1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


БАӨЖ: Табиғат тақырыбында эссе жазу 8-апта



бет73/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

БАӨЖ: Табиғат тақырыбында эссе жазу


8-апта.
Базалық денгей
Менің бір күнім
Есептік сан есімдер,қолданысы
Менің бір күнім
Бұрын мен үшін 365 күннің барлығы бірдей сияқты болып көрінетін... күнделікті сабаққа бару, үй шаруасымен айналысу дегендей, алайда өткенімді саралап көрсем осы ойымның қате екенін түсіндім. Менің бұл жарық дүниеге келгеніме 20 жыл болады, осы мерзім бойы болған оқиғалардың барлығы, әрине, есімде жоқ, тіпті өткен дүйсенбіде, я болмаса бүгін таңертең қандай дүниелердің болғанын да есіме түсіре алмайтын шығармын, сонда да кейбір күндер есімде ерекше сақталған екен. Неліктен? Себебі сол кезде басымнан өткен жағдайлар айтарлықтай қызықты, әсер қалдыратындай болған шығар.Солардын бірі;Менің интернетсіз бір күнім!Біз өмір сүріп жатқан қоғамды интернетсіз өткізу мүмкін емес сияқты. Қазіргі уақытта менің қатарластарым әлеуметтік желіні көп пайдаланады. Пайдалану барысында ғаламтордағы қауіпсіздікті ескере бермейтіндері көп.Өзге құрбыларым секілді менде бір күнімді интернетсіз өткіздім. Сабағымды уақытылы оқыдым. Отбасымызбен отырып сурет альбомын ақтарып, қызықты сәттерді еске алдық. Өз отбасыммен әңгімелескен маған өте қатты ұнады. Кешкісін әдеби кітап оқып шықтым. Ештеңеге елеңдеместен менің бір күндік уақытым өтті. Болашаққа уақытымды ғаламтор желісіне емес, кітап оқып, отбасыммен серуенге арнаймын деп шештім.


Есептік сан есім
Есептік сан есімдер заттың нақты санын білдіреді. Мысалы, Бір қолға- бір күрек. Бір айда отыз күн, бір жұмада жеті күн. Есептік сан заттың нақты санын білдіргенде, зат есімнің алдынан тіркесіп, онымен ешбір қосымшасыз байланысады. Мысалы, он кітап, жүз үй, он бес қала, жүз елу бес көше. Бұл ерекшелігі жағынан сан есім өзіндей белгіні білдіретін сын есімге ұқсайды.
Есептік сан есім зат есімнің алдынан тіркесіп қолданылғанда, ол қанша? неше? деген сұрақтарға жауап беріп, сөйлемнің анықтауышы қызметін атқарады. Жоғарыдағы мысалдардағы бір, отыз, жеті деген есептік сандардың бәрі анықтауыш қызметінде қолданылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет