1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы



бет2/16
Дата10.11.2023
өлшемі50.04 Kb.
#482891
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өлшем БҚ ету

2-бап. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы
Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленген болса онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


3-бап. Осы Заңның қолданылу саласы
Осы Заң барлық мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.
Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


4-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету мақсаттары
Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң негiзгi мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының мүдделерiн өлшемнiң анық емес нәтижелерiнен қорғау;
2) іргелі зерттеулер мен ғылыми әзірлемелер кезінде өлшемнің анық нәтижелерін алу;
3) өлшем бірлігін қамтамасыз етудің халықаралық жүйесіне интеграциялау.
Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).


5-бап. Өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудi мемлекеттiк басқару
Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2-тарау. Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет