1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет15/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Орта деңгей (В1)
2-апта
Отбасындағы сыйластық.
Жалпы және жалқы зат есімдер; көптік жалғаулы сөздің тәуелденуі (менің туыстар+ым); тәуелді септеу ( менің әкемнің ағасы); жіктік жалғау, жіктік жалғаудың көптік формасы (Біз қалалық + пыз);
Жай сөйлемдердің коммуникативтік мақсаттарына қарай жұмсалуы.
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үндеп отырған.
Тәрбие жүйесінде, жеке адамның жақсы қаситеттерін қалыптастыруда қоғамның алатын орны ерекше. Қоғам жеке отбасынан тұрады. Қазақ отбасы үш буыннан құралады: ата-әже, әке-шеше, бала. Халқымыз көшпелі тұрмысты басынан кешсе де, бала тәрбиесін назардан тыс қалдырмаған.
Бала бойына дарыған көп қасиеттердің бастауы жанұяда қалыптасады. Ал, отбасында қалыптасуға тиіс дүниетанымның жоқтығы оқу-тәрбие барысында біліне бастайды. Баланың негізгі тәрбиешісі – өзінің туып өскен ортасы, ата-анасы. Баланың дұрыс азамат болып өсуі немесе қате жолға түсуі көбінесе үлкендерге байланысты. «Баланы – жастан» деген сөздің мазмұны өте терең. Себебі, есейіп кеткен соң баласының теріс мінезін, қалыптасқан қате көзқарасын өзгерту өте қиын.
Тәрбиелеу – тек бір сөзбен немесе айтқанын істету арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-қолаңмен түсінікте болу, сөйлеу мәнері арқылы қалыптасады. Бала – жанұя тәрбиесінің айнасы.
Қазақ халқы ежелден ата сыйлаған, ана сыйлаған халық. Әке – шаңырақ иесі, жанұяның басы дейміз. Бала тәрбиесінде «Әке көрген оқ жанар, шеше көрген – тон пішер» деп бекер айтылмаған.
Ана – шаңырақ жылуы, әке – отбасының тірегі. Әр балаға тәрбиенің ең күштісі – әкенің өнегесі. Әкесі үлгі аларлықтай өнегелі, еңбексүйгіш адам болса, баласы да сондай болуға талпынады. «Әкеден ұл туса игі, әке жолын қуса игі» деп халқымыз тегін айтпаған. Қанша айтқанмен ер балаға әке тәрбиесінің орны бөлек. Әкенің жүріс-тұрысына еліктеп, істеген жұмысына араласып, әкесіндей азамат болуды армандайды.
«Сүтпен кірген – сүйектен кетеді» - дейді халқымыз. Бұл жасында бала ата-анасынан қандай тәрбие алса, ержеткенде де сол әдеті қалмайды деген сөз. «Әдепті бала – арлы бала, әдепсіз бала – сорлы бала» деп бекерге айтылмаған. Ұлы педагог Сухомлинский: «Отбасы – барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты. Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым-қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесінің алғашқы үлгісі қалыптасады. Ал, әке мен шеше, ата мен әже, ана мен ағалар баланың алғашқы тәрбиешілері» - деп жазды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет