1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет22/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Зат есімнің жіктелуі, тәуелденуі.
Лексикалық мағынасы тек адамды білдіретін зат есімдер ғана жіктеліп келіп, жіктеу есімдіктерімен қатынасқа түседі: мен студентпін, сен балықшысың, сіз дәрігерсіз, ол атбегі, мен Қуанышпын, біз оқушымыз, сендер студентсіңдер, сіздер мұғалімсіздер, т. б. Сонда адам аттары мен мамандық кәсібіне қатысты зат есімдерді үш жақта бірдей жекеше, көпше түрде жіктеп айтуға болады. Ал зат есімдердің қалған тобы жіктелмейді. Мысалы, өзен, сай, төбе, кереге, зейін, ынта, білім, надандық, аю, қасқыр, бөдене, түйе, сиыр, аяз, қүйын, қағаз, кітап секілді адамнан өзге барлық нәрселер мен құбылыстарға, жан-жануарларға қатысты айтылатын зат есімдер тура мағынасында жұмсалғанда жіктік жалғауын қабылдамайды. Кейде көркем әдебиетте нәрселер мен құбылыстардың, жан-жануарлардың аттары адамның әр алуан қасиеттерін бейнелеу үшін ауыспалы мәнде жұмсалады. Мұндайда олар жіктік жалғауында келе береді.
Заттың біреуге тән екендігін білдіретін жалғауларды тәуелдік жалғаулары деп атайды: әке-м, әже-ң,ата-сы. Тәуелдік жалғаулар үш жақта,жекеше және көпше түрде айтылады: көрші-м,көрші-ң,көрші-ңіз,көрші-сі.
Көрші-міз,көршілер-ің,көршілер-іңіз,көршілер-і.
Көптік жалғау (Множественное число) — жалғанған сезіне көптік мағына беретін қосымша. Мысалы: дар/дер, тар/тер, лар/лер.
1-тапсырма. Төмендегі сөздерді жіктеңіз.
Бірінші, мұғалім, үлкен, адам, жас, бала, дәрігер, ана, оқытушы, жалқау.
2- тапсырма. Мына өлең шумақтарынан жіктік жалғаулы зат есімдерді тап.
Мен-қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен күн тірілген.
Мен-қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім! (Ж.Молдағалиев)


3-тапсырма. Жіктік жалғаулардың лайықтысын жалғап, жекешесін бір бағанға, көпшесін екінші бағанға көшіріп жазыңыз.
Мен Абзал... . Біз егіз... . Мен мұғалім... . Біз дәрігер... . Мен жігіт... . Мен қазақ... . Мен жалқау... . Мен елуде... . Біз жас... . Мен студент... . Мен жаман... . Біз қонақ... . Біз еркек... . Мен күшті... . Мен Ораз... . Біз отызда... .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет