165
Сәйкестендіру құжатын функционалдық аймақ көрсетілген құжатқа
ауыстыру құқық иеленушінің өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Тротуарлар мен велосипед жолдарын қоспағанда, ортақ пайдаланылатын
жерден жер учаскелерi азаматтар мен заңды тұлғаларға ортақ пайдалануға
нұқсан келтiрмей, жеңiл үлгiдегi құрылысжайларды (сауда шатырларын
(павильондарды), киоскiлердi, сыртқы (көрнекі) жарнама объектiлерiн және
басқа да сервис объектiлерiн) орналастыру үшiн уақытша жер пайдалануға
берiлуi мүмкiн. Бұл ретте ортақ пайдаланудағы жер құрамынан, оның
iшiнде сауда базарлары, ақылы автотұрақтар (автомобиль қоятын орындар)
үшін, Алматы қаласының ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасы
астанасының мәртебесі туралы заңнамалық актіге сәйкес республикалық
маңызы бар қала, астана көшелерінің бойындағы оқшауланған белдеулерде
орналасқан ақылы автотұрақтарды (автомобиль қоятын орындарды)
қоспағанда, жол (көше, өтпелi жолдар) жиегiнен учаскелер беруге жол
берiлмейдi.
Достарыңызбен бөлісу: