1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-2-бап. Стандартты үлгілер



бет8/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Өлшем БҚ ету

11-2-бап. Стандартты үлгілер
1. Стандартты үлгілер Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінің мәндерінде көрсетілген заттар (материалдар) құрамының немесе қасиеттерінің сипаттамаларын жаңғыртуға, сақтауға және беруге арналады.
Стандартты үлгілер өлшем құралдарын салыстырып тексеру, калибрлеу, градуирлеу, өлшемдерді орындау әдістемелерін бағалау, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау үшін қолданылады.
2. Осы Заңның 22-бабына сәйкес мемлекеттік метрологиялық бақылау объектілері болып табылатын стандартты үлгілер типін бекітуге және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Ескерту. 2-тарау 11-2-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


11-3-бап. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері
1. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелері шама бірліктері эталондарының және өлшем құралдарының метрологиялық сипаттамаларының шынайы мәндерін белгілеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін пайдаланылады.
2. Өлшем құралдарын калибрлеу әдістемелерін шама бірліктерінің эталондарын және өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын заңды тұлғалар, оларды жасаушылар, иелері және (немесе) пайдаланушылар әзірлейді және бекітеді.
Ескерту. 2-тарау 11-3-баппен толықтырылды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.


12-бап. Өлшемдердi орындау әдiстемелерi
Өлшемдерді орындау әдiстемелерi осы Заңның 8-бабына сәйкес әзірленеді және олардың параметрлерін белгіленген дәлдікпен бағалау мақсатында, сондай-ақ есепке алу операцияларын жүргізу үшін зерттеу объектілерін сынау кезінде қолданылады.
Мемлекеттік реттеуге жатқызылатын өлшем тізбелерінде және нормативтік құқықтық актілерде метрологиялық талаптар белгіленген өлшемдер кезінде қолданылатын өлшемдерді орындау әдістемелері метрологиялық аттестаттауға және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеуге жатады.
Ескерту. 12-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. Метрологиялық қызмет


Ескерту. 3-тарау алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
4-тарау. Өлшем құралдарының типін бекіту, оларды метрологиялық аттестаттау, салыстырып тексеру, калибрлеу және метрологиялық сараптама
Ескерту. 4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет