1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет215/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   236
Totin Filosofia (1)

СОКРАТҚА ДЕЙІНГІЛЕР — Сократ негізін қалаған философияның 
дәстүрін сезінбеген б.д.д.VI-Vғ.ғ. ертедегі грек философтары мен олардың 
б.д.д.IVғ. өмір сүрген ізбасарларын белгілеу үшін Батыс Европада жаңа 
заманда пайда болған термин. 
СПЕКУЛЯТИВТІЛІК (лат. – бақылаймын, аңдаймын) — класскалық неміс 
философиясында, әсіресе Г.Гегельде ойлау мен анымның ең жоары түрінің 
сипаты. 
СОКРАТТЫҚ МЕКТЕПТЕР — Сократ идеяларының ықпалымен пайда 
болған мектептер, философиялық ілімдер: Платон Академиясы, киниктер 
мектебі, кирендік (киренаиктер) мектеп, мегарлық мектеп және элидтік-
эритрийлік мектеп. 
СТРУКТУРАЛИЗМ — философияның бағыты, оның негізгі міндеті – 
әртүрлі 
дәуірлер 
мен 
халықтардың 
мәдениетінде 
инвариантты 
құрылымдарды 
анықтау. 
Структурализм 
тәсілдері 
құрылымдық 
лингвистиканың тәжірибиесін ескерген. Структурализмнің негізін француз 
ғалымы Клод Леви-Строс қалаған, ол осы тәсілдерді мифті, тілді, «алғашқы 
қауымдық» ойлауды зерттеу үшін қолданды. Өкілдері: Ж.Лакан, М.П.Фуко, 
Л.Альтюсер және т.б. Бұл философиялық ағымға әлеуметтік нақтылықтың, 
адамның ойлау жүйесінің әмбебаптық құрылымдарын (структурасын) 
айқындау арқылы жалпы философиялық тұжырымдар жасау және осы 
негізде олардың мәнін түсінуге талпыну. XXғ. 40-шы ж. бастап 
структурализм ғылыми тәсіл ретінде лингвистикада (тіл туралы ілім), 
антропологияда, психологияда, социологияда, кейінгі кезде философиялық 
әмбебаптық тәсіл ретінде қолданылып жүр. 
СТОИКТЕР ФИЛОСОФИЯСЫ — негізін қалаушы Китоннан шыққан 
Зенон (б.д.д.336-264ж.ж.) өзінің мектебін Афинадағы Стоя Пойкиле деген 
жерде өмірге әкелген, осыдан барып, осы мектептің өкілдерін стоиктер деп 


381 
атап кеткен. Басты өкілдері: Зенон, Сенека, Эпиктет, Марк Аврелий және 
т.б. Стоиктердің пікірінше, әлем – біртұтас дене. Біртұтас денелі әлем 
Құдаймен пара-пар деп қарастырады. Оны өзін жандандыратын тынысы 
(пневма) жайылған. Стоиктер Гераклит сияқты әлем оттан жаралады және ол 
әлсін-әлсін қайтадан отқа айналады дей отырып, бұл құбылыстың себебі 
біртұтас әлемнің өзінің логос заңына бағынғандығында жатыр жатыр деп 
есептеген. Біртұтас әлемге тән қажеттілік заңын стоиктер қоғамдық өмірге де 
таратады. Осыдан келіп, олар бостандық және адам өмірінің ең жоғары 
мақсаты сияқты мәселелерді өз ілімдерінің өзекті проблемалары деп санаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   211   212   213   214   215   216   217   218   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет