1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында анатомия пәнініңмаңызы. Анатомиялықтексерістердіңшараларыжәнеәдістері. Адам анатомиясы


Алақанның кіші дөңесінің бұлшықеттері



бет79/205
Дата05.02.2024
өлшемі1.09 Mb.
#490930
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205
1. Анатомия пәніжәнемаңызы. Клиникадажәне медицина практикасында-emirsaba.org

Алақанның кіші дөңесінің бұлшықеттері:
  1. Алақанның қысқа бұлшықеті, m. palmaris brevis. Бұлшықет талшықтары параллельбағытта орналасып, жұқалаукелген бұлшықет. Бұлшықетталшықтары алақанның медиальды қапталындағыдәнекер тканды апоневроздан және білекбұлшықеттерініңалдыңғы білезігінен басталып, алақанның кіші төмпешігі маңындағы теріге ұласады.


  2. Шынашақты алшақтатқыш бұлшықет, m. abductor digiti minimi, шынашақтың ішкі қапталында орналасқан. Бұл бұлшықеттің талшықтары: бұршақ тәрізді сүйектенген, игіш шынтақжілік - білезік бұлшықеттің сіңіршесінен, m. flexor carpi ulnaris және білек бұлшықеттерінің алдыңғы білезігінен, retinaculum flexorumбасталып, шынашақтың проксимальды бақайшығының шынтақжілік маңындағы бетіне барып бекиді.


  3. Шынашақты бүккіш қысқа бұлшықет, m. flexor digiti minimi, ол жоғарыда айтылып өткен бұлшықеттің ішкі қапталында орналасқан, шағын келген бұлшықет. Бұлшықеттің талшықтары ілмек тәрізді сүйектің ілмегінен, hamulus ossis hamati, жәнебілек бұлшықеттерінің алдыңғы білезігінен,retinaculum flexorum басталып, шынашақтыңдистальды ұшына қарай өтіп, шынашақтың проксимальды бақайшығының негізіне барып бекиді.


  4. Шынашақтың қарсы қоюшы бұлшықеті, m. opponens digiti minimi ол шынашақтыбүккішқысқа бұлшықеттің ішкі қапталында орналасқан. Бұлбұлшықетілмектәрізді сүйектің ілмегінен жәнебілек бұлшықеттердің алдыңғы білезігінен басталып, шынашақ, саусақтың 5- алақансүйегінің шынтақжілік маңындағы бетіне барыпбекиді.




Алақанның сүйекаралық бұлшықеттері:
  1. Құрттәрізді бұлшықет, m. lumbricalis, жауын ұқсап жұмырлау келіп, орналасқан 4 бұлшықеттердентұрады. Бұлбұлшықеттердің бұлшықет талшықтары саусақтардыбүккіш терең бұлшықеттің, m. flexor digitorum profundus, сіңіршелерініңлатеральды беттеріненбасталады. Сіңіршелері дистальды бағытта өтіп,сұқ саусақтан шынашаққа дейінгі саусақтықдың проксимальды бақайшықтардың негізінебарып бекіп қоймай, сол маңдағы саусақтардыңапоневроздарымен бітесе жалғасады.


  2. Алақанның сүйек аралық бұлшықеттері,mm. interossei palmares 2-5-алақан сүйектерініңаралығында орналасқан үш бұлшықеттердентұрады. Бұлшықеттер талшықтары 2, 4, және 5алақан сүйектерінің латеральдық қапталынанбасталып, жіңішкелеукелген сіңіршелері арқылы 2, 4, 5-саусақтардың проксимальды бақайшықтарының негізінің сыртқы бетіне барып бекиді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   205




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет