1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


Сан есімдердің мағыналық топтары (есептік, реттік)



бет83/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Сан есімдердің мағыналық топтары (есептік, реттік)
Сан есімдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай бір тобы зат есіммен тіркесіп,оны анықтап, есебін,ретін, мөлшерін білдірсе, біразы жинақтылық ұғымды, бөлшелік үлесті, болжалдық, шамалық мағыналарды білдіреді. Осындай мағыналық ерекшеліктеріне қарай қарай сан есім алты топқа бөлінеді.Олар: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім және бөлшектік сан есім.
Есептік сан есім заттың нақтылы санын және абстракты сандық ұғымды білдіріп, қанша? Неше? Деген сұрақтарға жауап береді. Есептік сан есімнің арнайы грамматикалық көрсеткіштері жоқ, олар түбірден тұрады. Абай жаз сайын Жаңылға деп, бір сиыр, 2-3 бие сауын жіберіп отыратын (Әуезов).
Қазақ тілінде есептік сан есімдер деректі санауға болатын зат пен заттық ұғымды білдіретін сөздерді ғана айқындап, солармен сөз тіркесін жасай алады.
Реттік сан есім заттың саналу ретін, орын, тәртібін білдіріп нешінші? Деген сұраққа жауап береді де, есептік сан есімдерге дауыссыз дыбыстардан соң –ыншы, -інші, дауысты дыбыстан соң –ншы, -нші жұрнақтарының жалғануы арқылы жаслады. Бірінші рет қатты өкпелегенін жасыра лмай барады (Мүсірепов).Әбіш бұдан бөлек екінші қағазды тағы жазды (Әуезов).Ырысты төртінші тәулік дегенде барып... (Жүнісов).Тоғызыншы тілек тілеңіз... (Бұқар жырау) деген сөйлемдердегі бірінші, екінші, төртінші реттік сан есімдері қағаз, тәулік, тілек сөздерінің ретін, орын тәртібін білдіріп тұр.

1-тапсырма. Берілген диалогты оқып шығыңыз. Үлгіге сәйкес өз үлгіңізді жазыңыз.
-Сәлем, Айбек
-Қалың қалай Жансая?
-Мен жақсымын! Өзің?
-Менде бәрі жақсы!!
-Айбек саған сұрақ қойсам бола ма?
-Әрине, қоя бер.
-Саған қандай жыл мезгілі ұнайды?
-Маған барлығы ұнайды
-Несімен?
- Енді қарашы. Мысалы жаз. Жазды мен жақсы көрем, себебі, күн ыстық, көлге шомылуға болады, бір жағынан сабақ бітіп жазғы демалыс басталады
-Ия, ол дұрыс
-Енді күз. Күздің ұнайтын себебі, даладағы ағаштардың түстері сарғышқа айналады. Ол маған қатты ұнайды. Күзде сабақ басталады. Күн суық бола бастайды.
-Ол да дұрыс
-Енді қыс. Қыс өзі керемет жыл мезгілі. Мұны дәлелдейді қар. Дала жер беті ақ көрпесін жамылады. Көптеген мерекелер болады, оның бірі жаңа жыл.
-Дұрыс
-Соңғы көктем. Көктем ең көңілді, жайдарлы жыл мезгіл. Дала жылынып, өсімдіктер өсіп шығады. Бұл мезгілде де мерекелер толы. Өзіміздің керемет мерекеміз - Наурызды тойлаймыз.
-Сен дұрыс айтасын Айбек. Сенің сөздеріңе қосыламын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет