ДАО — қытай тіл. ауд. – «жол» қытай философиясының ең басты ұғымы.
Дао бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен
қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі,
әрбір бастаманың басы. Дао барлығынан бұрын пайда болған,
диференциалданбаған біртұтастық, «құпия сәйкестік», бойында барлық
символдар мен заттар бар.
ДАОСИЗМ — ежелгі Қытай философиясындағы бір бағыт, ежелгі қытай
діні. Оның негізін қалаушы ақылгөй Лао–цзы. Европалық ғылымда Қытай
философиясының негізгі бағыттарының бірі мен дәстүрлі дінін білдіретін
термин. Дао цзя, дао цзяо іліміне сәйкес келеді. Даосизм философиясында
Дао барлық бар нәрсенің субстанциялық заңдылығы, ғарыш, адам, қоғамның
мезгілсіз болмыс заңы, тудырушы бастау, формаға ие болған заттардың
генетикалық алғышарты, жол, циклдік уақыт принципі, әлемнің
онтологиялық мәнімен бірігуге талпынған адамның өмірлік жолы.
Даосизмнің пайда болуының алғышарттары ежелгі діни сенімдерде. Оның
түптамыры Шу патшалығындағы шамандық сенімдермен және магтар,
сиқыршылар ілімдерімен байланысты болуы мүмкін. Даосизмнің әдебиетке,
өнерге және т.б. қытай мәдениетінің аспектілеріне елеулі ықпалы болған.
Даосизм дәстүрлі медицинаға әсері теория жүзінде де (адам денесінің
Әлемнің құрылымына сәйкестігі, организмнің тіршілік етуі мен құрылымы
туралы ілімдер), практика жүзінде де (инемен емдеу, фармакология) елеулі.
VIIғ. Даосизм Кореяға – Когуре мемлекетіне енді. Жапонияда синтоизмге де
өз ықпалын тигізді. Қазіргі күні ҚХР-да даосизмді ұстанушылар
Ассоциациясы бар. Даосизм Тайвань мен Гонгконгта өте танымал.
ДАРВИНИЗМ — тірі табиғаттың эволюциясы (тарихи дамуы) туралы ХІХғ.
аяғы мен ХХ ғ. басында пайда болған ғылыми ағым.
ДЕДУКЦИЯ (лат. - шығару, қорытындылау) — ой қозғалысы процесінің,
ойлаудың әмбебаптықтан ерекше арқылы жекелікке өтуі, оның ерекшелігі –
дұрыс қорытынды шығарылады. Нәрсенің белгісінің белгісі сол нәрсенің
өзінің белгісі болады.
ДЕИЗМ (грекш. - «део», «тео» – Құдай дегенді білдіреді) — Құдай дүниені
бірден алғашқыда жаратып, кейін оның дамуына араласпайды, дүние өз
бетінше дамиды деп ұғынатын философиялық бағыт, Деистерге көбінесе
XVIIIғ. француз ағартушылары жатады. Деистер материя мен рухты (сананы)
қарсы қоймаған, материяның рухтануын, жандануын мойындаған.
Достарыңызбен бөлісу: |