№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



бет2/9
Дата14.06.2016
өлшемі486 Kb.
#135965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

қызметін жүзеге асыру процессінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттейтін заң саласы. Әкімшілік құқықтық реттеу кызметі мемлекеттік басқару аясында (сферасында)

қарастырылады, сонымен қатар әкімшілік құқық тұрғысынан басқару мазмұнындағы қатынастар мәселесі кетіріледі.

Әкімшілік құқық жалпы қоғамдық қатынастарды, оның ішінде әкімшілік құқықтық реттелуін қарастырып, тәжірибеде (практикада) әкімшілік-құқықтық нормалардың орындалуын бақылайды және мемлекеттік басқаруда объектілер мен субъектілердің құқықтық мәртебесін белгілеп, басқарудың кұ-құқық әдістері мен нормаларын және олардың жүргізілу тәртібін айкындап, сонымен қатар басқарушы мен басқарылушы жақтардың қызметін құқықтық реттейді.

Әкімшілік құқықтың негізгі мақсат-міндеттері:

- қоғамның, мемлекеттік аппараттың, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі басты құрал ретінде әкімшілік биліктің тиімді қызмет етуіне жағдай жасау.

- атқарушы билікті демократиялық ұйымдастыру.

- атқарушы биліктің қалыптасуымен байланысты азаматтар мен олардың бірлестіктерінің құқықтары мен бостандыктарының нығаюына оң әсер ету.

- азаматтар мен қоғамды - атқарушы биліктің бір жақты озбырлығынан қорғау.

- қоғамдық қатынастарды реттеу, нығайту.

- Конституция талаптарына сай немесе қоғамдық даму заңдарына сай жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастыру.

- әкімшілік нормалармен, өзгеде құқық салаларымен реттелген

- қоғамдық қатынастарды қорғау.

- қоғам, мемлекет, азаматтар мүддесіне сай емес басқару сапасындағы катынастарды ығыстыру.

Қазіргі әкімшілік құқық- құқық саласы ретінде құқық жүйесінде жеткілікті деңгейде жеке тұлға құқығын нығайтатын және оны әкімшілік үстемдіктен қорғайтын нормалар пайда болған кезде калыптасты. Әкімшілік құқық жәй ғана аткарушы биліктің еркін ғана білдіріп қоймай, сонымен қатар үлкен кұбылыс болып саналады. Әкімшілік құқық- өте маңызды, әрі күрделі сала, өйткені мемлекеттік әкімшіліктің қоғамдық мәні зор. Басқару қоғамның барлық саласында бар және оның қызмет көлемі үлкен, мазмұны әр қилы.

Әкімшілік құқық - құқықтық нормалар мен институттардың біртұтас жүйесі. Оларды біріктіретін қағидалары (принциптері), мақсаттары, реттеу әдістері және пәні, Әкімшілік құкық әлеуметтік мүддеге қызмет ете отырып өзге құқық салалары секілді өзінің заңдық басымдыкгары ретінде азаматтардың құқықтары мен бостандыктарын қарастырады. Қазакстан Республикасының Конституциясында азаматтардың бұлжымас-абсолюттік құқықтарының концепциясы айқындалған.

Әкімшілік құқықтың басты максаты-мемлекетгік билік аппаратын заң мүддесіне кызмететіп, оның талаптарын орындауға бағытгау. Қүқық салалары өзара пәні, қүқықтық реттеу әдістері бойынша ажыратылады. Заңдык әдебиеттерде әкімшілік құқықтың ғылым немесе пән ретінде қатынасы әлі де таластар тудыруда. Әкімшілік құқық пәні дегеніміз оның нормаларымен реттелетін қатынастар жүйесі. Әкімшілік құқық Қазақстан Республикасьшың құқық жүйесіндегі жеке сала ретінде қоғамдық қатынастардың ерекше тобын реттейді. Олар іс басқару саласында пайда болып, дамып, жойылатын қатынастар. Мұндай қатынастар әр қилы, әрі әкімшілік құқық пәнін кұрайды. Бұлар баскарушылық қатынастар деп атапады.

Әкімшілік құқық пәні шартты түрде екі бөлімнен тұрады:

I. Аппарат ішілік қатынастар. Мұнда мемлекеттік органдардағы аппарат ішілік жұмыс әдістерін және формаларын, қызметін үйымдастыру нығайтылады.

2. Әкімшілік биліктің түрлі ұйымдармен, мекемелермен, азаматтармен қатынасы.

Әкімшілік құқық пәні астарында басқару мазмұнындағы катынастар жатыр. Бұл қатынастардың түрлері:

- баскару органдары арасындағы көлбеу (вертикальды) қатынас (Қазакстан Республикасы Үкіметі және Мининистрлік)

-басқару органдары арасындағы бағынушылық қатынас (аудандық әкімдік және жергілікті орган)

-басқару органдарының өздеріне бағынышты ұйым, бірлестіктермен қатынасы (завод және министрлік).

Әкімшілік құқық пәнімен қоса әкімшілік құқық ғылымына тоқталып өтер болсақ, әкімшілік құқық ғылымы заң ғылымының негізгі бөлігі болып саналады. Ол әкімшілік құқықтың даму заңдылыктарын зерттейді. Әкімшілік кұкық ғылым ретінде әкімшілік-құқықтық құбылыстар туралы ұғымдар, категориялар және тұжырымдар жуйесі болып табылады.

Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару сферасындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларды зерттеп, мемлекеттік басқару аппаратының кұкықтық реттелу зандылығын қарастырады. Ол басқару қатынастарын талдап, мәнін ашып және тәжірибеде әкімшілік-құқықтық нормалардың кең қолданылуын дәрістейді. Әкімшілік құқық ғылымы мемлекеттік басқару объектілері мен субъектілерінін мәртебесін, басқарудың кұқықтық формалары мен әдістерін, мемлекеттік басқарудағы заңдылыкты, тәртіпті қамтамасыз ету тәсілдерін, әкімшілік процесс мәнін қарастырып, осылардың ғылыми жақтары бойынша мәселелерді қозғайды.

Осы заңдылықтарды терең, әрі жан-жақты талдау нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормаларды өзгертуге, реттеуге, бастысы олардың тиімділігін көтеруге бағытталған ғылыми негізделген ұсыныстар, сілтемелер жатқызылады. Әкімшілік құқық ғылымының да құқық саласы сияқты өзіндік жүйесі бар және олар әкімшілік-құқықтық институттар арасындағы ішкі байланыстар негізінде қалыптаскан. Әкімшілік құқық ғылымы сондай-ак әкімшілік құқықтың даму заңдылықтарын және оның өзге де теориялық мәселелерін қарастырады. Әр қоғарғы деңгейде дамыған әлеуметтік, демократиялык елдерде әкімшілік құқық қоғам дамуының ерекшелігін, деңгейін және басқару органдары қызметінің шынайылығын көрсетеді. Қорытындылай келе әкімшілік құқық дегеніміз Қазакстан Республикасының әкімшілік-құқықтық нормаларымен және нормативтік-құқықтық актілермен бекітілген, жалпыға міндетгі нормалар жүйесі.

1. Әкімшілік құкық және конституциялык құқық, бұл салалар бір-бірімен тығыз байланысты және тіпті олардың нормаларын бір-бірінен айыру да қиын. Бірақ, бұл салалардың арасында айырмашылыктар да бар. Мысалы, конституциялық құқық қоғамдық құрылыс пен мемлекет саясатының негізін, мемлекет пен тұлға арасындағы байланыстың негізін, улттық мемлекеттік және әкімшілік территориялық кұрылысты қарастырып, мемлекеттік органдардың жүйесін және сонымен қатар барлық мемлекеттік органдарға тән ортақ негізгі қағидаларды құрайды.

2. Әкімшілік құқық сонымен қатар құқық бұзушылықтық құқықпен де тығыз байланысты. Әкімшілік құқыққа барлығы орындауға міндетті тәртіптер кіреді (жол козғалысы, паспорттық жүйе, санитарлық, өртке карсы және т.б.). Әкімшілік құқық әр түрлі коғамдық қатынастарды ретгейді.

Әкімшілік құқық 2 бөлімнен: жаппы және ерекше бөлімнен тұрады. Әкімшілік құқық жалпы бөлімінің жүйесі - акт, нормалар, мемлекеттік басқару саласындағы жалпы мәселелер. Оларға мыналар жатады.

1. мемлекеттік басқарудың негізгі қағидаларын қарастыратын нормалар;

2. әкімшілік құқық субъектілерінің құқықтық қатынастарын қарастыратын нормалар;

3. мемлекеттік қызметтің негізі мен қағидаларын анықтайтын нормалар;

4. мемлекетгік басқарудың түрлері мен тәсілдерін қарастыратын нормалар.

Ерекше бөлімінде әкімшілік құқықтың институттарын біріктіретін нормалар қарастырылады, сонымен қатар әр сала бойынша басқару органдары олардың нақты атқаратын функциялары туралы айтылады (мысалы, әділетті басқару, сыртқы істерді басқару, ішкі істерді басқару, қорғанысты басқару, білімді басқару, денсаулық сақтауды басқару, көлік және коммуникацияны басқару және т.б.).

Өзіңе-өзі сұрақтар

1.1 Әкімшілік құқықтың түсінігі және мәні.

1.2 Әкімшілік құқықтың пәні, әдісі және жүйесі.

2 апта

Дәріс № 2.



2- тақырып. Әкімшілік-құқықтық реттеу механизмі.
Негізгі сұрақтары:

2.1. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.

2.2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.

2.1 Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.

Басқа құқық салалары сияқты, әкімшілік құқық та заңды нормалардан тұрады. Жалпы пән мен әдістерді біріктіру нәтижесінде әкімшілік-құқықтық нормалар институты құрылып, осы негізде толық бекітілген салааралық жүйе қалыптасады. «Әкімшілік норма» түсінігі негізінен мынадай мағынада қолданылады:

1. заңды ережелермен басқару.

2. жариялық мүдде негізінде бекітілген ережелер арқылы

басқару.


Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілгендей «мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы - халық, халық билікті тікелей республикалық референдум және еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды мемлекеттік органдарға береді». (3-бап, 1 ,2 -тармақ). Әдебиетте «билік»түсінігінің мәні — құқық негізінде өз еркін басқа субъектілер арқылы орындату. Ертеде әкімшілік құқықтық нормалар жалпы міндеттеуші сипатта болып, билікгі белгілі бір орталықтан басқару керек деген пікірге келді, себебі мемлекет қызметі біртұтас организм (жүйе) деп саналды. Атқарушы биліктің институттарын құруда белгілі бір мақсатқа жету үшін әкімшілік құқықтық нормалар көмегімен модельді ситуациялар туындайды. Яғни:

- субъектілердің құқықтары мен кепілдерін құқық көмегімен бекіту мен дамытуды талап ету;

- цивильді нысандадаулы конфликтілерді шешу негізінде билік құрылымын күшейту (мысалы, соттык реформаны жүргізу барысында сот ролі мен ықпалын күшейту).

Әкімшілік-құқыктық нормалар дегеніміз - міндетті немесе кейде ерікті түрде мемлекеттік басқару органдарымен қабылданған, ( яғни, атқарушы және заңды) атқарушы билік сферасында қоғамдық қатынастарды реттеуші ереже.

2.2 Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.

Әкімшілік құқық нормалары белгілі бір критерияларға байланысты жіктеліп (классификацияланып), бірнеше түрлерге бөлінеді.

Әкімшілік құқық нормаларының ең күрделі түсінігі, яғни мәні мен мазмұнын ашатын негізгі критериялар мыналар:

а) мазмұны;

б) субъектілердің мінез-құқына әсер ететін әдістер;

в) белгілі бір мақсатты тағайындау;

г) белгілі бір ортада қолданылуы (в сфере);

д) занды күші;

е) қолданылу шегі (белгілі бір аймаққа, уақытқа, субъектілер

тобына қолданылуы).

Әкімшілік құқық нормалары мазмұны бойынша:

- материалдық (қаржылық) нормалар

- процессуадды болып екіге бөлінеді.

Материалдық нормалар - азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органы мен ұйымдарды біріктіретін ережелер. Мысалы: атқарушы билік органдары субъектілерінің қоғамға, тұлғаларға көрсететін заңды түрдегі құзіреті (компетенциясы).

Процессуалды нормалар - мемлекетпен бекітіліп, санкцияланған материаддық нормаларды жүзеге асыру барысында және мемлекеттік басқару органдарының жаңа нормативтік актілерді шығарумен сипатталады. Процессуалды нормалардың материалдық нормалардан айырмашылығы:

а)өзінің тағайындалуымен, яғни материалдық нормалар субъектілерінің әкімшілік-құқықтық мәртебесін тағайындаса, ал процессуалдық нормалар олардың орындалуы мен міндеттелуін занды түрде жүзеге асырады;

б) талап ету, яғни процессуалды нормалар, ең алдымен материалдық нормалардың орындалуын талап етеді;

в) іске асыру, яғни әкімшілік-құқықтық материалдық нормалардың қабыддануын, олардың жүзеге асырылуын талап ету арқылы іске асыру.

Процессуалды нормалар материалдық нормалар сияқты классификациялау дәрежесіне байланысты жіктеледі. Мысалы: заңды күшіне байланысты, белгілі бір ортага, яғни сфераға байланысты және т.б.

Субъетілердің мінез-қүлқына әсер ететін әдістер:

1. міндеттеуші (обьязывающие);

2. тыйым салушы (запрещающие);

3. уәкілдік беруші (уполномочивающие) әкімшілік-құқыкггык нормалар болып бөлінеді.

1. Міндеттуші әкімшілік-құқықтық нормалар -тұлғаның белгілі бір ережелердің орындалуын міндеттеп, талап етуі. Мысалы, заңды тұлғалардың міндетті түрде Әділет органдарында тіркелуі, азаматтардың шағымдарын (жалоба) белгілі бір мерзімде басқару органдарының қарастыру міндеттілігі. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік салық жүйесі мен бюджеті» атты Президент Жарлығының 171 -бабында салық жүйесін міндетті түрде салық қызметкерлері атқарады.

2. Тыйым салушы (запрещающие) әкімшілік-құқықтық нормалар - норма көздеген мақсаттан тыс белгілі бір іс-әрекеттердің орындалуына тыйым салып, шектейді.

Тыйым салудың екі түрі бар:

а) жәй тыйым салу;

б) арнайы тыйым салу.

Жәй тыйым салу дегеніміз - әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар істердің орындалуы мен жүзеге асуын шектеуі.

Арнайы шектеу дегеніміз- Қазақстан Республикасы Президенті заңының 174-бабында көрсетілгендей, салық қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін өздерінің тікелей немесе жанама туыстығы бар салық төлеушілермен қаржылық мәселелерді шешуге шектеу қоюы.

3. Уәкілдік беруші (уполномочивающие) нормалар — субъектілердің әкімшілік-құқықтық қарым-қатынасында өз шешімі бойынша қатынастарды жүзеге асыру, бірақ нормалардың сақталуын бұзбау керек. Мысалы: «Қазакстан Республикасының банктері мен банк жүйесі» туралы Президент жарлығының 46-бабында былай делінген: Егер Қазақстан Республикасы Ұлттықбанкі II дәрежедегі әкономикалық нормаларды бұзған жағдайда мынадай шаралар қолданылады:

а) міндеттеуші хатты талап етеді;

б) банкпен жазбаша түрде келісім жасайды;

в) ескерту, сөгіс береді;

г)жазбашатүрдебереді;

Қолданылу шегіне байланысты:

а) жалпы міндетті;

б) ішкі жүйелік.

а) жалпы міндетті нормалар әкімшілік- құқықтық қатынасқа

түсетін барлық субъектілерден талап етіледі.

б) ішкі жүйелік нормалар белгілі бір атқарушы билікгің талап

етуіне байланысты қолданылуы.

Мекен-жайға байланысты (по адресату): белгілі бір ұйым іс атқарушы билік органдарының әкімшілік-құқықтық мәртебесін (статусын) белгілеу арқылы бөлу, яғни қоғамдық бірлестіктерге, мемлекеттік бірлестіктерге және азаматтарға байланысты қолданылуы.

Сонымен қорытындылай келе әкімшілік құқықтық нормалар -бұл конституцияда бекітілген белгілі бір кағидалар мен ережелердің жиынтыгы. Ал әкімшілік- құқықтық қатынастар - бұл әкімшілік-құқықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы коғамдык қатынастар. Бүл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты, біріншісі мемлекет бекіткен қағидалар мен ережелердің жиынтығы болса, сол ережелер құқықтық қатынастарды реттеп баскарып отырады.

Әкімшілік-құқықтық қатынастар - әкімшілік-құкықтық нормалармен реттелген, мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастар. Атқарушы билік органдары өз қызметі барысында түрлі субъектілермен өзара әрекет жасайды. Көп жағдайда олардың мүддесі бір-біріне сәйкес келмейді. Бұл сәйкессіздік азаматтар, ұйымдар, органдар тарапынан ортақ қатынастарды реттеуге, жүйелеуге ұмтылдырады. Осы тұрғыдан әкімшілік құқықтың субъектілері заң алдында тең. Әкімшілік- құқықтық қатынастардың мақсаты тұракгц заңмен карастырылған катынастар жүйесін қамтамасыз ету және қатынастар барысында субъектілердің әр түрлі мүделері мен қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Әкімшілік-кұқықтық қатынастар субъектілердің өз құқықтары мен міндеттерін ерікгі түрде орындауға бағытталған. Басқару органы өзінің биліктік өкілеттіліктеріне қарамастан өздерінің қызметтерінде мемлекет және оның мүддесін көздейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушыларының ,бірі кұқық бұзушылық жасаса, нормаларды бұзса, мемлекет алдында жауапқа тартылады. Ал бұл жағдайды әкімшілік тәртіп реттейді. Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлі тараптардың өз құкықтары мен міндеттерін орындау барысында туындайды және ол ережелермен процедураларға негізделген. Әкімшілік-кұқықтық.Іс қатынастардың қатысушыларының құқықтары мен міндеттерін өзінше өзгерту мүмкіндігі шектелген.

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың құрылымы және түрлері

Әкімшілік-құқықтық қатынастардың өзіндік құрылымы бар, ол субъект (қатысушы) - құқықтық қатынасқа қатысушы нормаға сай кұқықтармен міндеттерге ие тұлға.. Құқықтық қатынастардың бағытталған мақсаты оның мазмұнын құрайды, сол бағытталған мақсатқа жету барысында құқықтық қатынастар туындайды.

Материалдық мазмұны - бұл тұлғаның нақты әрекеті, бұны орындау барысында тараптардың кұқықтары мен міндеттері жүзеге асады. Заңдык мазмұн бұл субъективтік кұқықгар мен міндеттер болып табылады. Әкімшілік-кұқықтық қатынастардың пайда болуы, өзгеруі, жойылуы заңдық қатынастарға негізделген. Заңдық фактілер -тараптар арасында нақты кұқықтық қатынас тудыратын нормамен бекітілген жағдай. Әрекет-субъектінің өз еркін білдіру актісі, ол өз кезегінде заңды және заңсыз болып екіге бөлінеді. Оқиғаның әрекетке қарағанда ерекшелігі - ол субъектінің еркіне бағынбайды. Бұған адамның дүниеге келуі, қайтыс болуы және т.б. жаткызуға болады. Әкімшілік- кұқықтық қатынастар зандық сипаты бойынша тік (вертикапьный) және көлбеу (гаризонтальный) болып бөлінеді. Тік әкімшілік кұқықтық қатынастар әкімшілік кұқықтық реттеудің және мемлекетті басқару қызметіне тән субъектілер мен объектілер арасындағы бағыныштылық байланыстың мәнін білдіреді. Көлбеу кұқықтық қатынастардың көбінесе тіке қатынастарға алғы шарт болатыны тәжірибеден белгілі.

Қорытындылай келе, жалпы қоғамда әкімшілік нормалар мен қатынастар болмай, қоғамның дамуы мүмкін емес сиякты, өйткені әкімшіліқ кұқықтық нормалар бекітілуі арқылы қоғамда тәртіп орнайды. Ал әкімшілік кұқықтық қатынастар тек биліктік өкілеттілікке ие болып қана қоймай, сонымен қатар әкімшілік құқыктың субъектілерінің түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қорғап, кұқықтық қатынастарды тұрақтандырады.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1.1. Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.

1.2. Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері.

1.3 Әкімшілік-құқықтық нормалар ұғымы.

3 апта


Дәріс № 3.

3- тақырып. Әкімшілік құқықтың жеке және ұжымдық субъектілері.


Негізгі сұрақтар:

3.1. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

3.2. Қоғамдық ұйымдар және діни ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

3.1. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

Әкімшілік-құқықтық субъектілерге тоқталмас бұрын, ең алдымен «әкімшілік құқық субъектісі» ұғымына түсінік беру керек. Әкімшілік құқықтың субъектісі болып азаматтар, қоғамдық және мемлекеттік емес бірлестіктер мен олардың қызметкерлері, сондай-ақ кәсіпорындар мен мекемелер, ұйымдар және еңбек ұжымдары саналады.

Әкімшілік құқық субъектілері мынадай 3 шарт бойынша ғана әкімшілік құқықтық қатынастардың субъектісі болып табылады:

- субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қарастыратын әкімшілік құқық нормалары;

- субьектілердің құқықтық және әрекет ету қабілеттілігінің болуы;

- құқықтық қатынастардың өзгеруі мен тоқтатылу негіздерінің қалыптасуы.

Әкімшілік-құқықтық субъектілер жеке және ұжымдық болып 2-ге бөлінеді. Жеке субъектілерге азаматтардың және Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік құқықтық әрекеттері мен құқықтары жатады. Ал ұжымдық субъектілерге Қазақстан республикасының Үкіметі, Министрліктер, Мемлекетттік комитеттер және ведомствалар, сондай-ақ жергілікті органдар мен ұйымдар жатады. Жеке әкімшілік құқықтың субъектісін қарастыратын болсақ, ол ең алдымен азаматтың құқықтық мәртебесінен басталады.

Сондықтан ең алдымен «азамат» деген түсінікті анықтап алу қажет. Заң әдебиеттерінде ол біріншіден, адамның қандай да бір мемлекетпен саяси-құқықтық қатынастарын анықтайды. Екіншіден, азамат деп кейбір құқықтын, саласында белгілі бір салада нақты құқықтарға ие жеке тұлғаны атайды. Әкімшілік құқықта «азамат» деген ұғымға осындай түсінік беріледі. Сонымен бірге конституциялық-құқықтық анықтама бойынша азаматтығы жоқ және шетел азаматтары да әкімшілік құқықтың субъектісі болып табылады. Заң ғылымы мен әдебиеттерде де азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне, азаматтар мен мемлекеттік басқару органдары арасындағы қарым-қатынастар туралы мәселелерге де көп көңіл бөлінеді. Бүл мәселелер қазіргі Қазакстанның даму кезеңінде елеулі мәнге ие болып отыр.

Кез келген азамат өзінің, өмір сүру барысында басқа мемлекеттік органдарға қарағанда мемлекеттің басқару органдарымен көбірек қақтығысады. Олардың қарым-қатынастарынан көптеген конституциялық және басқада қүқықтар туындайды,сонымен қатар, әкімшілік - құқықтық нормалар азаматтар мен мемлекет арасында қалыптасып келе жатқан қатынастарды реттейді; азаматтардың негізгі құқықтық мәртебелерін, олардың бостандығы мен конституциялық құқықтарын дамытып, бақылайды, азаматтардың бостандығы мен құқықтарын ұйымдастыру механизмін қалыптастырады. Мысалы, тіпті адамның өмір сүру құқығы әкімшілік-құқықтық нормалар мен актілерде белгіленген. Азаматтың өмірге келгеннен бастап, дүниеден өткенге, тіпті өлімді анықтаудың өзі актілермен жузеге асырылады. Сонымен бірге азаматтың білім алуы білім туралы заң және басқа да актілермен бекітіліп, бірқатар әкімшілік-құқықтық нормалармен негізделген. Сондай-ақ, әкімшілік құқық, тек мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеп отырады.

Азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесі жаппы құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылады және оның төмендегідей әлементтері бар:

1. әкімшілік құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі;

2. мемлекеттік басқару саласындағы қүқық пен міндеттер;

3. азаматтардың бостандығы мен құқығының әкімшілік- құқықтық кепілдігі.

Әкімшілік құқықтың субъектісі болу үшін азаматтар әкімшілік құқық кабілеттілігіне және мемлекетті басқару саласында қүқықтар мен міндеттерге ие болу керек. Жалпы азаматтарда әкімшілік әрекет қабілеттілігі басқа құқықтықсалаларға қарағанда ерте қалыптасады. Мысалы, мектеп оқушылары бұзылған құқықтарды қалпына келтіруге шаралар қолдануды әкімшіліктен талап ете алады, мысалы, жастар ісі жөнінде мемлекеттік органдарға үндеу жариялау сияқты.

Толыққанды әкімшілік әрекет қабілеттілігі 18 жастан ғана басталады. Әкімшілік құқық және әрекет кабілеттілігі тек жас мөлшеріне ғана емес, сондай-ақ денсаулыққа, тұрғылықты жеріне, біліміне және басқа да факторларға негізделіп қалыптасады. Кейбір факторлар әкімшілік құқық және әрекет қабілеттілігін толығымен немесе жартылай шектеуі мүмкін. Мәселен, психикалық аурулар мен мүгедектер транспорт жүргізу құқықтарынан айырылады, соттық жауапкершілікке тартылған және арнайы білімі жоқ азаматтар мемлекеттік аппаратта лауазымды міндет атқару құқығын жоғалтады.

Кез келген құқық субъектісінің және азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің басты әлементі болып, мемлекеттік басқару саласындағы құкық пен міндеттер саналады. Оларды бірнеше себептерге байланысты жіктеуге (классификациялауға) болады. Әкімшілік-құқықтық мәртебе азаматтың конституциялық мәртебесімен тығыз байланысты болғандықтан конституцияға қатысты құқықты бөліп көрсетуге болады. Оған мемлекеттік істерді басқаруға қатысу, мемлекеттік қызмет атқару қүқығы, лауазымды тұлгалар мен мемлекеттік органдардың Іс-әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану құқығы жатады. Сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқығын әкімшілік құқық мәртебесінің әлементі ретінде қарастыруға болады. Бүл құқықтар мемлекеттік басқару органының қатысуынсыз және әкімшілік-құқыктық қатынастарынсыз жүзеге аспайды. Мемлекеттік басқару сапасындағы басқа құқықтар конституциялық құқықты дамытады.

- денсаулықты қорғау конституциялык құқығы, бүл құқық дәрігерлік (медициналық)-санитарлық, медициналық-әлеуметтік көмек, дәрі-дәрмектік, ортопедиялық және протездік көмекпен қамтамасыз ету, сауықтыру мекемелерін қолдану және өзінің денсаулығы жайлы ақпарат алу сияқты азаматтың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бөлігі болып табылатын құқықтармен нақтыланады.

- бұқаралық ақпараттар құралдарын тіркеу құқығы. Бұл құқық сөз бостандығына, өз ойын еркін жеткізуге және ақпарат таратуға негізделген. Әр конституциялық құқық әкімшілік занда көрініс табады, яғни бұл құқықтардың дамуы, азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіне кіретін басқа құқықтармен қамтамасыз етіледі. Конституциялық және соған қатысты құқықтардан басқа, мемлекеттік басқару саласында азаматтар көптеген өзге құқықтарға ие. Бұл құқықтар әр түрлі құқықтық актілермен бекітіледі. Оған мыналар жатады: қару алу, әр түрлі тауарлар сатып алуға, сондай-ақ басқа кызметтерді пайдалануға; некеге тұруға, мемлекеттік басқару органдарына арыздануға, транспорт жүргізуге, тегін, аты-жөнін және әкесінің атын өзгертуге құқықтары бар.

Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің құқықтарымен бірге азаматтардың міндеттері де елеулі роль атқарады. Құқықтың кез келген саласында азаматтың, негізгі құқықтық мәртебесін, Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарын сақтау, басқа тұлғалардың құқығын, бостандығын, ар-намысын құрметтеу міндет болып табылады. Осы басты міндеттерден, басқа қосалқы міндеттер қалыптасады. Олар құқықтық актілерде бекітіліп, адамдардың әр түрлі өмір сүру әрекеттеріне қатысты болады. Әкімшілік-құқықтық нормалар көптеген азаматтардың мінез-құлық ережелері мен міндеттерін бекітеді. Мысалы, жол жүру ережелері мен қоғамдық транспортты пайдалану; керекті жағдайда міндетті түрде медициналық тексеру мен емделуден өту; транспорттық көліктерді тіркеу және кейбір іс-әрекет түрлерімен айналысуға рұқсат алу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет