Жоғары деңгей (С1)
6-апта
Қазақстандағы экологиялық проблемалар.
Қазақтар – тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын айтсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық - "экология" деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И. Мичуриннің "Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек",- деген ұранымен оқытты. Қаһарман халқымыз тауды бұзып, тасты жарып, жерді терең қазып, өзен-көлді бұғалықтап, ел үшін біраз игі істерді жүзеге асырды. Ғылыми-техникалық революция болды. Көптеген көп тонналық өнер кәсіптер іске қосылды. Сол кездерде мұның қызығын да көрді. Өкінішке орай, ғылым мен техниканың ғаламат жетістіктері және шапшаң дамуы, адамзаттың барғансайын аш көздікпен табиғатты тонауы, биосферадағы жаратылыстың тепе-тендік заңдарын бұзды.
Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін квантор сөздер:
жалғыз, біреу, жарты, жарым, негіз, қос, сыңар, ширек. Көптік ұғымды білдіретін сөздер: халық, топ, үйге, табын.
1-Тапсырма. Аударма жұмысын жасаңыз.
Қазақстанның көптеген аудандары, бүгінгі күнде де экологиялық мүшкіл хал кешіп отыр. Қоршаған ортаны қорғау шараларына, республикамыз бір шама мөлшерде мемлекеттік және орталықтандырған түрде күрделі қаржы бөліп отыр. Алайда, мұның бәрі, республиканың ұлттық табысының 1%-на де жетпейді. Табиғат корғау шараларына бөлінген қаржының 50-60%-дық игеру үлесі, Қазақстанның ірі кәсіп орындарына тиесілі. Экожүйелердегі тұрақсыздық, табиғи-шаруашылық қорларының интенсивті түрде игерілуі (мысалы тау-кен өндірісі), жер-су қорларына үсті-үстіне келіп жатқан антропогенді салмақтың жаншыпезуі, қоршаған орта жағдайын барғансайын нашарлатуда.
2-тапсырма. Лексика-семантикалық жағынан сандық ұғымды білдіретін квантор сөздерді пайдалана отырып сөйлем құраңыз
Жұп, егіз, бойдақ, дует, трио, жалғыз, жұп – жұбымен, сыңар, квартет, онкүндік, жалғыз бала; жалғыз ағаш; жалғыз - ақ; жалғыз қалу; жалғыз аяқ жол.
3-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыз.
Жақсы өмір сүргін келсе, ...
Көп ақша тауып алсам, ...
Егер мен президент болсам, ...
Егер мен шетелге барсам, ...
Егер мен миллионер болсам, ...
4-тапсырма. Мақал - мәтелдерді аударып, мәнін түсіндіріңіз.
1.Не имей сто рублей, а имей сто друзей.
2.Копейка рубль бережет.
3.Деньги любят счет.
Достарыңызбен бөлісу: |