1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері



бет15/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Өлшем БҚ ету

28-1-бап. Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың міндеттері
Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) мемлекеттік метрологиялық бақылау жөніндегі іс-шаралар барысында Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын қолдану бойынша түсіндіру жұмысын жүргізуге;
2) коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауға;
3) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру тәртібін сақтауға;
4) жүргізілген мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижелері негізінде анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдауға міндетті.
Ескерту. 5-тарау 28-1-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6-тарау. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы


заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық және дауларды шешу
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
29-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарын бұзғандық үшiн жауаптылық
Қазақстан Республикасының өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2004.06.09. N 558 Заңымен .


30-бап. Осы Заң нормаларының бұзылуына қатысты дауларды шешу
Осы Заң нормаларының және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi нормативтiк құжаттардың бұзылуына байланысты даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен шешiледi.
7-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі
жұмыстарды қаржыландыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет