26-бап. Сауда операцияларын жасау кезiнде иелiктен шығарылатын тауарлардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 26-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
27-бап. Кез келген түрдегi бума тауарларды ашу, сату және импорттан алу кезiнде олардың санын мемлекеттiк метрологиялық бақылау
Ескерту. 27-бап алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі).
28-бап. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың құқықтары
1. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес уәкiлеттi орган ведомствосының және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң лауазымды адамдары жүзеге асырады.
Мыналар мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы – уәкілетті орган ведомствосының басшысы;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторының орынбасарлары – уәкілетті орган ведомствосы басшысының орынбасарлары;
3) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлар – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
4) мемлекеттік бақылау жөніндегі аумақтық бас мемлекеттік инспекторлардың орынбасарлары – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары және (немесе) олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары;
5) мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар – уәкілетті орган ведомствосы аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік бақылау жөніндегі мамандары.
2. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3. Мемлекеттiк метрологиялық бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдардың:
1) тексеру тағайындау туралы актіні, сондай-ақ қызметтік куәлiгін не сәйкестендіру картасын көрсеткен кезде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк метрологиялық бақылау үшiн белгiленген объектiлерге кедергiсiз кiруге;
2) жеке және заңды тұлғалардан мемлекеттiк метрологиялық бақылау жүргiзу үшiн қажеттi құжаттар мен мәлiметтер сұратуға және алуға;
3) техникалық құралдарды пайдалануға және тексерiлетiн объектiлердiң мамандарынан ақпарат алуға;
4) сынақтан және түрiн бекiтуден, салыстырып тексеруден, метрологиялық аттестаттаудан өтпеген, бекiтiлген түрге сәйкес келмейтiн өлшем құралдарын қолдануға, өткiзуге, өндiрiстен және жөндеуден шығаруға тыйым салуға;
5) егер өлшем құралдары жұмысқа жарамсыз болса олардың көрсетулерiнiң қателiгi рұқсат етiлген нормалардан асып кетсе немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзiмi бiтсе, салыстырып тексеру таңбаларының баспа-таңбасын өшіруге немесе өлшем құралдарын тексеру туралы сертификаттың күшiн жоюға;
5-1) өлшемдерді орындау әдістемелерін қолдану дұрыстығына тексеру жүргізуге;
6) Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы орындалуы міндетті ұсынымдар, нұсқамалар жасауға, беруге;
7) алып тасталды - ҚР 05.10.2018 № 184-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі);
8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Алып тасталды – ҚР 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 28-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.06.09. N 558 Заңымен, 2012.07.10 № 31-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 № 184-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2020 № 397-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Достарыңызбен бөлісу: |