Бақылау сеансын аяқтау Пункттегі жер серігін бақылауды аяқтау алдын ала құрылған кестеге
сәйкес жүзеге асырылады. Байланыс арнасы болған кезде оператор орталық
пунктке өзі пунктінде бақылауды аяқтауға дайын екені жөнінде хабар береді.
Соңғы кезеңде геодезиялық марка үстінен антеннаны орнату биіктігін
қайта өлшеуді жүргізіп, бұл мәнді клавиатура арқылы қабылдағыш
жадысына енгізу ұсынылады. Жұмыс режимінен шығу да клавиатура арқылы
жүргізіледі. Осы кезде қабылдағыштың есте сақтау құрылғысында
жинақталған ақпараттардың бекітілуін және аппаратураны бастапқы күйін
келтіреді. Ал мұнда осы аппаратураға енгізілген программалық
қамтамасыздануды қарастыратын жазылған операцияларды жүйелі орындау
айтылады. Содан кейін қабыл дағыштан электр көзін өшіріп қоюға болады.
Жинақталған ақпараттарды сақтау Есте сақтау құрылғысының сыйымдылығы толғанда деректер дербес
комьпютерге көшіріледі. Деректер көшірілісімен, оларды кейінгі өңдеуге,
қабылдауға, файлдар ретінде дискіде сақтауға не RINEX форматының ASCII
файлдарына түрлендіруге болады. Ақпаратты сақтау қолайлығы үшін каталог
құрамын ұстану ұсынылады. «Объект аты» деген каталогты, қажет болғанда
программалық дерек архиваторларын қолданып, мұрағаттауға болады.
Жұмысты
аяқтаған
соң
орындаушылар
жерсеріктік
торап
пункттеріндегі далалық өлшеулер нәтижелері бар файлдарды, дала
журналдарын, марка көшірмелерін береді. Сонымен қатар, абристері бар
зерттеу карточкаларын, зерттеу сызбанұсқаларды, жойылған пункттер мен
реперлердің тізімін, зерттелген реперлердің нақты орындары мен пункттерді
243
алмастыру негіздемесі бар түсіндіру қағазын да береді. Материалдар
нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сай даярланады.
6. CREDO_ТОПОПЛАН жүйесі жұмысының жалпы қағидаттары және