4-тапсырма. Сөздерді қатыстырып сөйлем құрастырыңыз.
Адам, мінез, сұлулық, сыншыл, қасиет.
Базалық деңгей (А2)
14-апта
Киім – адам көркі
Етістіктің шақ формалары. Нақ осы шақ. Нақ осы шақтың болымсыз түрі. Қалып етістіктерінің қолданысы
Киім адамзат үшін сыртқы ортаның әсерінен қорғаныс пен жылыну құралы ғана емес. Бұл адамның беделінің, қоғамдағы дәрежесінің бірден-бір көрсеткіші. "Адам көркі шүберек" демекші, ортамыз бізді киген киімімізге қарап бағалайды. Жігіттердің шалбарына қарап, мінезін тануға болатыны туралы айтқан едік. Ал жалпы киім өзінің қожайыны жайлы не айта алады? Тігіншілер мен сәнді дизайнерлер жылдан-жылға мыңдаған киім түрлерін ойлап шығаруда. Соның арқасында әр адамның өз бейнесін өзгертіп, біркелкі болып қалмауына мүмкіндігі бар. Алайда киімнің осындай түрлілігі арасында әр адам өзіне тән стиль таңдайды. Бұл сіздің мінезіңіз бен өміріңіздегі қызуғышылықтарыңызға байланысты болады екен. Сондықтан мына ақпаратты білетін адам қасындағы досының киіміне қарап, бірден оның мінезіне баға бере алады. Классикалық үлгідегі киімді өзіне сенімді адамдар таңдайды деген пікір қалыптасқан. Бұл рас, алайда классикаға құмар жандар қатарына өз таңдауын жасауға қорқып, классикалық киімді кисем, қателеспеймін-ау дегендер де енеді екен. Бұл екі топты ажырататын айқын белгілер бар. Ол адамның осы киімде өзін-өзі ұстауы. Әсіресе адамның пиджакты қалай киіп жүретіндігіне назар аударыңыз. Өзіне сенімді кісі пиджагын кішкене ұқыпсыз киеді, оны еш уақытта барлық түймелеріне түймелемейді. Ал интровертер керісінше пиджагын соңына дейін түймелеп, қорғаныс ретінде қолданады екен. Дәстүрге сай, тұрақтылықты қолдайтын адамдар екі қатар түймесі бар пиджактарды таңдайды. Ал бірқатар түймесі бар пиджактың иесі жайдары, ашық жүзді кісі болады.
ШАҚ КАТЕГОРИЯСЫ
(Категория времени глагола)
Шақ категориясы іс-әрекет, қимылдың іске асу мерзімін білдіреді. Қазақ тіліндегі етістіктер үш шақта және үш жақта жекеше және көпше түрде қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |