№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



бет8/9
Дата14.06.2016
өлшемі486 Kb.
#135965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Әкімшілік құқық бұзушылыктың зандык белгілері:

а) қуқыққа қарсылык, — бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау больш табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше баска салаларынікі де болуы мүмкін.

Бірақ, белгіленген нормаларды сактау әкімшілік жауапты­лық шараларымен корғалады.

б) кінәлілік, яғни кұқыкка карсылық әрекетгі қасақана не­месе абайсызда жасау. Заң бойынша егер кұкыкка карсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құкық бузушылық қасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік кұқық бұзушылык жасаған адам өз әрекетінін немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мумкін екенін біле турса да, бірақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойлаған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құкык бүзушылық абайсыздыкпен жасалған деп танылады.

Құкык теориясында қасақана әдейі және жанама болып бөлінеді, ал абайсыздықтың құқық бұзушылықтык менмендік немесе құқық бұзушылықтык салақтық түрлері бар. Мысалы, ұсақ бұзакылык ұсак ұрлық, тыйым салынған тәсілмен аң аулау тағы сол сияктылар — осылардың бәрі және соларға үқсас әрекеттер тек кана касақана жасалуы мүмкін. Көптеген әкімшілік құкык бузушылыктар абайсыздықтан жасалынады, мысалы, жол жүру, өрт кауіпсіздігі ережелерін бұзу, тағы сол сияктылар.

Кінә—әкімшілік қүқық бүзушылыктың міндетті белгісі; ол болмаса адамды әкімшілік жауаптылыкка тартуға негіз жок деп табылады.

в) қогамга зиянды деп азаматгың, қоғамның, мемлекеттін мүдделеріне зиян келтіретін әрекет танылады.Әкімшілік жауаптылык институтының шеңберінде қандай әрекет қоғамға қарсы деп табылатыны зандармен белгіленеді.

Әкімшілік қуқық бузушылықтың коғамға зияндык салмағы кылмыс жасағаннан едәуір төмен, сондықтан олар занды түрде баскаша бағаланады да, аса катал емес жауаптылык белгіленеді. Бұлардан басқа, зандармен арнайы субъектілердің — жасы кәмелетке толмағандардын, әскери қызметшілердің және тәртіптік жарғыларды басшылыққа алатын басқа адамдармен катар шет елдіктердің де әкімшілік құқық бұзушылык жасағаны ұшін жауаптылығының тәртібі белгіленеді.

Азаматтар өздерінің жасаған әкімшілік құкык бұзушылыктары үшін соларды жасаған кезде он алты жаска толғандары жауапты болады. Әкімшілік қукық бұзушылық жасаған он алты жастан он сегіз жасқа дейінгі адамдарға жасы толмағандардың істері жөніндегі комиссиялар туралы Ережеде көзделген шаралар колданылады, 16 жастан 18 жасқа дейінгі адамдар ӘҚБтК-тің 13 -бабының

екінші абзацында көрсетілген (ұсақ бұзакылық, атылатьш карудан елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда, немесе белгіленген тәртіптің ережесін бұзып ату, полиция қызметкерінің немесе халық жасакшысының заңды өкіміне немесе талабына қасақана бағынбау жөне с.с.) әкімшілік құқык бұзушылықты жасаған жағдайда, олар жалпы негізде әкімшілік жауапты болады.

Әскери кызметшілер және жиындарға шақырылған әскери міндетті адамдар, сондай-ақ ішкі істер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары әкімшілік қүкык бұзғандары үшін тәртіптік жарғылар бойынша жауапты болады. Бұған жол жүру ережесін, аң аулау, балық аулау және балық қорларын қорғау ережелерін, кеден ережесін бұзған және контра­банда жатпайды.

Осы көрсетілген жағдайларда бүл адамдар жалпы негіздерде өкімшілік жауапты болады. Сосын, бул санаттағы азаматтарды өкімшілік қамауға алуға, ал кезекті шақырылған әскери қызметшілерге айыппұл да салуға болмайды.

Қазақстан аумағында тұратьн шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтығымен бірдей жалпы негіздерде әкімшілік жауапты болады. Қазакстан Республикасының әкімшілік юрисдикциясынан иммунитетпен пайдаланатын шет ел азаматтарының жауаптылығы туралы мәселе дипломатиялық жолмен шешіледі.

Лауазымды адамдар олардың кызмет жағдайларына байланысты әкімшілік құкык субъектілерінің ерекше санатын кұрайды. Басқару тәртібін, мемлекеттік және қоғамдык тәртіпті, табиғатты, халықтың денсаулығын корғау саласындағы белгіленген ережелерді және орындалуын қамтамасыз ету «өздерінін кызмет міндетіне жататын баска ережелерді сактамауына бай-ланысты әкімшілік кұкык бұзушылык жасағаны үшін лауазымды адамдар жауапты болады.

8. 2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құқық бұзушылықтан және тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы.

Жалпы құқық бұзушылық - бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқықкқ қайшы, қоғамға кауіпті, кінәлі іс-қимыл. Құқық бүзушылық қоғамға қауіптілігіне қарай екіге бөлінеді.

1. Құқық бұзушылық — бұл Қазақстан Республикасы құқық бұзушылықтық кодексінде көрсетілген, құқық бұзушылықтық жауапкершілік пен құқық бұзушылықтық жазаны туындататын қоғамға аса қауіпті іс-әрекет.

2. Теріс қылық - қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салдар туғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс-әрекеттер. Теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық- құқықтық, материалдық бөліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз - әкімшілік құқық бұзушылық.

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс Қазақстан Республикасы Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған кағидалары мен нормаларына негізделеді. Қазақстан Республикасының әкімшілік-деликтік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ак Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мен Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлігі болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері — адам және азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қоргау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу.

1. Әкімшілік қүқық бұзушылық түсінігі. Жеке адамның, әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті, не әрекетсіздігі немесе заңды түлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бүзушылық болып табылады.

Егер әкімшілік құқық бұзушылык жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, онын залалды салдарын алдын-ала білсе және осы салдардьщ туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайлы қараса, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің зиянды салдарының туындау мүмкіндігін алдын-ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиісті назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса ла осындай салдардың туындау мумкіндігін алдын-ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады (30- бап).

8.3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объект, объективті жақ, субъект, субъективті жақ.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы - бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаны жауапкршілікке тарту үшін жеткілікті және қажетті заңмен белгіленген белгілердің жиынтығы. Егер осы заңды құрамның барлық белгілері болғанда ғана әрекет құқық бұзушылық деп танылады. Ол мынадай 4 элементтен тұрады:

1) әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі;

2) әкімшілік құқық бұзушылық объектісі;

3) әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы;

4) әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, 16 жасқа толған және ақыл есі дұрыс тұлға. Бұл жалпы субъект болып табылады. Арнайы субъект- лауазымды тұлғ,алар, диплматиялық қорғаншылықтарды пйдаланбайтын шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар; ерекше субъект - әскери қызметкерлер, әскери жиында жүрген азаматтар, прокурорлар, ІІО қатардағы және басшы құрамындағы тұлғалар, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлері.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объектісі құқық нормаларымен реттелетін және әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Оның 4 түрі бар:

1) жалпы объект - мемлекеттік басқару облысында туындайтын және бұқаралық құқық салалырмен реттелетін қоғамдық қатынастар;

2) текті объект - пайда болу және жүзеге асырылу саласы бойынша бір текті жақын қоғамдық қатынастар тобы. , мысалы, жеке меншік, қоғамдық тәртіп, табиғатты қорғау, тұрғындардың денсаулығы, басқару тәртібі;

3) түрлі объект - бір текті құқық бұзушылықтар үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы, мысалы, жол жүру ережелерін бұзу, паспорттық режимді бұзу, кеден ережелерін бұзу.

4) тікелей объект- әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын, нақты қоғамдық қатынастарға зиян келтіру, мысалы, кедендік бақылау зонасының режимін бұзу.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың объективті жағы - бұл әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы жағын білдіретін белгілердің жиынтығы. Оған мыналар жатады:

1) құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік;

2) құқық бұзушылықтың сипаты (әлденеш рет жасау, қайталану);

3) құқық бұзушылық уақыты (күндіз, түнде);

4) оның тигізген зиянды салдарлары (зиянның мөлшері кейде әкімшілік немесе құқық бұзушылықтық жауаптылық шараларын қолдануды анықтайды);

5) құқық бұзушылық істеген кезде пайдаланылған құралдар (көлік құралы, ішімдік заттары, есірткі заттары, қару-жарақ).

Әлденеше рет жасау - бұл бір текті әрекетті немесе әрекетсіздікті бірнеше рет жасауды білдіреді.

Қайталану - бұл тұлғаның 1 жыл ішінде біртекті құқық бұзушылықты жасап, сол үшін алдында ғана әкімшілік жазаға тартылған болса. Бұл жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады. Құқық бұзушылықты әлденеше рет жасаудың қайталанудан айырмашылығы - бірнеше құқық бұзушылық емес, тек бір ғана құқық бұзушылық болып саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъективті жағы құқық бұзушының істеген құқыққа қайшы әрекетіне немесе әрекетсіздігіне және оның салдарларына ішкі, психикалық қатысы. Құқық бұзушылықтың субъективті жағының міндетті белгісі - кінә. Оның 2 нысаны бар: қасақана және абайсызда; Факультативті белгілері : мақсат және себеп.

Қасақана - бұл тұлғаның өзінің ісәрекетінің құқыққа қайшылығын сезсе, оның зиянды салдарларын алдын ала білсе, ол салдарлардың туындауын қаласа, әкімшілік құқық бұзушылық әдейі жасалған деп танылады. Оның екі нысаны бар; тура және жанама;

Абайсызда -әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға өзінің іс-әрекетінің зиянды саладарларының туындау мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ оның алдын алуға болатындығын ұшқары ойласа немесе тиісті назар аударғанда оның алдын алуға болатындығын,соындай салдарлардың туындау мүмкіндігін алдын ала білмесе, әкімшілік құқық бұзушылық абайсызда жасалған деп саналады. Оның екі түрі бар: немқұрайлылық пен менмендік.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1. Әкімшілік мәжбүрлеуде әкімшілік ескерту шараларының ролі мен мағынасы.

2. Әкімшілік ескерту шараларының түрлері.

3. Әкімшілік ескерту шаралары сипаттамалық белгілері және басқа әсер ету шараларынан айырмашылығы.

9 АПТА

Дәріс № 9.



9 тақырып. Әкімшілік жауаптылық.

Негізгі сұрақтары:

9.1. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі белгілері

9.2. Әкімшілік жауаптылықтың заңдылық негіздері

9.3. Әкімшілік жауаптылықтан босату

9.1. Әкімшілік жауаптылық ұғымы және негізгі белгілері

Әкімшілік жауапкершілік – бұл әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаға өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) қолданатын әкімшілік жаза түріндегі әкімшілік мәжбүрлеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәлі адамға өкілетті мемлекеттік органдар әкімшілік жауапкершілік түрінде мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолданады. Әкімшілік жауапкершілікті сот және Парламент, Президент, Үкімет, заңды негізде мемлекеттік жергілікті өкілді және атқарушы органдарда белгілеуге құқылы. Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін негізгі нормативті-құқықтық акт - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі (2001 жылы 30 қаңтарда қабылданған). Әкімшілік жауапкершілікке мынадай белгілер тән:

1) құқықтық тәртіпті бұзудан қорғау құралы болып табылады;

2) әкімшілік жауапкершілікті заңдар, заң күшіндегі актілер немесе олардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы нормалары белгілейді;

3) әкімшілік жауапкершіліктің негізі - әкімшілік құқық бұзушылық;

4) әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қарастырылған;

5) әкімшілік жазаны мемлекеттік басқару органдары және олардың лауазымды тұлғалары өздеріне бағынышты емес құқық бұзушыларға қолданады;

6) әкімшілік жазаны қолданғанда бас бостандығынан айырлмайды және жұмыстан шығару негізі болып табылмайды;

7) әкімшілік жауапкершілік шараларын әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша реттейтін заңға сәйкес қолданады.

Әкімшілік жауапкершілікке әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде 16 жасқа толған тұлғалар тартылады.

Кәмелетке толмағандардың әкімшілік - құқықтық жауапкершілікке тартылуы. 16 жастан 18 жасқа дейінгі әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға кәмелетке толмағандардың істері бойынша Комиссия туралы жағдаймен қарастырылған шаралар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстан кәмелетке жасы толмағандардың құқық бұзушылықтарын қарау үшін Ювеналдық юстиция енгізілі отыр.

Әскери қызметкерлердің жауапкершілігі. Әскери қызметкерлер және әскери міндетін өтеуге шақырылғандар, Ішкі Істер органдарының қатардағы және басшылық ету құрамындағы тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда тәртіптік жарғылары бойынша жауапкершілікке тартылады. Осы аталған тұлғалар жер қойнауын, жер және су ресурстарын, атмосфераны, жан-жануарлар мен өсімдік әлемін тиімді пайдалану және қорғау ережелері мен нормаларын бұзғаны үшін, жол жүру режелерін, кедендік ережелерді, карантин бойынша ережелерді бұзғаны үшін және контрабанда үшін жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке тарталады.

9.2. Әкімшілік жауаптылықтың заңдылық негіздері

Әкімшілік жауапкершілікті реттейтін, не регламенттейтін негізгі нормативтік құқықтық акті-Әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі кодекс (КоАП) болып есептеледі. Әкімшілік жауапкершілікті жеңілдететін немесе жоятын актілер кері күшке ие, яғни олардың басылымына дейінгі жасалған құқық бұзушылыққа да танылады. Әкімшілік жауапкершілікті қиындататын және бекітетін актілердің кері күші жоқ. Жауапкершілікке қатысушылардың жастық ерекшеліктері де маңызды. Мысалы, 16 жастан 18 жасқа дейінгі құқық бұзушыларға кәмелеттік жасқа дейін қолданылатын шаралар арнайы комиссия мүшелерінің қаулысымен қадағаланады.

Ал әскер қызметкерлері мен әскерде әскери борышын өтеушілерге, ішкі істер органының төменгі және басқарушы өкілдері әкімшілік құқық бұзушылық үшін тәртіптік жарғы бойынша жауапкершілікке тартылады. Бұл азаматтарға қазба байлықтарды, жер және су ресурстарын, атмосфералық ауа мен өсімдік және жануарлар әлемін, жол жүру ережелері мен кеден ережелерін, өсімдіктердің карантины жайлы ережелер мен қонтрабандалық әрекеттерге жол бермеуді қадағалайтын нормаларды орындамаған жағдайда, әкімшілік жауапкершілікке жалпы түрде тартылады. Аталған азаматтарға әкімшілік қадағалау орындалмайды.

Қазақстан Республикасының аумағындағы шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасының азаматтарына қолданатын жалпы әкімшілік жауапкершілік шаралары қолданылады. Ал Қазақстан Республикасының аумағында шетел азаматтары жасаған құқық бұзушылыққа әкімшілік жауапкершілік шараларын қолдану дипломатиялық келісімдер арқылы шешіледі. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалардың жауапкершілігі. ҚР территориясындағы шетел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар жалпы негізде әкімшілік жауапкершілікке ҚР азаматтары сияқты тартылады. Ал диплматиялық қорғаншылықты пайдаланатын тұлғалар әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кезде әкімшілік жауапкершілікке тарту ҚР заңдарына және сәйкес елмен жасасқан халықаралық шарттарға сай жүзеге асырылады.

9. 3. Әкімшілік жауаптылықтан босату

Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мынадай мән-жайлар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 38 - 43 бабарында қарастырылған:

1) қажетті қорғану;

2) қол сұғушылық жасаған адамды ұстау;

3) аса қажеттілік;

4) негізді тәуекел;

5) күштеп немесе санаға әсер етіп мәжбүреу;

6) бұйрықты немесе өкімді орындау;

7) ақыл есінің кемдігі (33 бап).

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар болып мыналар танылады (61 бап):

1) кінәлі адамның өкінуі;

2) кінәлі адамның құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарды бодырмауы, залалды өз еркімен өтеуі немесе келтірген зиянды жоюы;

3) әкімшілік құқық бұзушылықты күшті жан толқынысының әсерімен не жеке басының немесе отбасының ауыр жағдайлары салдарынан жасау;

4) әкімшілік құқық бұзушылықты кәмелетке толмаған адамдардың жасауы;

5) әкімшілік құқық бұзушылықты жүкті әйелдің немесе 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдің жасауы;

6) әкімшілік құқық бұзушылықты күш қолдану немесе психикалық мәжбүрлеу нәтжесінде жасау;

7) әкімшілік құқық бұзушылықты қажетті қорғанудың заңдылығы шарттарын бұзу, құқыққа қарсы қол сұғушылық жасаған адамды ұстау, бұйрықты немесе өкімді орындау кезінде жасау.

Әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар болып мыналар танылады (62 бап):

1) уәкілетті адамдардың талап етуіне қарамастан құқыққа қарсы мінез-құлықты жалғастыра беру;

2) бұрын жасаған әкімшілік құқық бұзушылығы үшін әкімшілік жазалауға ұшыратылған, ол бойынша осы Кодекстің 66 бабында көзделген мерзімі бітпеген адамның біртекті әкімшілік құқық бұзушылықты 1 жыл ішінде қайталап жасауы;

3) кәмелетке толмаған адамдарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту;

4) кінәлі адамның біле тұра ауыр психикалық аурумен ауыратын адамдарды, не әкімшілік жауаптылық туындайтын жасқа жетпеген адамдарды әкімшілік құқық бұзушылық жасауға тартуы;

5) ұлттық, нәсілдік және діни жек көрушілік немесе жауласушылық себебі бойынша, басқа адамдардың заңы әрекеті үшін кек алу, сондай-ақ басқа құқық бұзушылықты жасыру немесе оның жасалуын жеңілдету мақсатында әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

6) адамға немесе оның жақындарына қатысты белгілі бір адамның өзінің қызметтік, кәсіптік немесе қоғамлық борышын орындауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

7) кінәлі адамның біле тұра жүкті әйелдерге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғаныс немесе дәрменсіз адамға не кінәліге тәуелді адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

8) адамдар тобының әкімшілік құқық бұзушылық жасауы;

9) табиғи апат жағдайында немесе басқа да төтенше жағдайлар кезінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау;

10) маскүнемдік, нашақорлық немесе уытқұмарлық күйінде әкімшілік құқық бұзушылық жасау.

Қажетті қорғану.

1. Қажетті қорғану жағдайында, яғни жеке басын,тұрғын үйін, меншігін, жер учаскесін және қорғанушының немесе өзге де адамдардың басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне қол сұғушыға зиян келтіру арқылы құқыққа қарсы қол сұғылудан қорғау кезінде, егер бүл ретте қажетті қорғану шегінен шығып кетуге жол берілмеген болса, осы Кодексте көзделген әрекетті жасау әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Өздерінің кәсіби немесе өзгеде арнаулы даярлықтарына және қызмет жағдайына қарамастан, барлық адамдар бірдей дәрежеде етті қорғаныс құқығына ие. Құқыққа қарсы қол сұғушылықтан аулақ болу не басқа адамдарға немесе мемлекеттік органдарға көмек сурап жүгіну мүмкіндігі болғанына қарамастан, бұл құқық адамға тиесілі болады.

3. Қол сұғу сипаты мен дәрежесіне қорғанудың айқын сәикес келмеуі, осынын нәтижесінде қол сұғушыға жағдайдан туындамаған шектен тыс айқын зиян келтіру қажетті қорғану шегінен шығып кету деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтірілген жағдайларда ғана әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

4. Құқыққа қарсы қол сұғудан туындаған үрейдің, қорқудың немесе сасқалақтап қалудың салдарынан қажетті қорғаныс шегінен асып кеткен адам әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс емес.

Аса қажеттілік.

1. Аса қажеттілік жағдайында, яғни осы адамның немесе өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтар мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндіретін қауіпті жою үшін осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру, егер бұл қауіпті өзге құралдармен жою мүмкін болмаса және бүл орайда аса қажеттілік шегінен асуға жол берілмесе, әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Қатер төндірген қауіптің сипаты мен дәрежесіне және қауіп жойылған, құқық қорғау мүдделеріне тең немесе зиянды болдырмаудан айтарлықтай көбірек зиян келтірген жағдайға анық сәйкес келмейтін зиян келтіру аса кажеттілік шегінен асып кету деп танылады. Мұндай асып кету тек қасақана зиян келтірген жағдайда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Негізді тәуекел.

1. Қоғамдық пайдалы мақсатқа жету үшін негізді тәуекел жасалған кезде осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды.

2. Егер тәуекелмен байланысты емес іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) аталған мақсатқа қол жеткізу мүмкін болмағанда және тәуекел жасаған адам осы Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келуін болдырмау үшін жеткілікті шаралар қолданса, тәуекел негізді деп танылады.

Бұйрықты немесе өкімді орындау.

1. Өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау үшін әрекет еткен адамның осы Кодексте көзделген әрекетті жасауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылмайды. Осындай әрекеттің жасалуына заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам әкімшілік жауаптылықта болады.

2. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындау үшін қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам жалпы негіздерде әкімшілік жауаптылықта болады. Көрінеу заңсыз бұйрықты немесе өкімді орындамау әкімшілік жауаптылықты болдырмайды.

Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары

Әкімшілік жауапкершілікке мынадай жағдайда тартылмайды:

1. Жеңіл тәртіп.бұзушылық деп танылса.

- арнайы орган немесе лауазымды тұлга жеңіл тәртіп бұзушылықтың мән-жайын тексеріп, оның ешбір ауыр залалы болмағанын растаса, оларға ауызша ескертулер айтып қана қояды. Яғни, мұндай жағдай заңды олқылықтар мен ауыртпалықтарға әкелмейді (ақысыз жол жүру, шу көтеру);

2. Басқа жауапкершілік түрлерімен алмастыру немесе қоғамдық ыкпал ету шараларын қолдану.

- сот билігіне немесе ұжымдық талдауға барлық материалдарды беруге болады; (мұндай жағдайлар тәрбиелік маңызды болып, объективтік негізде қалыптасқан жағдайда ғана колданылады);

- әкімшілік жауапкершілікті басқа жауапкершіліктермен алмастыру әскер қызметкерлері мен әскери борышын өтеушілерге, сот, прокуратура қызметкерлеріне қолданылады;

- жауапкершіліктің мерзімін қысқартуға болады. Мұндай жағдай құрмет көрсетіп, тәртіп пен тәрбиелік танытқан жағдайда жүзеге асады.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1. Әкімшілік мәжбүрлеуде әкімшілік бұлтартпау шараларының ролі мен мағынасы.

2. Әкімшілік бұлтартпау шараларының түрлері.

3. Әкімшілік бұлтартпау шаралары сипаттамалық белгілері және басқа әсер ету шараларынан айырмашылығы.

10 АПТА

Дәріс № 10.



10 тақырып. Әкімшілік жаза.

Негізгі сұрақтары:

10.1. Әкімшілік жаза ұғымы.

10.2. Әкімшілік жазалардың түрлері.

10.3. Әкімшілік жаза қолдану мерзімдері және әкімшілік жазаға тарту мерзімінің өтуі.

10.4. Әкімшілік теріс қылықтардың көптігі үшін әкімшілік жаза қолдану.

10. 1. Әкімшілік жаза ұғымы.

Әкімшілік жаза — әкімшілік кұқық бұзғаны үшін жауаптылық шарасы. Ол: а) әкімшілік құкық бұзушылық жасаған адамды зандарды сақтау және құқықтық тәртіпті қүрметтеу рухында тәрбиелеу;

б) құкык бұзушьшың да, баска адамдардың да жаңа құкық бұзушылық жасауының алдын алу максатында қолданылады . Әкімшілік жазалар белгілі межеде құқық бұзушылықтың алдын алу функциясын орындайды.

Әкімшілік жазалар, әдетте, құқық бұзушыға иә моральдық, иә материалдық ыкпал жасаудан көрінісін табады. Кейбір әкімшілік жазалар өзіне бір мезгілде әрі моральдық айыптауды, әрі материалдык ықпалды, әрі бұзушының құқығын уакытша шектеуді біріктіреді (мысалы, әкімшілік камауға алу, ар-найы қүкығынан айыру және басқалар).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет