш қысқа бұлшықет,m. flexor pollicis brevis, ол жоғарыда айтылыпөткен бұлшықеттің ішкі қапталында, терініңастында орналасқан. Бұлшықеттікталшықтары: білек бұлшықеттерінің алдыңғы білезігінең retinaculum flexorum, трапецияжәне трапеция тәрізді сүйектерден және 1-алақансүйегінің негізінен басталады. Төмен бағыттаөтіп, бұлшықет талшықтардың екі басы бөлініп, беткей басы, саput superficialis, латеральды сесама сүйегіне барып бекісе, тереңде орналасқан басы, caput profundum, медиальды және латеральды сесама сүйектеріне және бас бармақтың алақан-бақайшық буынының қапшығына барып бекиді.
3. Бас бармақты шынақай саусағына қарсы қоюшы бұлшықет, m. opponens pollicis. Бұлбұлшықеттіңсыртқы пішіні жалпақтау және үшбұрыштәрізденіп, басбармақты алшақтатқыш қысқабұлшықеттің m. abductorpollicis brevis, астындаорналасқан. Ол трапеция тәрізді сүйегініңтөмпешігінен және білектің алдыңғы топ бұлшықеттерді бүгуші бұлшықеттің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorum, басталып, басбармақтың алақандық сүйегінің сыртқы бетіне барыпбекиді.
4. Басбармақты ішке тартқыш бұлшықет, m. adductor pollicis. Олбасбармақтың үлкентөмпешігін құраушы бұлшықеттердің тереңқабатында орналасқан. Бұл бұлшықеттің қиғашбағытта және көлденең бағытта орналасқан бастары ажыратылады:
a) Қиғаш басы, caput obliguum. Ол алақанның сәуле бағытта орналасқан байламынан бастысүйектен, os capitatum және 2, 3 – алақансүйектерініңалақандық бетінен басталады.
ә) көлденең басы, caput transversum. Ол3 -алақан сүйегінің алақандық бетінен және 2, 3 -алақан сүйегінің басынан басталады. Бұлшықеттік бастары бір-бірімен бұрыш құрапқосылып, бұлшықет қарыншасын құрап, бас бармақтың проксимальды бақайшығының негізіне барып бекиді.
Достарыңызбен бөлісу: |