1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық және басқа



Pdf көрінісі
бет118/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

5.8.Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық және басқа
инженерлік ғимараттарды орналастыру.
Территорияны инженерлік жабдықтандыру объектілеріне мыналар
жатады:
-ішкі шаруашылықтық жолдар;
-мелиоративтік құрылыстың объектілері (суландыру, кептіру) және
олардың негізгі ғимараттары (тоған, су қоймасы, лимандар, магистралдық
каналдар, коллекторлар, басқа негізгі су іткізуші және қоршау жүйелері
(проводящая и ограждающая сеть);
-суландыру және сумен қамтамасыздандыру объектілері;
-негізгі орман мелиоративтік және гидротехникалық эрозияға қарсы
күресу объектілері, орман көшеттері, гидротехникалық ғимараттар.
Жобаның бұл білігіне а/ш алқаптарын ұйымдастыруда және
орналастыруда өте үлкен әсерін тигізетін, ең басты және құрылысына өте көп
қаражат кететін, территорияны жабдықтандырудың негізгі объектілері кіреді.
Бұндай объектілерді орналастыру жобаның басқа біліктерімен
үйлестіріле, қабылданған жоба шешімдерін тексере отырып, жүргізіледі.
Территорияда орналасуына байланысты бұл объектілер ұзын және
аудандық болып біліледі. Олардың пайдалану мақсаты, алып жатқан жері,
орналасу жағдайы, орналасуына қойылатын талаптар, салуға және
пайдалануға шығатын қаражаттардың мөлшерлері әртүрлі болады.
Территорияны инженерлік жабдықтандыруда келесі негізгі талаптар
қойылады:
1. Бұл объектілердің орналасуы жұмыс жүргізуге ыңғайлы болуы және
жердің пайдалануын жақсартуы керек.
2. Өндіріске жақсы территориялық жағдай жасау үшін және жерді
тиімді пайдалану үшін. Оларды ізара және жобаның басқа біліктерімен және
элементтерімен үйлестіре орналастыру.
3. Территорияны жабдықтандыру обћектілеріне ең тиімсіз а/ш
пайдаланылмайтын, өнімсіз жерлерде берілуі керек) қажеттілігіне сәйкес
неғұрлым аз берілуі керек.
4. Объектілерді орналастыруда техникалық және табиғатты қорғау
талаптарын орындау қажет.
5. Құрылысқа және салынған ғимараттарды пайдалануға кететін
қаржылар неғұрлым аз болулары керек.
Жоғарыда айтылған территорияны инженерлік жабдықтау объектілерін
орналастыруға қойылатын талаптар әрқашанда барлығы орындалуы мүмкін
емес. Сондықтан жобалауда әр жағдайда осы талаптардың ең алдымен
орындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет