1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет212/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   236
Totin Filosofia (1)

РЕНЕССАНС, ҚАЙТА ӨРЛЕУ немесе ҚАЙТА ДӘУІРЛЕУ — Батыс 
Европа мәдениетінің, өнерінің, ғылымының даму кезеңі (ХІV–ХVІғ.ғ), 
антикалық кезеңдегі идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және 
ортағасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасты. Алдымен Италияда пайда 
болып, кейіннен Европаның басқа аймақтарына да таралды. 
РЕФЛЕКСИЯ (латынш. «бейнелеу») — күмәнға, қайшылыққа, жеке 
психикалық жағдайды талдауға толы ойлар. 
РЕФОРМАЦИЯ (латынш. – қайта құру, түзету) — римдік католиктік 
шіркеудің монополиясына, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан 
түсіндіруге қарсы бағатталған Солтүстік және Орталық Европадағы ХVІғ. 
діни–қоғамдық қозғалыс. Оның көсемдері мен негізін салушылар – М.Лютер 
және Ж.Кальвин. 
РИГВЕДА — үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Б.д.д. 
ХV- ХVІ ғ.ғ. шамасында пайда болды. «Ригведа» – жырлар жинағы. 
РИТОРИКА, ШЕШЕНДІК ӨНЕР — сөзбен сендіру өнері. «Риторика 
атасы» Марк Фабий Квинтиллиан риториканы – жақсы сөйлеу өнері және 
жақсы сөйлеу ғылымы деп санаған. 
РИТА — космостық (дүниежүзілік) тәртіп; дүниедегі адамгершілік заңы
рәсім-салт. 


378 
РИТУАЛ — әлеуметтік реттелген, рәмізделген жүріс-тұрыстың тарихи 
қалыптасқан білімі. «Әдет-ғұрып», «Салт-дәстүр» ұғымдарымен байланысты. 
САЛТ — тұрақтылық қасиетіне ие болған мәдени іс-әрекеттер жинағы. Олар 
адамдардың іс-әрекет стереотиптеріне айналады, жалпылық қасиетке ие 
болады. 
САНА-СЕЗІМ (латынш. «циентиа» санамен бірге) — әрбір адамның 
өзінің тіршілігін және әрекеттерін сезінді. Яғни, тіршілік ету аз, сол тіршілік 
етуіңді сезсең ғана саналы болғаның. 
САНКХЬЯ («сан», «санау», «нағыз принциптерді санау») — б.д.д.VII-
ғасырда (негізін қалаушы – Капила) пайда болып, б.д.д.III-ғ. дербес ілім 
ретінде толық қалыптасты. Санкхья ілімі бойынша бүкіл әлем дүниедегі екі 
субстанцияның – пракрити және пурушидің өзара әрекеті нәтижесінде пайда 
болады. Егер пракрити – бұл мәңгі әрекеттегі және құбылмалы энергия, ал 
әр түрлі материалдық обьектінің бастау көзі болса, ал пуруши – таза сананың 
немесе «Меннің», рухтың жеке болмысы. Пуруши мен пракритидің 
қосындысы әлемді құрайды және ғарыш эволюциясының себебі болып 
табылады. Мәңгілік әлемді мойындау – оның таным обьектісіне айналуы. 
Адам әлемді логикалық формалар мен құралдардың көмегімен таниды, ал 
әлем туралы білімнің ақиқаттылығын адам мынадай логикалық тәсілдер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   208   209   210   211   212   213   214   215   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет