379
СӘУЕГЕЙЛІК — деп әлдебір жансыз зат (мата, әмиян,
фотосурет, жай
сурет және т.б.) арқылы ақпарат алу қабілетін айтады.
СЕКУЛЯРИЗАЦИЯ (латынш. – діни емес, кәдімгі өмір тіршілігі, зайырлы)
— бастапқыда діни ұйымдардың жеке меншігінінің,
яғни шіркеулік
жерлердің және мүліктердің мемлекет тарапына өту процесін білдіретін
үғым.
СЕМАНТИКА (грекш. –
белгілеуші, білдіруші) — семиотиканың түрлі
белгілік формалардың мәні мен мағынасын зерттеуге арналған бөлігі.
СЕМИОЛОГИЯ — семиотика терминімен қатар қолданылды. Ол тіл
теориясын және оның басқа да белгілер жүйесімен байланысын білдіреді.
Терминді алғаш рет -
Ф де Соссюр енгізді.
СЕМИОТИКА (грекш. – белгі, таңба) — белгілер жүйесінің (табиғи
тілдің
жасанды тілдің, әр түрлі белгілік коммуникация мен адамдар және жануарлар
әлемінде
қалыптасқан
сигналдық
жүйелердің,
компъютерлік
бағдарламалардың т.б.) қасиеттерін зерттейтін философиялық–теориялық
ғылыми бағыт.
Достарыңызбен бөлісу: