1 апта Қарапайым деңгей Коммуникацияға қатысу Грамматикалық тақырып


-тапсырма Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, буынға бөліп көшіріп жазыңдар да, олардың қандай буындар екенін ажыратыңдар



бет52/137
Дата11.09.2023
өлшемі295.49 Kb.
#477090
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137
УМКД каз яз 1-сем сабак

1-тапсырма Төмендегі сөздердің мағыналарын анықтап, буынға бөліп көшіріп жазыңдар да, олардың қандай буындар екенін ажыратыңдар.

Бала. Шаруалар. Мейірім. Келешегіміз. Сабыр. Құрылыс. Мәлімдеме. Сыйлық. Қайың. Алатау. Жарыс. Мәдениет. Керемет сапар. Сұлулық. Күнтізбе.

2-тапсырма Төмендегі сөздерді оқып, көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қойып, сөздерді көшіріп жазыңдар.
Ө...імдік. Жол...арыс. ...р...мш...к. Се...ім. Ж...л...ас. Әс...м. К...рес. Б...стық. Ү...ірме. Көрм.... Ас...қ.

3-тапсырма Төмендегі кісі аттарының жазылу емлелерін есте сақтап, оларды алфавит ретімен жазыңдар.

Фариза, Ырыскелді, Раушан, Орынша, Сақып, Тоқмырза, Еркебұлан, Жұлдыз, Ахмет, Үміт, Гүлім, Зейнелбек, Ұлжан, Әсем, Досжан, Назым, Мәулен, Өтеген, Хамит.

4-тапсырма Берілген сөздер ішінен ілгерінді, кейінді, тоғыспалы ықпалдарды топтап, жазылу себебін түсіндіріңдер.

Жанпейіс, жүрегі, өзімшіл, емшан, аспен, тоқтық, көктемгі, басқа, табамын, Боранқұл, Қазанқап, жазса, көршілер, ашса, Талдықорған.


Жоғары деңгей С1
5-апта
Ауру-астан. Лебізде синонимдік, омонимдік,антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау,семантикалық ерекшеліктерін айыру.

Ас – өмірдің көзі екені рас. Таңдап, талғап жейтін дәрумендері ағзаға пайда әкелетін ас-судың жөні бөлек. Дегенмен, қазір ұй­қыға кеткенше ықылық атып тойып, ас ішетіндер жетіп артылады. Соның зар­дабы болар, тіпті, жасы отызға жетер-жетпесте қарын­дары шығып, демігіп қала­тын азаматтар мен келін­шек­тер көбейіп кетті. Бұл – жалғыз бізде емес, әлемнің біраз елде­рін­де қалыптасқан ахуал. Айталық, еуропа елдерін­де көпшілік жылдам дайын­­да­ла­тын «хот-дог», «гам­бур­герді» оқу орын­дары, мектептерде сатуға тыйым салды. Өйт­кені, жыл­дам ас жеу мен майлы тамақ­тан мектеп оқушыла­рының, жастардың арасын­да ша­ма­дан тыс сал­мақ қосып, семіздік ауруы­на шал­дық­қандар аз емес кө­рінеді. «Хот-дог» пен «гамбур­герлер», «твис­тер» не­­ме­се осы тақылет­тес дәм­­дер сататын орындар Аста­нада да жетіп артылады. Фаст-фудттарда иі­сін бұрқыратып, тез жасайтын дәмдердің құра­мын­да май, химиялық қоспа­­ларға қоса, түрлі дәм­­деуіш­­тер баршылық. Олар семіруге көп әсер етеді. Зерт­­теу­­шілердің ай­туы­на қара­ғанда, жер шары тұрғын­дарының 30-35 пайызы семіз­діктен зардап шегеді екен. Бұл – бір, екіншіден, қазір асқазан-ішек, жүрек-қан тамырлары, қант диабеті сынды аурулар көбейді. Мұндай сырқат­тардың себебі, асты жөнсіз көп әрі асығыс ішіп-жегеннен дейді дәрігерлер. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының дерек­тері бойынша, аурулардың 80%-ы белгілі бір дәрежеде тамақтануға байланысты, ал дерттердің 40%-ы тамақ­тану факторына тіке­лей байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   137




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет