Өтініш, тілек мәнді сөйлемдер
Өтініш, тілек мәнді сөйлем. Етістік+уыңызды (-уіңізді) өтінемін лексика-грамматикалық тіркесінің шақ, жақ бойынша түрленуі. Етістік + айын (-ейін, -йын, -йін, -айық, -ейік, -йық, -йік) тіркесі және т.б. тәсілдер арқылы жасалуы.
Қоғамдық орындарда сақталатын сөз әдебін сақтап сөйлеу
- Кешіріңіз. Маған қандай құжаттар тапсыру қажет екенін түсіндіріп жіберіңізші.
- Жарайды. Сіз мына үлгідегі құжаттарды тапсыра аласыз.
-Құжаттың мерзімі қанша уақытқа жарамды екенін айтыңызшы?
-Мына үлгіні алуыңызға болады. Барлық құжаттар тізімі бар.
-Сізге көп рахмет. Сау болыңыз.
-Сау болыңыз.
1-тапсырма.Сөйлемдерді сәйкестендіріңіз.
Ата-ананы мектепке шақырту.
|
Педагогикалық мәдениетті көтерудің ең қызықты формасы. Пікірталастың маңызды бөлімі – талқы. Кез-келген қатысушының көзқарасын сыйлау керек. Тақырыбы: «Мамандық таңдауға кім жауапты?», «Жеке мектеп болуы дұрыс па?» т.б.
|
Ашық сабақтар
|
Ата-аналар жиналысында тәртіп пен үлгерім туралы айту жеткіліксіз. Ата-аналар жиналысы белгілі бір тақырыппен пікір алмасу, тәжірибе алмасу тұрғысында болуы керек.
|
Педагогикалық білімдер университеті
|
Бұл тек бала тәртіп бұзғанда немесе нашар оқи бастағанда емес, ата-ананы мектепке шақыру бала тәрбиесі жөнінде пікір, тәжірибе алмасу мақсатында болуы қажет. Сондай-ақ түрлі шараларға, тәрбие сағаттарына қатысу үшін де шақыртылады. Мектепте ата-аналарға арнап «ашық» есіктер күндері өткізіледі.
|
Ата-аналар жиналысы.
|
бұл ата-аналарға педагогикалық, психологиялық білім берудің формасы. Университеттің сабақты ұйымдастыру формасы әртүрлі, баяндама, әңгіме, конференция, т.б.
|
Педагогикалық пікірталас
|
ата-аналар пәннің жаңа бағдарламаларымен, мұғалім талабымен таныстыру үшін ұйымдастырылады. Бұл спорттық шаралар: «Әкем, шешем және мен», «8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған көгілдір от», т.б. Мұндай шаралар ата-аналарға өз балаларын жақынырақ білуге көмектеседі.
|
Достарыңызбен бөлісу: |