1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет164/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   236
Totin Filosofia (1)

ЮНГ, Карл Густав Юнг (1875–1961) — психоанализдің 
жаңа бейнесін, бейсаналықтың басқа типін, яғни «ұжымдық 
бейсаналық» түсінігін ұсынған, швейцарлық психолог әрі 
мәдениеттанушы және З.Фрейдтің ең жақын шәкірті. 
Ұжымдық бейсаналық туралы, тұлғаның екі орталығы – «эго» 
мен «өздік болмыс» туралы ілімге сүйенген Юнг тұлғалардың 
психологиялық типологиясын жасаған. Ежелгінің адамдары, 
дейді ол, тұлғалардың, мінездердің типологиясын ұсынған 
және оны аффективті өмірдің ерекшеліктеріне негіздеп, соңғысының жердің, 
судың, ауаның, оттың ғарыштық элементтерімен байланысын анықтаған. 
Адам ағзасында да сол элементтерге сәйкес келетін «сөлдер» жиналады және 
олардың 
қайсібірінің 
басымдылығы 
белгілі 
бір 
темпераментті 
қалыптастырады. Юнг өзінің алдында болғандардың еңбектерін бағаласа да, 
олардың ойлау жүйесіне ермейді, яғни ішкіден, психикалықтан сыртқы 
физикалыққа қарай жүруді негіздейді, психологиялық типологияны жасап, 
өткеннің көптеген философиялық ілімдерінде ұқсас нәрселерді табады. 
ЯСПЕРС, Карл Теодор Джасперс (1883–1969) — неміс 
философы, психологы әрі психиатры, экзистенциализмнің 
басты өкілдерінің бірі. Шығармалары: «Жалпы психология», 
«Философия және дүние», «Философия» (3-т), «Үміт және 
қамқорлық», «Біздің заманғы парасат пен бейпарасаттық», 
«Экзистенциалдық философия», «Тарихтың қайнар көздері 
және оның мақсаты», «Уақыттың рухани ахуалы», «Тарихтың 
мағынасы мен арнаулылығы», «Философиялық сенім», «Ұлы 
философтар», т.б. Идеясы: ол өз ілімінде рационалистік идеялардан бас 
тартып, философияны ғылым түрінде қарастырудың қажеттігіне шек қойып,
шынайы философия деп философиялық ой кешу үрдісінің өзін атаған. Әрбір 
адам философиялық ой кешуге бейім, олар өзін тыңдаушыларын тауып
қобалжытқан ойларын айтып жеткізіп, шынайы қарым-қатынастарға жол 
салуға талпынады. Философия сондықтан ішкі, рухани, үрдіс, ол дүниені 
белсенді түрде өзгертуге бағытталмаған, оның басты мақсатыболмысты 
сана елегінен өткізу, махаббат сезімін аялау, тыныштық орнату.


333 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет