1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма.Театр өнері туралы ұлағатты аударыңыз



бет91/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

4-тапсырма.Театр өнері туралы ұлағатты аударыңыз.
***
Театр – сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі. (М.Әуезов)
***
Жақсы пьеса – сапалы әдебиет белгісі. (М.Әуезов)
***
Театр ісі нәзік, күшке салуды көтермейді... Қайтадан өңдеп, істеуге болмайды. (Жұмат Шанин)
***
Біздің өмірімізде театр бос думан емес, тіршіліктің ісі, қоғамның өсуіне көмектесетін өнер, жаңа өмірдің насихатшысы. (К.С.Станиславский)


СӨЖ: Кино өнері туралы мәліметтер жазыңыз.
ОСӨЖ: «Театр – тәрбие орны» тақырыбына эссе жазыңыз.
Ортадан жоғары деңгей (В2)
10-апта
Сәулет өнерінің шыңы.
Көп мағыналы сөздер. Синонимдік қатар.

Тамыры тереңде жатқан сәулет өнерінің орта ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан жерінде де пайда болуы мәдениетіміздің озық үлгісі болып танылды. Орта ғасырда сәулет өнері дамыды. Төрт қабырғалы, өзіне тән ою- өрнектерімен безендірілді. Мысалы, Бабажа хатун кесенесі, «Айша Бибі» кесенесі және т.с.с. Көшпенді халық өзіндік сәулет ағымын, ғажайып қала құрылысын жаппай өркендетті. Кезінде шартарапқа әйгілі болған Сауран, Отырар, Тараз, Баласағұн қалалары Жібек жолының бойында бой көтеріп, талай ел саяхатшыларының таңдайын қақтырған. Ірі мәдени орталықтары болған қазақ жері сәулет өнерімен де әлемге белгілі болып отыр.


1998 жыл 6 мамырда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылы 10 маусымда ресми түрде жаңа астананың тұсаукесер тойы өтті.
2002 жылы Еуразияның кіндігі – Астананың төрінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен Елорданың символына айналған «Астана-Бәйтерек» монументі салынды. Бұл монумент қазақ елі тамырын мәуелі бәйтеректей тереңге жіберген ел екенінің дәлелі іспеттес. Монументтің биіктігі 105 метр. Мұнда көркем галерея, үлкен аквариум, мейрамхана және 97 метр биіктікте қаланы жоғарыдан тамашалауға болатын обсерватория –алаң бар.
 


Көп мағыналы сөздер


Тіліміздегі ұзақ уақыт бойы қолданылып келе жатқан байырғы сөздер жаңа сөз, жаңа мағыналар жасауға ұйытқы болды. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын сөздің көп мағыналылығы дейміз. Көп мағыналы сөздер бір негізден таралады да, бір сөз табына қатысты болады. Мысалы:
Бас (зат есім):
1) адамның, айуанның, жәндіктің дене мүшесі;
2) шөптің, ағаштың ең жоғарғы жағы;
3) таудың ең үсті, төбесі;
4) өзеннің, бұлақтың басталған жері;
5) таяқтың ұшы;
6) балтаның, шоттың ұшы бар жағы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет