1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


БАӨЖ: Қазақстандағы туристтік орындар эссе. Қарапайым деңгей А1



бет80/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

БАӨЖ: Қазақстандағы туристтік орындар эссе.


Қарапайым деңгей А1
9-апта
Жұмыс күні және демалыс
Ауыспалы осы шақ. Ауыспалы осы шақтың болымсыз түрі

Демалыс күндері–қызметкерлерге тағайындалатын демалыс күндері. Аптасына бес күн жұмыс істейтін қызметкерлерге – екі, ал алты күндік жұмыс аптасына бір демалыс күні беріледі. Жалпы демалыс – жексенбі күні болып есептеледі. Мерекелік күндер жұмыс күндеріне сәйкес келген жағдайда ҚР Үкіметі демалыс күндерін басқа демалыс күндеріне ауыстыруға құқылы. Қызметкерлерді демалыс күндерінде жұмысқа шығаруға оның келісімімен ғана жол беріледі.


Қазақстанда жұмысшыларға демалыс уақыты беріледі. Демалыстардың түрлері бірнеше бар:
Бірінші - бұл жұмысшыларға апта сайын берілетін демалыс күндері. Бес күндік жұмыс аптасында қызыметкерлерге аптасына екі демалыс күні беріледі, ал алты күндік жұмыс аптасында бір күн беріледі. Жексенбі жалпы демалыс күні болып табылады. Қурбан айттын біріші күні және 7 қантар православиялық Рождество демалыс күндерге де жатады.
Екінші – бұл мереке күндері. Олар ұлттық және мемлекеттік күндеріне жатады.
Үшінші – жыл сайынғы ақылы еңбек демалыс. Оның екі түрі бар. Олар: негізгі еңбек демалысы және қосымша еңбек демалысы. Негізгі енбек демалыс әр жұмысшыға беріледі. Қосымша еңбек демалысы, ауыр жұмыстарда жұмыс істейтің жұмысшыларға, бірінші және екінші топтардағы мүгедектерге беріледі. Төртінші – әлеуметтік демалыс, оның үш түрі бар. Бірінші – жалақы сақталмайтын демалыс. Екінші – оқу демалысы. Үшінші – баланы (балаларды) тууға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты демалыс.
Жұмысшыларға күнділікті жұмыс ішінде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бір үзіліс беріледі. Жұмысшылардың жұмыстың аяқталуы мен оның келесі күні басталуы арасындағы күнделікті тынығуының ұзақтығы он екі сағаттан кем болмауға тиіс.


Ауыспалы осы шақ
Ауыспалы осы шақ қимыл, іс-әрекеттің дағдылы қалыпта болып тұруын білдіреді. Ауыспалы осы шақ -а, -е, -й тұлғалы көсемшенің жіктелуі арқылы жасалады. Мысалы: Мен келе-мін, Сен ойна-й-сың. Ол бар-а-ды.
Ауыспалы осы шақ түрінің жіктелу үлгісі.
I. Жақ
II. жекеше
III. Көпше
айтамын, келемін, сөйлеймін айтасың, келесің, сөйлейсің айтасыз, келесіз, сөйлейсіз айтады, келеді, сөйлейді айтамыз, келеміз, сөйлесеміз айтасыңдар, келесіңдер, сөйлейсіңдер айтасыздар, келесіздер, сөйлейсіздер айтады, келеді, сөйлейді.
Ауыспалы осы шақ тұлғасы (яғни көсемше түрінің жіктелген түрі) сөйлемде екі түрлі мәнде қолданылады: бірде дағдылы қимылды білдіріп, осы шақ мағынасын берсе, еңді бірде келер шақ мағынасын береді. Сондықтан да осы шақтың бұл тұлғасы ауыспалы деп аталады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет