1 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы


 Сатуды және бөлуді, жарнаманы және сатуды ынталандыру



Pdf көрінісі
бет37/208
Дата09.08.2023
өлшемі5.11 Mb.
#476025
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   208
61. kz 151104 3 Техник

13. Сатуды және бөлуді, жарнаманы және сатуды ынталандыру
13.1. Сату саясаты және маркетинг жүйесі
«Маркетинг» термині ағылшынша «market» (нарық) сөзінен шыққан
және дәл мағынасы нарықпен байланыста кәсіпкерлік әрекетті білдіреді.
«Нарық» түсінігі осы цикілдің соңғы түсінігі «маркетингке» жетелейді.
Маркетинг-ол нарыққа қай жағынан да қатынасы бар адам әрекеттері.
Маркетинг- адамдардың мұқтаждығы мен тұтынысын қанағаттандыруды
мақсат етіп, алмастыру арқылы нарықта жұмыс атқару. Сонымен, маркетинг-
мұқтаждық және тұтыныс қажеттерін алмастыру арқылы орындауға арналған
адамзат әрекеттері деген анықтамамызға қайта ораламыз.
Маркетингтік мақсаттар фирманың өз мақсатына жетуін қамтамасыз
етеді. Бұл мақсаттар сан арқылы көрсетіледі және нақты, уақыты шектеулі,
икемді болып келеді, әр түрлі жағдайларға қарай түзетуге келетін мақсаттар
болуы мүмкін.Мақсаттар сатысында, әрине, алғашқы орын фирманың табиғи
мақсаты болып саналатын – үнемі пайда түсіру және оны көп шамалау болып
табылады. Көптеген американдық батыс еуропалық, ресейлік және
қазақстандық фирмалар пайданы өзінің қызметінің негізгі мақсаты ретінде
қарастырады. Қазіргі жағдайдағы маркентингті басты мақсаты – адам
факторы, бизнес әлемінде табысты дамып келе жатқан компаниялардың
басшылары оны жандандыру мәселесі – фирмамен маркетингтің мұратына
жету үшін керек маңыздылардың бірі деп санайды [2].
Бөлшектеп сатып алу-сату шартының осы ерекшелігі оны жасасу
тәртібіне де әсер етеді. Көбінесе ұсынушы (оферент) бұл сатушы, ал шарт
жасасу туралы ұсыныс (оферта) деп аталады. Бөлшектеп сатып алу-сату
шарты тараптар шарттың заты, бағасы және тиісті қажеттілігі туралы кемінде
бір тарап айтатын өзге жағдайлар бойынша келісімге келген сәттен бастап
жасалған болып табылады.
Ұсынысты қабылдау (акцепт) туралы айтып кетейік. Сатып алушы
тарабының ол көпшілік жағдайларда тауардың бағасын төлеу арқылы
жасалады. Бөлшектеп сатып алу-сату шартының нысаны. Әдетте бөлшектеп
сатып алу-сату шарттарының нысаны ауызша болып келеді, сонымен қатар
бұл шарттарды жазбаша нысанда жасау мүмкіншілігі де жоққа шығармайды.
Жазбаша нысан тараптардың құқықтары мен міндеттері болашақ уақытқа
арналса орынды болып келеді. Мысалы, тауарлар алдын-ала тапсырыстар
негізінде, пошта арқылы жіберу жолымен сатылады, жеңіл автокөлік
сатылады ж.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   208




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет