1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ



бет5/8
Дата01.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
#170489
1   2   3   4   5   6   7   8

5-тарау. БІР КӨЗДЕН АЛУ ТӘСІЛІМЕН МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ


      32-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды
               жүзеге асыру негіздері

      Бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу, егер:


      1) қандай да бiр өнім берушіден тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердi сатып алған мемлекеттік кәсіпорында, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғада және олармен үлестес заңды тұлғада қолда бар тауарлармен, жабдықтармен, технологиямен, жұмыстармен немесе көрсетілетін қызметтермен бiрiздендiру, стандарттау немесе үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында нақ сол өнім берушіден басқа да сатып алуды жүргiзу қажеттiгi туындаса;
      2) конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу өтпеді деп танылса, жүргізілуі мүмкін. Осы ереже конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жарамсыз деп танылған жағдайларға қолданылмайды;
      3) егер осындай мемлекеттік сатып алу тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізу, бірақ екі айдан аспайтын мерзім ішіндегі қажеттілігін қамтамасыз етуге қажетті осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу көлемінен аспайтын көлемде, Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбе бойынша, жылдың бірінші айы ішінде жүзеге асырылған жағдайда, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысын шығарғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге күнделікті және (немесе) апта сайынғы қажеттілікті мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға қажеттілік болса;
      4) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 31-бабының 5 және (немесе) 7-тармақтарында көзделген шаралар мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса;
      5) мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы қабылдаған, осы Заңның 35-6-бабының 10-тармағында, 35-7-бабының 9-тармағында және 35-8-бабының 6-тармағында көзделген шаралар мемлекеттiк сатып алу туралы шарт жасасуға әкеп соқпаса, сондай-ақ, егер аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 35-9-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша өтпеді деп танылса, жүргiзiлуi мүмкiн.
      Ескерту. 32-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      33-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды


               жүзеге асыру

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді, онда мынадай мәліметтер:


      1) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атауы және орналасқан жері;
      2) техникалық өзіндік ерекшелігін, жоспарларын, сызбалары мен нобайларын қоса алғанда, қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттамасы көрсетіле отырып, сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың көрсетілетін қызметтердің сипаттамасы және талап етілетін техникалық, сапалық және пайдалану сипаты;
      3) мемлекеттік сатып алуды өткізудің нысанасы болып табылатын тауардың саны, орындалатын жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің көлемі;
      4) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің орны;
      5) тауарларды жеткізудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің талап етілетін мерзімдері, ұсынылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сапасына кепілдеме беру;
      6) төлем шарттары және елеулі талаптары көрсетілген мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасы;
      7) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу талаптары, нысаны, көлемі және тәсілі;
      8) бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәлімет;
      9) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, осы Заңның 8-бабында көзделген жалпы және арнайы бiлiктiлiк талаптарының тiзбесi, сондай-ақ әлеуетті өнім берушінің қойылған бiлiктiлiк талаптарына сәйкес келетiнiн растау үшiн табыс етуге тиiс құжаттарының тiзбесi;
      10) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң қойылған бiлiктiлiк талаптарына өзінің сәйкес келетiнiн растайтын құжаттарды, сондай-ақ осы баптың 2-тармағында көзделген ақпаратты табыс ету орны мен мерзiмi қамтылуға тиiс.
      2. Бір көзден алу тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарды беруді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді жүзеге асыруға тілек білдірген әлеуетті өнім беруші белгіленген мерзімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға мынадай ақпаратты:
      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердің қосалқы мердігері (бірлескен орындаушысы) ретінде тартуды көздейтін тұлғаларын көрсете отырып, әлеуетті өнім беруші ұсынған тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамасын;
      2) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң және ол жұмыстардың не көрсетілетін қызметтердiң қосалқы мердiгерi (бiрлескен орындаушысы) ретiнде тартуды көздейтiн тұлғалардың бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгiн растайтын құжаттарын;
      3) ұсынылып отырған тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге берілетін бағалардың жазбаша негіздемесін ұсынуға тиіс.
      3. Осы Заңның 32-бабының 2) тармақшасында көзделген жағдайда бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы шақырған, өтпеді деп танылған конкурсқа қатысушы аталған конкурсқа қатысушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттарды нақ сол мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыға қайтадан табыс етпеуге құқылы.
      4. Мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастырушы, бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші табыс еткен құжаттарды олардың бiлiктiлiк талаптарына, сондай-ақ мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында не электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында белгiленген талаптарға сәйкестiгi тұрғысынан қарайды.
      Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      34-бап. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу


               қорытындылары туралы хаттама

      1. Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тиісті хаттама жасауға міндетті, онда мынадай ақпарат:


      1) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қолдану негіздемесі;
      2) бір көзден алу тәсілімен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің қысқаша сипаттамасы;
      3) бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу осы Заңның 32-бабының 4) тармақшасы негізінде жүзеге асырылатын жағдайды қоспағанда, әлеуетті өнім берушінiң бiлiктiлiк талаптарына сәйкестiгi туралы;
      4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасалатын өнім берушінің атауы мен орналасқан жері және осындай шарттың бағасы қамтылуға тиіс.
      2. Тапсырыс беруші бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей хаттама мәтінін тапсырыс берушінің интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Аталған талап мәліметтері мемлекеттік құпия болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет