1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет129/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма. Дара сан есімдерді күрделіге айналдырып жаз.
Жеті,он, отыз, сегіз, тоғыз, елу, қырық, бір, бес.

Үлгі: жеті – жетпіс жеті,...
2-тапсырма.Өлеңді мәнерлеп оқы. Дара, күрделі сан есімдерді теріп жаз.
Бір тәулікте жиырма төрт сағат бар,
Жеті күннен құралады әр апта:
-Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, - деп,
Ойланбастан шыға аламын санап та!...
Ал отыз күн бір айыңды құраса,
Он екі ай-жыл, көп емес қой бұл аса.
-Үш жүз алпыс бес күн бар, - деп, - бір жылда!-
Жауап берем, егер біреу сұраса.
Қалай менің уақытымбос өтпек,
Кержалқау боп жатып алман төсекте!
Үш жүз алпыс бес күн деген, шынында,
Аз ба, көп пе... Көрші өзің есептеп!...
3-тапсырма.Сөйлемдерді көшір. Сан есімдерді сөзбен жаз.
Жер шарында 4 мұхит бар. Тынық мұхитының ең терең жері 11 километрдей болады. Ал теңіздің саны- 30. Жан-жағын құрлық қоршап жатқан теңіз 2 ғана. Олар: Капий және Арал теңіздері.
4-тапсырма.Сан есімдерді тауып, сұрақ қой және түрлеріне бөліп жаз.
Әйгілі қазақ балуаны Қажымұқан Мұңайтпасов 1871 жылы дүниеге келген. Ол он сегіз жасында Омбы қаласына келіп, қалалық цирктен балуандар күресін көреді. Бір күні орыстың күшті балуандарының бірі А.Злобин: “Көрермендер арасынан күрескісі келетін адам бар ма?”- деп сұрайды. Кілемге он сегіз жасар Қажымұқан шығады. 18 минутқа созылған белдесуде А.Злобин Қажымұқанды әрең жеңеді. Осыдан соң оның күрестегі үлкен жолы басталады.Күрес тәсілдерін жете меңгерген Қажымұқан 1908 Қажымұқан классикалық күрестегі тамаша жеңістері үшін 48 алтын, күміс және қола медальдарға ие болған.
БАӨЖ: Бай өлке( өлке жетістігі жайлы статистика)
14-апта
Ортадан жоғары деңгей В2
Талғам мен талап
Әлеуметтік-мәдени және көркем-публицистикалық,ресми қарым-қатынастарға қатысты мәтіндер бойынша монолог,диалог,полилог тәсілдері,Ілік септік жалғауының түсіріліп берілуі.
Талғам мен талап
Талғамдар - жеке адамның немесе әлеуметтік топтардың көркем шығарманы, сұлулықты кейіпсіздіктен ажырата білу қабілеті. Талғам - эстетикалық сананың саласы. Өмірдегі сұлулықты, табиғат көріністерін, еңбек пен әлеуметтік қарым-қатынастағы, жеке адам бойындағы әсемдік көріністерді бағалай, қабылдай білу қасиетін талғампаздық қасиет деп бағалайды.Соның бірі киіну талғамы.Қазіргі кезде кез келген адамның өз қалауынша сәнді киінуіне мүмкіндігі бар. Тіге білетін және осы іске қызыққан адам өзіне ыңғайлы және сәнді бұйым тігіп кие алады.
Киім өзінің бастамасын алғашқы қауымдағы шөптен жасалған белдік байламдардан, жануар терісінен денесіне жапқан жабулардан алады. Киімді суықтан, ыстықтан, жараланудан, сырып кетуден сақтап қалу үшін киді. Киім үшін тек тікелей табиғаттан алынатын, өңдеуді қажет етпейтін материалдарды ғана пайдаланған. Мұндай киім қарапайым болған және не жыныстық не әлеуметтік жағынан айырмашылығы болмаған. Тарихи кезеңдерге байланысты адам қауымдарға бөліне бастағаннан кейін, киімді түрлі жыныстық, әлеуметтік, мүліктік белгілері бойынша бөліп қарау туындады. Осыған орай, костюм өзінің жетілуінің ерте кезеңінен бастап адамның қоғамдық өмірінде болып жатқан барлық өзгерістерін көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет