1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып



бет60/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

Қарапайым деңгей (А1)
7-апта
Уақытқа қатысты сөздерді меңгеру, уақыттың қанша болғанын айта білу. Есептік сан есімдер, қолданысы. Жатыс септігі (іс-қимылдың мезгілін білдіру)
Адамның өмірі уақытпен тығыз байланысты. Ал уақыт ұшқыр, ол қайталанбайды. Біз шартты түрде адамның өміріне қатысты уақытты өткен күн, бүгінгі күн, және ертеңгі күн деп бөлгенмен, бүгінгі күн бәрібір ертеңге айналады. Ойлап қараңыздаршы, кешегі мектеп оқушылары болған сіздер бүгін студентсіздер. Ал ертең маман болып шығасыздар.
Уақыт ұшқыр болғандықтан ол әрқашан санаулы, есептеулі. Сондықтан ол секунд, минут, сағат, күн, тәулік, апта, ай, жыл, ғасыр деп бөлінеді. Осы мысалдағы тізбекте ең үлкен кезең - ол ғасыр. Сол ғасырдың өзі секундтардан тұрады. Небір үлкен оқиғлардың өзі қас қағым сәтте (миг) болады.
Адам мен уақытты бөлек, жеке-жеке қарастыру ешкімнің қолынан келмейді. Адамның қолынан көп нәрселер келеді. Біраз нәрсені жасап өзгерте алады. Бірақ адам уақытқа әсер ете алмайды. Оны өзгерте алмайды. Уақытын бағалап, оның қадірін түсінген адам, ең ақылды, ең бақытты адам. Уақыт көшіне ілесе алмаған адам өмірде де артта қалады. Уақытпен үйлесім таппаған қоғам да өркениет көшінен артта қалады. Қандай істе болсын уақытты ұтымды пайдалану - үлкен өнер.
Есептік сан есімдер, қолданысы.
Есептік сан есім  заттың нақты санын, есебін  білдіреді. Сұрағы: қанша, неше? Есептік сан есім дара: төрт, жетпіс, мың, сегіз, бес, тоғыз; күрделі: алпыс үш, жетпіс тоғыз, он бес, отыз жеті, қырық тоғыз болып келеді. Есептік сан есім сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.
Жатыс септігі (іс-қимылдың мезгілін білдіру)

Бұл септіктің қосымшалары -да,-де,-та,-те,-нда,-нде. Жатыс септіктің басты мағыналары мыналар:


- істің, қимылдың болып жатқан орнын, мекенін білдіреді. Мысалы, Аспанда тырналар да тізіліп ұшып барады (М. Дулатов).
- жатыс септігіндегі сөз істің, қимылдың қай уақытта, қай мерзімде өткендігін білдіреді. Мысалы, Сабақ қыркүйектің басында басталады дегенге, ауылдан Ботагөз ерте шығып, қалаға келгеніне айға жақындап қалған (С. Мұқанов).
Жатыс септіктің қосымшасыз қолданылуы өте сирек кездеседі. Тек қана бірыңғай мүшелерде жатыс септігі жалғауы түсіп қалады. Мысалы, Солтүстік Африка мен Аравияда мүйізі бар улы сұр жыландар өмір сүреді (журналдан).
Жатыс септігінде қолданылған сөздер мезгіл, мекен пысықгауыш және жанама толықтауыш қызметін атқарады. Мысалы, Кейбір жерлерде қоянның кеуегі тәрізді қуыстар кездеседі. Көктемде сай-сала суға толды. Жылқыда өт жоқ, өсер малда өлім жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет