13-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік
сатып алу саласындағы құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) үздіксіз қызметті қамтамасыз ету үшін тапсырыс берушілер сатып алатын күнделікті немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
4) осы Заңның нормаларын қолдану үшін қажетті қор биржаларының тізбесін бекітеді, сондай-ақ осы Заңның 8-бабының 6-тармағында көзделген құжаттардың нысаны мен мазмұнына қойылатын талаптарды белгілейді;
5) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам проценті мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен аффилиирленген заңды тұлғалар оларды кейіннен өңдеу мақсатында сатып алатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
7) стратегиялық маңызы бар өндірістер үшін шикізат ресурсы болып табылатын, Қазақстан Республикасының аумағына және шетелден сатып алынатын тауарлардың тізбесін бекітеді;
8) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
9) осы Заңда айқындалған отандық әлеуетті өнім берушілер санаттарын мемлекеттік қолдау шараларын айқындайды;
10) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекітеді;
11) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың айрықша тәртібін айқындайды;
12) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың арнайы тәртібіне қойылатын үлгілік талаптарды белгілейді;
13) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және оны жүргізудің тәртібін айқындайды;
14) электрондық мемлекеттік сатып алуды жүргізу қағидаларын айқындайды;
15) мемлекеттік сатып алу саласында мамандарды қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың тәртібін айқындайды;
16) арнайы қорғау дәрежесі талап етілетін баспа өнімдерін берушілерді айқындайды, сондай-ақ осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 16) тармақшасына сәйкес олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекітеді;
17) сатып алу және тауар интервенцияларын, сондай-ақ азық-түлiк тауарларын сақтау, қайта өңдеу, тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдардың (агенттердiң) тiзбесiн бекiтедi;
18) түзету мекемелері мемлекеттік кәсіпорындарының тізбесін, осы Заңның 4-бабы 1-тармағының 42) тармақшасына сәйкес олардан тапсырыс берушілер сатып алатын, олар өндіретін тауарлардың, орындайтын жұмыстардың, көрсететін қызметтердің тізбесі мен көлемін бекітеді;
19) Қазақстан Республикасының мүгедектер қоғамдық бірлестіктері құрған, тауарлар өндіретін, жұмыстарды орындайтын, қызметтер көрсететін ұйымдардың тізбесін, олар өндіретін, орындайтын, көрсететін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді, сондай-ақ олардан осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу тәртібі мен олардың көлемін айқындайды;
20) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай операторды айқындайды;
21) қорғаныс қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ерекше тәртібін айқындайды;
22) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
23) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
24) отандық тауар өндірушілерден сатып алынатын азық-түлік тауарларының тізбесін бекітеді;
24-1) аукцион тәсілімен жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
24-2) Қазақстан Республикасының сайлау туралы заңнамасында көзделген тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді;
24-3) конкурстың қорытындысы шығарылғанға және мемлекеттік сатып алу туралы шарт күшіне енгенге дейінгі кезеңге тапсырыс берушілер бір көзден сатып алатын күн сайынғы немесе апта сайынғы қажетті тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекітеді.
25) өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
Ескерту. 13-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.02.20 № 138-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.11 № 229-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2009.12.29 № 233-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2011.01.26 № 400-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 33-V (2012.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-бап. Уәкілетті органның құзыреті
Уәкілетті орган мемлекеттік сатып алу саласында мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
2) мемлекеттік сатып алу саласында салааралық үйлестіру мен әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады;
3) осы Заңда көзделген нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және қабылдайды;
4) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдер жасауды және жүргізуді жүзеге асырады;
5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
6) тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы ақпаратты ескере отырып, есептілікті жинау, қорыту және талдау тәртібін айқындайды;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуын бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға қатысады;
9) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсету тәртібін айқындайды;
10) мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырылған ақпараттың сақталу тәртібін айқындайды;
11) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды;
12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
қажет болған жағдайда мемлекеттік сатып алу субъектілері ұсынған есептілік деректерінің, материалдар мен ақпараттың дұрыстығын тексереді.
Уәкілетті орган:
1) мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілерінен қажетті ақпаратты және материалдарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережелерінде айқындалған тәртіппен сұратуға және алуға;
2) мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың мамандарын сараптамалар және консультациялар жүргізуге тартуға құқылы.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
14-1-бап. Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы
бірыңғай оператордың өкілеттігі
Электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор:
1) мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік ақпараттық жүйелерді әзірлеуді, енгізуді, ақпараттық-техникалық сүйемелдеу және пайдалануды жүзеге асырады;
2) мемлекеттік сатып алу саласында тізілімді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
3) мемлекеттік сатып алу веб-порталының құрылуын, жұмыс істеуін және оны техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
4) осы Заңға сәйкес өтеусіз негізде міндетті түрде жариялануға жататын мемлекеттік сатып алу туралы мәліметтерді мемлекеттік сатып алу веб-порталына орналастырады;
5) Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасына сәйкес өтеусіз негізде ақпараттық жүйелерді қолдана отырып, мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға электрондық қызмет көрсетеді;
6) электрондық мемлекеттік сатып алу саласындағы мемлекеттік сатып алу жүйесінің субъектілеріне өтеусіз негізде консультациялық және практикалық көмек көрсетеді;
7) мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы мемлекеттік сатып алу жобаларын басқаруды және оны техникалық сүйемелдеу функцияларын жүзеге асырады;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы есептілікті, оның ішінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жергілікті қамтудың көлемі туралы есептілікті техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді;
9) мемлекеттік ақпараттық жүйелер мен мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстар интеграциясы және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша ақпараттандыру саласында ұлттық оператормен өзара іс-қимыл жасайды.
Ескерту. 14-1-баппен толықтырылды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгеріс енгізілді - 2012.01.09 № 535-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу
туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасауды мына органдар:
1) Қазақстан Республикасының бюджет кодексінде белгіленген өкілеттіктер шегінде мемлекеттік қаржы бақылау органдары;
2) уәкілетті орган бақылау объектілерін жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді орындау арқылы жүзеге асырады.
2. Мыналар:
1) тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, конкурстық комиссия, аукциондық комиссия, сараптамалық комиссия, сарапшы;
2) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, аукционға қатысушы, өнім беруші, сондай-ақ олар жұмыстарды орындау үшін қосалқы мердігерлер не қызметтер көрсету үшін бірлескен атқарушылар ретінде тартатын тұлғалар;
3) алып тасталды - ҚР 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) мемлекеттік сатып алуға тауар биржалары арқылы қатысатын тұлғалар бақылау объектілері болып табылады.
3. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау объектілеріне осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар жатады, олар бір мезгілде мемлекеттік қаржы бақылау объектілері болып табылады.
4. Бақылау объектілеріне қатысты жоспарлы тексерулер күнтізбелік жыл ішінде бір реттен артық жүзеге асырылмайды.
5. Уәкілетті орган жоспардан тыс тексерулерді мынадай жағдайлардың бірі туындаған кезде:
1) әлеуетті өнім беруші, конкурсқа қатысушы, өнім беруші не олардың уәкілетті өкілі тапсырыс берушінің, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының не конкурстық комиссияның, сараптамалық комиссияның, сарапшының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), шешімдеріне шағымдана отырып, жазбаша өтініш бергенде жүзеге асырады. Мұндай шағымды қарау осы Заңның 45-бабында көзделген талаптар сақталған кезде жүзеге асырады;
2) бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет (әрекетсіздік) жасағаны туралы ақпарат келіп түскенде;
3) құқық қорғау органдарының қаулылары келіп түскен кезде;
4) мемлекеттік сатып алуды жинау, қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
5) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
6. Уәкілетті орган бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектісіне орындауға міндетті ұсыну жібереді;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен сотқа жүгінеді.
7. Мемлекеттік қаржы бақылау органдары бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде тиісті бақылау объектілерінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғанын анықтаған жағдайда мынадай шаралар қолданады:
1) бақылау объектілеріне орындауға міндетті қаулылар, ұсынулар жібереді;
2) алынып тасталды - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
8. Бақылау іс-шараларын жүргізу нәтижесінде бақылау объектісінің қылмыс құрамы белгілері бар іс-әрекетті (әрекетсіздікті) жасасу фактісі анықталған жағдайда, мемлекеттік қаржы бақылау органдары осындай факті анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аталған іс-әрекеттің (әрекетсіздіктің) жасалғаны туралы ақпаратты және осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына беруге міндетті.
9. Мемлекеттік қаржы органдарының іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне), сондай-ақ шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға болады.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.11.20 № 87-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.01.13 № 543-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |