1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНИЗМ



Pdf көрінісі
бет179/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   236
Totin Filosofia (1)

ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДЕТЕРМИНИЗМ — қоғам дамуында халық, 
тұрғындарға олардың өсіп-өнуіне абсолюттік мән беру (Мальтус теориясы). 


347 
ДЕМОКРАТИЯ — сөзбе-сөз аударғанда «халық билігі»; саяси тәртіп 
(режим) немесе мемлекеттің формасы, онда билік көпшіліктің қолына 
көшеді. 
ДЕОМОНОЛОГИЯ — төмен мифология (грек тіл. ауд. – рух, құдай) 
зұлымдық жасайтын жын-шайтан, басқа да күш туралы мифологиялық таным 
мен сенімнің жиынтық кешені, төменгі ілім. 
ДЕКОНСТРУКЦИЯ — француз постмодернисі Жак Дерриданың концепті. 
Деконструкция 
бейклассикалық 
гуманитаристиканың 
кейінгі 
бейклассикалық, яғни постмодернистік гуманитаристикаға қарай өтуін 
білдіреді. Деконструкция – біріншілік нәрсе (таңбаланушы) екіншілік нәрсе 
(таңбалаушы) арқылы көрініс табатын репрезентация мен таңба логикасының 
дәуірі 
аяқталатынын 
білдіреді. 
Деконструкция 
иерархияны 
(бағыныштылықты) жоққа шығарып, мәдениет дискурсын демократияшыл 
және төзімді етеді. 
ДЕМИМИФОЛОГИЗАЦИЯ — діни философтар мен теологтар қасиетті 
мәтіндерді қазіргі заман тіліне аударғанда қолданатын методологиялық 
тәсілдерді белгілеуге арналған термин. 
ДЕТЕРМИНИЗМ — дүниенің көрінісінің заңдылықтары жөніндегі ілім. 
ДЕФИНИЦИЯ —  қысқа логикалық анықтама. 
ДЖАЙНИЗМ — ежелгі Үнді ортодоксальді емес аскеттік бағыттағы діни–
философиялық ілім. Оның негізін қалаушы – ақылгөй Джина Махавира
Джайнизм бір жағынан («Джина» – жеңімпаз) – этикалық ілім. Джайнизмнің 
негізгі философиялық көзқарастары «Сиддханта» деп аталатын кітаптар 
жинағында келтірілген (б.д.д.IIIғ). Джайнизм сансараға (жанның бір денеден 
екінші бір денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға 
(жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Джайнизмнің басты мақсаты – қасірет 
деп түсінген өмірден азат болу. Джайнизмнің ілімінше, карма заңын 
құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы 
өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірде жеңуге болады. Ол 
үшін сансардан құтылу қажет. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол 
материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, 
бір денеден екінші денеге ауысып отырады. Джайнизм кейінірек келе 
дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті.
ДЗЕНДІК ОЙЛАУ — будда дінінің бір тармағы дзен – будданың негізінде 
қалыптасқан ұғым – термин. Оның идеясы – адамның өмір сүруінің жалпы 
табиғатын ішкі әлемінде өтіп жатқан процесімен байланысқа түсу арқылы 
тану. Негізгі мақсаты – сананы сәулелендіру («сатори»). 


348 
ДИАЛЕКТИКА — (грекш. «диалектика» – сұхбаттасу, әңгімелеу өнері). 
Мазмұндағы қайшылық негізгі рөл атқаратын рефлексивті ойлаудың 
логикалық түрі және жалпыға бірдей тәсілі. Ежелгі грек философиясында 
диалектиканың бірнеше нұсқасы жасалған. Г.Гегельдің философиясында 
диалектика болмыс, таным және ойлау туралы ілімге барабар нәрсе ретінде 
көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет