160
Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда,
жер учаскесiнiң жаңа жалға алушысы жалға берушiнiң алдында жер
учаскесiн жалдау шарты бойынша жауапты болады.
Жалға берiлетiн жер учаскесiн үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың
меншiк иелерi сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк
меншiктегi жер учаскесiн сату кезiнде осы жер учаскесiн жалға алушының
ортақ меншiк құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға сатуы үшiн Қазақстан
Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып
алуға басым құқығы болады.
Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:
1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:
Қазақстан Республикасының азаматтарына – 10 жылдан 49 жылға
дейінгі мерзімге;
оралмандарға – 25 жылға дейінгі мерзімге;
2) ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына
қырық тоғыз жылға дейінгі мерзімге;
Достарыңызбен бөлісу: