1 Аудармашылық трансформацияларды меңгерудің теоретикалық негіздері


Баяндауышты аудару кезінде пайда болатын синтактикалық трансформациялар



бет15/16
Дата19.02.2022
өлшемі99.77 Kb.
#455533
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Мақаш Айнұр

1.3.8 Баяндауышты аудару кезінде пайда болатын синтактикалық трансформациялар

Аударма кезінде көптеген, сан қилы трансформациялар жүзеге асса да аудармашы оларды не себепті қолданатынын, яғни мәтінді интуиция деңгейінде трансформациялағанына немесе сол трансформациялардың дәл сол аударма кезінде шартты болғанына өз-өзіне есеп бере алмайды. Ол тек сана деңгейінде трансформацияларды қолданып, оларды аударма процесінде жүйелі түрде енгізу керектігін түсінеді.


Аудармашылық трансформациялардың қолдануын әр лингвист өзінше түсіндіреді. Г.М.Стрелковский аудармашылық трансформациялардың аударма кезінде жүйелі қолдануын былайша түсіндіреді : «Аудармашы аудармаға берілген ақпаратты аудармаға берушіден белгілі бір тілдік шығарма ретінде қабылдайды.Әдетте дәл осы тілдік шығармаларда коммуникативті бағыт көрсетіледі.Демек аудармашы үшін бір тілден екінші тілге коммуникативті бағытты дұрыс жеткізе білу мақсаты туындайды. Аударма кезіндегі маңызды талап ол аударманың дәлдігі, ол дегеніміз негізгі тілдің аударма тіліндегі сай, тура бірліктерін табу емес, функционалды жақындастықты жеткізе білу. Дәл аударма деп тілдік шығарманың аударма кезінде аударма тіліндегі толықтай мағыналық эквиваленттерге ие болуы деуге болады ».
Латышев аудармашылық трансформациялардың қолдануының негізгі үш себебін атап кеткен болатын, олар :
Аудармаға берілген мәтіннің тілі мен аударма тілдерің жүйелерінің әр түрлі болуында. Төмендегідей айырмашылықтар :
а) тілдердің біреуіне екіншісіне сай келмейтін, тән емес категориялардың болуы.
б) бір категорияның ішінде айырмашылықтардың болуы.
в) негізгі тіл мен аударма тіліндегі лингвистикалық категориялар бір-біріне сай келе бермейді.
2. Негізгі тіл мен аударма тілінің нормаларының сай келмеуі.Нормалардың сай келмеу мысалдарымен біз негізгі мәтіннің түсінікті болып, алайда аударма кезінде фразалардың мағыналарын жоғалтып алған кездерінде кездесеміз.
3.Узустың сәйкес келмеуі.Узус – тілдің ситуативті дұрыс пайдаланылуы. Узус тілдің негізгі қасиеттері мен даідыларын айрықша түрле көрсетеді.
А.Ф.Архипов аудармашылық трансформациялардың қолданылуының жалпы 8 түрлі мотивациясые атап өтеді :
1.Аударма кезінде бірліктерлің сәйкес келу нормаларын бұзбау үшін, буквализмдерді қолданбау үшін.
2.Аударманы идиоматизитивалау үшін, яғни аударма тілінде кеңінен қолданылатын сөз тіркестері мен констркуцияларды қолдану үшін.
3.Тіларалық айырмашылықтарды басып өту үшін.
4.Аударма тіліне сай келмейтін бөтен сөз тіркестері мен сөз тудырушы модельдерді қолданбау үшін.
5.Этикаға сай келмейтін артық сөйлеу, қайталаулар мен логикалық жағынан өрескел сөз тіркестерін болдырмау үшін.
6.Аударманың компактты болуын қамтамасыз болуы үшін.
7.Тыңдаушыға артық ақпараттан арылып, негізгі ақпаратты жеткізу үшін.
8.Аударма кезінде негізгі тілдің айшықтылығы мен сөздік қорын молынан жеткізу үшін.
Е.В.Бреустың пікірінше аудармашылық трансформациялар дегеніміз : «Негізгі мәтіннің мазмұны аударма кезінде аудармашылық сәйкестіктер арқылы беріледі, яғни аударма кезінде аудармашылық трансформацияларды қолданылмау мүмкін емес.Осылайша аудармашы аударма жасау барысында сан қилы трансформацияларды қолданылуы заңдылық ».



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет