3. Ауыспалы келер шақ шақтық мағынасы сөйлем ыңғайына қарай анықталатын келер шақ түрі. Мысалы, кел-е-ді, бар-атын, қайт-қалы жүр.
1-тапсырма. Аяқ киімге байланысты ырымдардың мағынасын түсіндіріңіз.
- Аяқ киімді сол аяқтан бастап кимейді.
- Аяқ киімнің табанына салынатын ұлтарақты маңдайынан тіліп қояды.
- Қазақ аяқ киімінің табанына қарамайды.
- Аяқ киімді төңкеріп қоймайды.
2-тапсырма. Көп нүктенің қажетті сөздерді қойыңыз.
Қажетті сөздер: білімінде, пішсең , баланы, киімге, киім, жаңаны,
Кісінің кісілігі,
Киімінде емес,...
Көне киім ... сақтайды,
Кәрі кемпір ... сақтайды.
Ит те ... қарап үреді.
Кеңесті хан азбайды,
Кең ... тозбайды.
Киім ... кең піш,
Ісің бітеді.
Құдай суықты сырт киіміне қарай жібереді.
3-тапсырма. Шақ қосымшаларын анықтаңыз.
Жасауды Алматовқа тапсырармын, сіз көмектесерсіз. Мүмкін сол даңқ мұрасының жеріне кірпіш болып мен де қаланармын. Біз желкеден қадалған найзадай шығармыз, жау тыныш ұйықтай алмас, ұйқы да бермес. Өмір бойы бітпеген дауды бітіретін біз болармыз, отағасы. Кемеловтың мына комбайны біткеннен кейін, артымызда қалмаған бірде-бір шахта бола қоймас дүниеде. Өткел жабылып, бүгінгі түн түгел біздің қолда болса, талайлар жан сақтап қалар еді де, тайпалардың ар-намысы төгілмес еді. Биылғы қыстың өзі қатты тұрса, сірә, Есіл бойында малдан түк қалмас. Байдан еңбекті өндіріп алсақ, Қасеннің шығынын толығымен қайтарамыз деп өзімізге серт берді.
4-тапсырма. Болжалды келер шақтың болымсыз түрінің қалай жасалғанын түсіндіріңіз. Қосымшалардың сөздегі орын тәртібін анықтаңыз.
Өлген үйрек пен тірі үйректі айырып болар емес. Мені аяп отырған жоқ әке-шешем, қол ұшын берер емес «өлдім» десем.Ол жыл тұрсам, айтқаным келгенін көзімменен көрсем, арманым болмас еді. Істесең де, бітер емес жұмысы, бірі бітсе дайын тұрар бір ісі. Қатар өсіп, бір конфетті бөліп жеген дос жазатайым бірдемеге ұшыраса, өкінішісі естен кетпес.
Достарыңызбен бөлісу: |