1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ЛУКРЕЦИЙ, Кар Тит Лукреций



Pdf көрінісі
бет121/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЛУКРЕЦИЙ, Кар Тит Лукреций (шамамен б.д.д.99–
б.д.55ж.ж.) — римдік ақын әрі философ. Көрнекті атомистік 
материализмнің өкілі, Эпикур ілімін жалғастырушы. Негізгі 
еңбегі: «Заттардың табиғаты туралы». Лукреций Эпикур 
сияқты 
атомдардың 
қозғалысы 
барысында 
ауытқуы 
материалдық денелерді қалыптастырады, ал олардың пайда 
болуы және өзгеріп, дамуы қатал себептілік заңына бағынады 
дейді. Бұл заңдылық адам тағдырына бейтараптықпен қарап, 
олардың қайғы-қасіреттерін көбейтеді. Осыған қарамастан, 
адамдар тағдырға мойынұсынбаулары, керісінше, қолдарынан келгенінше 
тағдырдың тәлкегінен тәуелсіз болуға ұмтылулары керек. Ол әлемдегі 
заттардың бәрі себептілік заңына бағынады десе, оларда себептілік заңынан 
басқа жасырын күштің бар екенін мойындайды. Бірақ ол, Құдайға 
байланысты емес, себебі құдай жердегі өмірге араласпайды.
ЛЮТЕР, Мартин Лютер (1483–1546) — неміс ойшылы 
және 
қоғам 
қайраткері, 
Германиядағы 
бюргерлік 
реформалаудың басшысы (алғаш рет Библияны неміс тіліне 
аударған), немістің протестантизмнің (лютерандық) негізін 
салушы, жалпы немістік әдеби тілді құрастырушылардың 
бірі әрі теология докторы. Шығармалары: «Лекции о 
Послании к Римлянам», «95-тезисов об индульгенциях», «К 
христианскому 
дворянству 
немецкой 
нации», 
«О 
вавилонском пленении церкви», «Письмо Мюльпфорту», «Открытое письмо 
папе Льву-Х», «О свободе христианина», «Против проклятой буллы 
Антихриста», «О рабстве воли», «Большой и малый Катехизис», «Похвала 
музыке», «О евреях и их лжи» және т.б. Лютерге XIV-ғасырдағы 
мистиктердің идеялары жақын; «адамның ішкі жан дүниесінің» құдаймен 
бірлігі туралы» ілімді Лютер «сеніммен ақтау» іліміне аударған: бірлік - 


297 
сенімі, рухты сақтаудың шарты; игі істер - сақтануға жеткілікті жол емес, тек 
сенімді көрсетудің жемісі деп санаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет