1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет211/236
Дата18.05.2022
өлшемі6.3 Mb.
#456981
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   236
Totin Filosofia (1)

РЕАЛИЗМ (лат. заттық) — номинализм және концептуализм 
бағыттарымен қатар универсалиялар мәселесін шешуде қолданылатын 
ортағасырлық схоластикалық философияның бағыты. Және де өнердің 
мақсаты өмір шындығын бейнелеу дейтін шығармашылық тәсіл. Реалистік 
шығармашылықтық негізі- өмірге сәйкестік. Термин ХІХғ. 20ж. пайда 
болды. Реализм теориясы – Аристотельдің «мимесисті» табиғатқа еліктеу 
ретінде түсінуінен бастау алды деп топшылайды. Бұл мәселені кейін 
Ренессанс ойшылдары жалғастырды. Г.Лессинг пен Д.Дидро өнердегі «еркін 
еліктеушілік» ұғымын талдады. 
РЕВИЗИОНИЗМ (лат. – қайта қарау) — марксизмдегі советтік және 
«социалистік лагерь» елдерінің идеологиясына қайшы келетін ағымдарды 
сипаттау үшін сол идеология қолданған ұғым. 
РЕЛЯТИВИЗМ — танымды, көзқарастық жүйелерді, мәдениетті сараптау 
мен интерпретациялаудың методологиялық принципі, құбылыстардың 
сапалық тұрақсыздығын, олардың әртүрлі жағдайлар мен ситуациялардан 
тәуелділігін абсолюттендіреді. 


377 
РЕПРЕЗЕНТАЦИЯ — постмодернизм классикалық мәдениетті сипаттау 
үшін белсенді түрде қолданатын термин. Репрезентацияның мәнісі қайсібір 
біріншілік нәрсенің, таңбаланушының (түпнұсқа) өзін екіншілік нәрседе 
(көшірмеде) көрсетуіне байланысты. Категориялардың бүкіл жүйесі 
репрезентация қағидасына жауап береді – мән құбылыс арқылы, ал ішкі 
нәрсе сыртқы нәрсе арқылы көрініс табады және т.б. Постмодерн 
жағдайында репрезентация қағидасы жоққа шығарылады, өйткені 
симулякрлар (көшірменің көшірмесі) түпнұсқадан ажыратылады және 
«тереңдікті» өлшемей, «жазық беттің» үстінде көшіп жүреді, көптеген 
байланыс орнатады. 
РИЗОМА — постмодернистердің ботаникадан алған термині. Ризома (өмір 
ағашы бәйтерек, таным ағашы) орталығы бар (тамыры), діңі бар (негізгі 
ғылымдар-физикалар) және бұтақтары бар (басқа пәндер) классикалық ағаш 
метафорасына қарсы қойылады. Постмодерн мәдениеті осындай ризомаға 
ұқсатылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   207   208   209   210   211   212   213   214   ...   236




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет