1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет180/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

функционалдық мүмкіндіктері.
6.1. Тахеометрді бастапқы дирекциялық бұрышқа қатысты бағдарлау.
Электрондық тахеометр - жер бетінде горизонталь бұрышты,
горизонталь арақашықтықты және биік айырымды өлшеуге арналған
топографиялық электрондық-оптикалық аспап. Электрондық тахеометрдің
құрылымында кодтық теодолит пен шағын жарық қашықтық өлшеуіш
біріктірілген. Көздеу нысанасы ретінде шағын габаритті призмалық
шағылдырғышы бар арнайы қада қолданылады. Өлшеу процесі
автоматтандырылған. Арақашыктықты, горизонталь және вертикаль
бағыттарды өлшеу нәтижелері электрондық цифрлық таблода көрінеді және
бір мезгілде ақпаратты жинағышта тіркелуі мүмкін.
Перфорациялық
тіркеудің мәні далалық өлшеу аспабының мамандандырылған электрондық
есептеу машинасымен қосылуында, ол дала өлшеулерінің мәліметтері
бойынша автоматты түрде жергілікті жердің түсіру планын сызады.
Электрондық тахеометрдің көмегімен биікайырымды анықтау, көлбеу
қашықтықты горизонталь жазықтыққа келтірудің автоматты түрде
атқарылуы, сондай- ақ жарықтың ауада таралу жылдамдығы үшін түзету
автоматты
түрде
есепке
алынуы
мүмкін.
Тахеометр
жинағына
шағылдырғыштар, штативтер, қоректендіру көздері, зарядтау құрылғысы,
аспапты жөндеу және күтіп-баптау жабдықтары кіреді. Түнде жұмыс істеуге
арналған жабдығы болады. Цифрлық таблоға берілетін жедел ақпараттың
және жадыдағы ақпараттық жинағышқа шығарылуына мүмкіндік бар.
Кадастр жұмыстарында электронды тахеомехрлермен жұмыс жасаудың
тиімділігі. Қазіргі кездегі дәлдігі мен өнімділігі жоғары геодезиялық өлшеу
аспаптарына электронды теодолиттер мен тахеометрлер жатады. Олар
арқылы барлық өлшеулерді автоматтандырылған режимде орындауға
мүмкіндік туды. Бұндай өлшеу аспаптары өлшеу нәтижелерін тіркеу және
сақтау, әрі қарай ЭЕМ-ы арқылы өңдеуге мүмкіндік беретін есептеу және
ақпараттарды сақтау құралдарымен жабдықталған. Дыбыс арқылы
топографиялық-геодезиялық ақпараттарды далалық жағдайда өңдеу еңбек
өнімділігін арттырады және есеп алушының қателерін азайтады.
Бұрыш өлшеуіш бөлігімен горизонталь және вертикаль бұрыштар
өлшеніп, сәулелі арақашықтық өлшеуіш арқылы ұзындық анықталады, ал
ЭЕМ әр түрлі геодезиялық есептерді шығаруды, аспаптың жұмысын
басқаруды, өлшеу нәтижелерін бақылауды және оларды сақтауды
қамтамасыз етеді. Мысал ретінде Ресейде шығарылатын электрондық ТаЗМ
тахеометрін атауға болады: ол арқылы горизонталь бұрыштарды, зенит
аралығын, көлбеу аралықты 10 мм үйлеспеушілікпен анықтауға болады және
горизонталь салындылар, өзара биіктіктер, көздеу биіктіктері, координата
өсімшелері немесе көздеу нүктелерінің координаталары анықталады.


244
Аспап үш режимде жұмыс істей алады: жекеленген, жартылай
автоматты, автоматты және бақылау режимінде. Геодезиялық есептер
атмосфераның
рефракциясын, жердің
қисықтығын, температураны,
қысымды, аспап штативтерінің және шағылыстырушылар биіктіктерінің
айырмашылықтарын есепке ала отырып шығарылады. Бұрыштық өлшемдер
градустар мен гон арқылы өлшенеді. Аспаптың бұрыштың сезгісі кодты
жинағыш
типті
болып
келеді.
Тахеометрдің
жиынтығында
шағылыстырушылар, штативтер, ток көзі, заряд беру, зарядты жою
құрылғылары, аспапты түзету және күту жабдықтары кіреді.
Түнде жүмыс істеу үшін ТаЗМ тахеометрі электр жабдығымен
қамтамасыз етілген. Цифрлық таблоға түсетін оперативтік ақпаратты
тахеометрдің жадысына немесе сыртқы жинағышқа енгізуге болады.
Ресейде шығарылатын 2Та5 тахеометрі ТаЗМ атқаратын жұмыстарды
орындайды, бірақ оның техникалық сипаттамалары өзгеше: горизонталь
бұрыш өлшеу қателігі - 5", зенит аралығын өлшеу қателігі - 7", көлбеу
аралықты өлшеу қатесі - (5+3D км) мм. Шетелдік фирмалар (АҚШ,
Германия, Швеция, Жапония және басқа) бұрыш өлшеу дәлдігі 0,5-тан 20"-қа
дейін, арақашықтық өлшеу дәлдігі 2-ден 10 мм-ге дейін, ішкі жады 10000
нүкте бойынша бақылау нәтижелерін сақтай алатын әр түрлі электронды
тахеометрлер шығарады. Роботталған электронды тахеометрлер де
баршылық, мысалы, «Геотроникс» (Швеция) фирмасының «Геодиметр-640»
электронды
тахеометрі
берілген
бағдарлама
бойынша
шағылыстырушылардың орнын өзі таба алады, оларға дейінгі аралықты,
горизонталь
және
вертикаль
бұрыштарды
өлшейді
және
әр
шағылыстырушының координаталарын есептейді. Карьерлерде бұндай
аспаптардың
көмегімен
карьер
ернеулерінің,
кертпештерінің
деформацияларын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   176   177   178   179   180   181   182   183   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет