№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



бет7/9
Дата14.06.2016
өлшемі486 Kb.
#135965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

б) арнайы құрал-жабдықтардың қолданылуы (дубинка, кісен, брондалған машиналар, т. б.);

в) атыс каруының колданылуы.

Процессуалды бүлтарпау шараларына - жеткізу, ұстау, жеке тексеріс, заттарды тексеру, құжаттар мен мүлікті тәркілеу, көлік құралдарын пайдаланудан босату жатады. Аталмыш бұлтартпа шараларын қолдану барысында заңдылық, мақсатқа лайықтылық және зиянды мүмкіндігінше аз келтіру сияқты қағидаларды ұстанған жөн.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылық жасаған азаматтың еркін әрекетіне қысқа мерзімде шек қою. Әкімшілік ұстау құқық бұзушылықтың алдын-алу шарасы ретінде қолданылады. Ол құқық бұзушы тулғаны айқындау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жүргізу, құқық бұзушы тұлғаны құқық қорғау органдарына тапсыру және әкімшілік жауапкершілікке тарту мақсаттарында пайдаланылады. Әкімшілік ұстау жауапкершілігінен депутаттар, судьялар, прокурорлар, шетел азаматтары және дипломатия саласындағы қызметкерлер босатылады. Әкімшілік ұстау әкімшілік құқық бұзушылықты тоқтату мақсатында жургізіледі және құқық бұзушыны хаттама жазу әкелгеннен бастап, 3 сағат өткеннен кейін оны ұстап отыруға құқығы жоқ, яғни, ол босатылады.

Тек қана ерекше жағдайда Қазақстан Республикасынын заңнамалық келісімдеріне байланысты бұл уақыт өзгеруі мумкін. Бұл жағдайлар мына түлғаларға қатысты:

- шекаралық тәртіпті немесе мемлекеттік шекарадан өту пунктіндегі тәртіпті бұзушы. Бұнда құқық бұзушыны хаттама толтыруға әкелгеннен бастап 3 сағатка дейін ұстайды; ал тұлғаның азаматтығы мен құқық бұзушылық дәрежесін анықтауға байланысты прокурорға 24 сағаттың ішінде жазбаша түрде баяндама жасағаннан кейін 3 күнге дейін ұстауға немесе егер құқық бұзушының ата-тегін пәлелдейтін куәлік-құжаттары болмаған жағдайда прокурордың санкциясымен 10 күнге дейін ұсталынады;

- белгілі бір аймаққа коменданттық сағаттың енгізілуі барысында тәртіпті бұзған азаматтар. Бұл кезде полиция, не әскери патруль ұстаған құқық бұзушыны 3 күн емес, коменданттық сағат біткенше ұстауға құқылы;

- ұсак бұзақылық істеген және жиналыс, митинг, көше шерулері мен демонстрациялардың өткізілу ережелерін бұзғандар. Бұлар қозғалған істі сот қарағанға дейін әкімшілік ұстау шарасын жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар, автокөлік жүргізушілердің көлікке мас күйінде отыруы да ерекше атап көрсетіледі. Рөлдегі адамның алкагольдік ішімдік ішкендігінен -жол ережелерінің бұзылуы, жол- көлік оқиғаларының болуы, азаматгардың көлік айдаушысы мас, не есірткі заттарын қолданғандығы туралы хабар беруі және көлік қозғаласының күдік туғызуы, т. б. жағдайлар себеп бола алады.

Ішкі істер органдары мына жағдайларда әкімшілік ұстау жауапкершілігіне тартады: ұсақ бұзақылык істегенде,- заңды өкімдерге қатал бағынбағанда, спиртті ішімдіктер ішіп, қоғамға қауіп төндіргенде, жезөкшелікпен айналысатын түлғаның мас күйінде адамның ар-ожданына, намысына, коғамдық ізгілікке қорлау жасағанда және т.б.

Мүлікті алып қою әкімшілік тәртіп бойынша, заңға қайшы мүліктерді алып қоюға байланысты затқа қатысты іс-әрекет. Заңға қайшы мүлікке - заңсыз.түрде сатып алынған атыс қару; жол ережелерін бұзуда көлік және оны пайдалануға қатысты заңсыз құжаттар; заң тыйым салған мекенде аңдар аулау, балық аулау т. б. жатады.

Егер де құқық қорғау органдарына белгілі бір объект немесе мысалы, азаматтар тасымалдайтын ұшақтардың жолаушылары жарылғыш зат, қару-жарақ, әскери ок-дәрі, уландырғыш, радиоактивті заттар тасымалдауы мүмкіндігіне күдік болса, онда заттарға, қол сөмкелері мен жүктерге заттық тексеріс қойылады, ал кейде жолаушылардың өздеріне де жеке тексеріс те ұйымдастырылуы үмкін. Тексеріс аэропортта немесе полиция, кеден органдары мен шекаралық әскердің қатысуымен әуе кемесінде жүргізіледі. Зат ексерісі мүлікті иеленуші адамның қатысуымен өтеді. Жеке тексеріс жынысы бір адамдар арасында өткізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық немесе әкімшілік ұстау жазу не болмаса, тексеріс туралы жалпы хаттама жазылады. Ұстау және тексеріс кезінде табылған заңға қайшы құжаттар мен заттар әкімшілік алып қою жауапкершілігіне тартылады.

Заттар мен құжаттардың алынуы жүргізіледі:

а) Ішкі істер органдарымен - атыс қаруынын заңға қайшы жолмен алу және пайдалануы; жол ережелерін заңсыз құжатты көлікпен бұзу; пайдалануға тыйым салынатын жерлерде аңшылықпен айналысу (балық аулау);

б) кеден органдарында - шекара арқылы контрабандалық заттардың өтуі;

с) шекара қорғау органдарында - шекаралық тәртіп ережесін сақтамайтын теңіз және өзен-көл жолдарымен заңсыз құжатпен өту;

д) балық қорғау органдарында - жүзу мен басқа көлік құралдарының балық аулау ережелерін сақтамауы;

е) аңшылық шаруашылығы органдарында - аң аулау қарулары мен құралдарының аң аулағанда заңсыз қолданылуы.

Алып қойылған заттар мен құжаттар қаралып жатқан істің соңына дейін арнайы мемлекеттік орган қарамағында болады. Істің шешіміне байланысты алынған мүлік тәркіленеді, жүк иесіне қайтарылады немесе жойылады, ал заттарды ақылы алған жағдайда, оларды өткізеді, Зат не құжат адынғаны туралы жеке, өз алдына хаттама жасалады, не болмаса, әкімшілік құқық бұзушылық туралы жазба хаттамада баяндалады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабы бойынша жеке меншік қорғауға алынған. Жеке меншіктің заңды күшін тек қана сот шешімі жоя алады.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін тарату дегеніміз - алғашқы жағдайды қалпына келтіруші құрал болып табылады.

Уақытша қызметтен босату денсаулығы басқа адамдарға жұқпалы ауру қаупін туғызатын тұлғаларға қатысты әкімшілік бұлтартпаудың бірден-бір құралы ретінде қолданылады.

Сауда және қоғамдық тамақтану орындарындағы қызметкерлер міндетті түрде дәрігерлік тексерістен өткізілуі тиіс. Алты айда бір рет өтетін дәрігерлікте тексерістен қызметкердің санитарлық кітапшасыңда жазбалар жүргізіп отырады. Уақытында дәрігерлік тексерістен өтпеген азаматтар жұмысқа жіберілмейді.

Заңға қайшы әрекеттердің бұдан да бірнеше мәрте қайталануы, полиция қызметкерінің өкімдері мен талаптарын қайталауы немесе құқық қоргау органдарының мәдениетсіздігі, қоғамдык тәртіпті сақтамау және өзін ерсі ұстауы, полиция қызметкеріне бағынбауы заңды өкімдер мен әкімшілік заңнамадағы екімдерде көрсетілген жауапқа тартылады.

Бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау - бұл шараны ішкі істер органдары жоғарыда аталған адамдардың тәртібін, олардың тарапынан шиеленістің алдын алып ескертіп отырады. Құқықтық қағидалардың негізіне ішкі істер органдарының бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан азаматтарды әкімшілік қадағалау туралы ережесін жатқызуға болады.

Әкімшілік қадағалау мына жағдайларға қатысты орнатылады:

а) сот шешімімен рецидивистер деп танылғандар;

б) аса ауыр құқық бұзушылықкерлер мен екі не одан да көп қасақана құқық бұзушылық жасағандар.

Әкімшілік қадағалау мерзімі 6 айдан 1 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Кей жағдайларда мерзім тағы да 6 айға созылуы мүмкін. Әкімшілік қадағалау тоқтатылады:

а) қадағалау- мерзімінің аяқталуына байланысты;

б) қадағалауға алынған азамат тұрмыста-да, еңбек етуде де белсенділік танытып, мерзімінен бұрын босаса

в) сот шешімі бойынша қадағалауға алынған азаматтан әкімшілік қадағалау алынып тасталған жағдайда.

Әкімшілік қадағалаудың тоқтағаны жайлы ішкі істер бөлімінің басшысы жариялайды. Әкімшілік қадағалауды тоқтату туралы ұсынысты прокурор заңды негізсіз деп тапса, онда ол қабылданбайды.

Қадағалауға алынған тұлғаның міндеттері

а) ішкі істер органдары шақырған уақытта келіп, әкімшілік қадағалау ережелерінің орындалу сипаты жайлы ауызша және жазбаша түрде түсініктеме беру;

б) қызмет бабына байланысты жергілікті тұрып жатқан мекенінің өзгергенін, бір ауданнан екінші ауданға көшкендігін полиция қызметкерлеріне мерзімді жеткізіп тұру;

в) жергілікті ішкі істер органдарында, басқа елді мекенге бір куннен артық уақытқа кеткен жағдайда, хабардар етіп, тіркеуге тұру.

Сонымен қатар, аталмыш міндеттерге ҚОСР жеке де шектеулер қойылуы мүмкін:

а) белгілі бір уақыттан кейін үйден (пәтер) шығуға тиым салу;

б) ауданның белгілі бір жерлерінде болуға тиым салу;

в) аудан (қала) шегінен шығуға мулдем тиым салу немесе белгілі бір уақытқа дейін кетуге шектеу қою;

г) бір айдан төрт ай мерзімінде келіп, полицияға тіркеуден өтіп тұру.

Көрсетілген міндеттер мен шектеулер толық не жартылай көлемде жанұя жағдайына, қызмет ету орнына, т.б. жағдайына баиланысты қолданылуы мүмкін.

Арнайы құралдар мен қару-жарақтарды пайдалану тек қана әкімшілік билік субъектілеріне ғана рұқсат берілген. Олардың қолданылуының құқық бұзушылықтық істің қозғалуына тікелей қатысы жоқ.

Арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдалану тәртібі, негізі,мақсаты туралы 1992 жылдың 23 маусымындағы «Қазақстан Республикасы Ішкі Істер органдары туралы» Заңында толық талқыланған. Арнайы кұралдар қоғамдық тәртіп бұзушылық,топтық бұзақылықтар күштеу сипатына ие болғанда; ғимарат, ескерткіш, мәдени құнды объектілерге зиянды қарақшылық немесе мемлекетке қарасты жол көліктеріне қатер төндірушілерге қарсы бүлтартпау шарасы қолданылады.

Арнайы құралдар мен қару-жарақты пайдаланудағы мақсат қоғамдық қауіпті әрекеттердің алдын алу және азаматтардың заңды мүдделері, құқықтары және конституциялық еркіндігіне қол сұғушылыққа жол бермеу.

Арнайы құралдарға кісен, байлау, самбо әдістері, қызметке иісшіл иттерді пайдалану, дубинка, көзден жас ағызатын газ, т.б. жатады.

Құқық бұзушылықтың бұлтартпау шарасы деп - қару-жарақтар да есептеледі; оны заңда негізделгендей тек қана ішкі істер қызметкерлері ғана пайдаланады.

Қару-жарақты пайдаланудың мынадай түрлері бар;

1. Адамға бағытталмаған:

а) жануарлардың шабуылынан азаматтардың қорғануы;

б)бұлтартпау мақсатында (жол көлігінің техникалық ахауларға байланысты дабыл белгісін беру немесе комекке шақыру; көлік жүргізушісі ішкі істер органдарының ескертулерін тыңдамай, азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретіндей шаралар).

2. Адамдарға бағытталған:

а) азаматтарды құқық бұзушылықтық қастандық әрекеттен қорғау мақсатында; ішкі істер органдары мен басқа да қоғамдық тәртіпті реттеуші органдар қызметкерлерінің жеке басына, жан-ұясына қауіп төндіргендерге қарсы; ішкі істер органдарының арнайы қорғауындағы объектілер, мемлекеттік мекеме орындары, үйымдарға қауіп төндірушілерге қарсы; ішкі істер органдары қатарындағы әскерилерге қарсы іс-әрекет ұйымдастырушыларға қарсы бағытталады;

б) аса қажеттілік жағдайларда (аманаттағы немесе кепілдіктегі адамды босату аса ауыр құқық бұзушылық барысында құқық қорғау органдарының шараларына мойынсұңбау; әкімшілік тұтқындаудағы түлғалардан басқаларының күзеттен қашу әрекетін жасауы), сонымен қатар заңды түрде қару-жарақты тапсырудан бас. Тартатын түлғалардың тұтқындалуы да жатады.

Ішкі істер қызметкерлері кез келген қауіп төндіруші адамдарға, оның әрекеттілігіне, жасына, азаматтығына, дипломатиялық иммунитетіне, қызметіне, әлеуметтік жағдайына және т.б. қасиеттеріне қарамастан қару-жарақты қолдануға құқылы. Заң қару-жарақты әйелдер мен кәмелетке толмаған жас өспірімдерге қолдануға тиым салады.

Жалпы қару-жарақты көшеде, елді мекенде, көлік ішінде, жарылғыш, отқа қауіпті қоймаларда қолдануға болмайды. Ал егер де оқ атушы өзінің жан-жағындағыларға ешқандай зиян тигізбейтіндігіне сенімді болса, пайдалануына болады. Полиция қызметкері жаралы адамға дер кезінде бірінші дәрігерлік жедел жәрдем көрсете білуі қажет. Жараланған тұлға туралы ең алдымен

Дәрігерлік көмек сұрау үшін кезекші органға телефон салады, ал өлім үстінде жатса, онда окиға болған жерді прокурор келгенше басқа азаматтардың тәртіп бұзушылығынан және т.б. заңға қайшы іс-әрекеттерден сақтауы керек.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 17 наурызда «кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актілерге» байланысты, «Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы» заңында қару-жарақты пайдаланатынын ескертпей-ак қолдана береді деген өзгерістер енгізілген болатын.

Шектеулер тек субъективтік ғана емес, сонымен қатар объективті белгілеріне байланысты да қойылады. Заң барлық азаматтарға олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық ішкі істер органдарын міндеттейді.

Полиция қызметкерлері кәсіби әрекетіндегі заңдылық қағидалары мен кәсібилігімен қатар, зиянның минимальды қағидасы да ескерілуі қажет. Сондай-ак, заңда қосымша заңдылық кепілдігін тағайындайды. Полиция қызметкерлері қару-жарақты пайдаланғаннан кейін 24 сағаттың ішінде полиция бөлімі басшысына рапорт жазып беруі тиіс. Полиция бөлімінің басшысы мұнан кейін қарудың пайдалану ережелері бойынша қызметтік тексеріс жүргізеді. Қару қолдану нәтижесінде адам өлімі, не жаралану сияқты жағдайлармен прокурор хабардар болып отыруы тиіс.

Мәжбүрлеп емдеу. Мәжбүрлеп емдеу бүлтартпаудың бір шарасы ретінде біршама қысқарды деп айтуымызға болады.

Дәрігерлік сипаттағы мәжбүрлеу шаралары маскүнемдік, нашақорлық, токсикамание ауруларын Құқық бұзушылықтық кодексте көрсетілген баптарға байланысты қолданатын болды. 1995 жылғы

17 наурыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан

Республикасының заңнамалық актілеріне кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізді: маскүнем, нашақор және таксикоманияға шалдыққан, өз еркімен емделуден бас тартқан тұлғаның әкімшілік теріс қылық жасағаны үшін сот әкімшілік жазамен қоса, арнайы денсаулық сақтау оранына мәжбүрлеп емдеу шарасын да олданады.

Қазақстан Республикасының Ішкі Істер органдары туралы заңына да өзгерістер енген. Осыған сәйкес, ішкі істер органдары нашақорлық, маскүнем, таксикомания, психикалык тежелген және басқа азаматтардың жеке құқықтарына, қоғамдық тәртіпке нұқсан, зиян келтіруші тұлғаларды мәжбүрлеп емдеу шарасымен денсаулық сақтау органдарына хабарлап, жіберіп отыруға міндетті. «Қазақстан Республикасы халқының денсаулығын сақтау туралы» заңының езгерістері мен толықтыруына байланысты маскүнем, нашақор, басқа азаматтардың құқықтарын шектеп, қоғамдық тәртіпті бұзушы тұлғаларды арнайы денсаулық сақтау органдарына мәжбүрлеп емдеуге жіберуге тиісті.

1995 жылдың 7 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Президентінің «Маскүнем, нашақорлық, таксикомания» Жарлығы бойынша арнайы емдеу-профилактикалық мекемелердегі стационарлық емдеу бөлімдерінде мәжбүрлеп емдеу регламенті болады және емделу барысында еңбекпен, не кәсіптің бір түрімен айналысуы мүмкін.

Әкімшілік алдын алу шаралары. Әкімшілік алдын алу шаралары мақсатқа жетудегі профилактикалық сипаттағы шараларға толы және олар қоғамға зиянды, қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Әкімшілік алдын алу шараларына құқық бұзушылық негіз болмайды, оған ерекше заңнамалық орнатылған шаралардың орындалмауы негіз бола алады. Әкімшілік алдын алу шараларына мыналар жатады:

- бас бостандығынан айыру жерлерінен шыққан азаматтарға әкімшілік қадағалау;

- кедендік тексеріс;

- азаматтық авиация мен басқа да көлік жолаушыларына арнайы тексеріс;

- жүйке жүйесі ауруларымен ауыратын азаматтардан қару-жарақ құралдарын алып кою;

- құжаттар тексерісі (автокөлік жүргізушілерінің паспорттық режим негізіндегі құжаттары, шекаралық күзетте, т. б.);

- сапар алдында автокөлік пен оның жүргізушісін куәландыру;

- денсаулыққа қауіпті жұқпалы ауру тараған аудан шекарасынан әрі қарай өткізбеу немесе шекараны жабу;

- жөнделіп жатқан көлік жүру жолына көлік өткізбеу;

- сапасыз азық-түліктерді жою;

- суды пайдалану құқығын шектеу және т.б.

Әкімшілік алдын алу шаралары көбінесе әкімшілік шектеу немесе белгілі бір ұйым не азаматтар категориясына байланысты әкімшілік әрекеттердің қолданылуы арқылы жүзеге асады.

Алдын алудың іс жүргізушілік шараларына мыналар жатады: жеткізу, ұстау, тұла-бойын қарау, заттарын қарау, заттарын және құжаттарын алып қою, көлік құралдарын басқарудан шеттету. Алдын алу шараларын қолданғанда заңдылық қағидасы қатаң сақталуы тиіс.

Жеткізу-заң бойынша теріс қылық жасаған адам мына жағдайларда жеткізіледі:

1. құқық бұзылған жерде хаттама жасау мүмкін болмай, бірақ хаттама жасау міндетті болған жағдайда - әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау үшін полиция қызметкері жеткізеді;

2. құқық бұзушыны, егер оның жеке басын куәлендіретін құжаты болмаса не ол жайында қажетті деректер бере алатын куйгер болмаса, өкілеттігі бар адам оны полицияға жеткізеді;

3. орман және аң аулау ережелерін, сонымен қатар балық аулау тәртібін бұзған жағдайда хаттама жасау мақсатында, егер құқық бұзушының кім екендігін сол жерде анықтау мүмкін болмаса, оны жеткізуді сол ережелердің сақталуын қамтамасыз ететін өкілетті адамдар жүзеге асырады;

- күзет қызметкерлері сол күзет объектілеріне қатысты құқық бұзылган жағдайда, оның кім екендігін аныктау және хаттама жасау үшін псшиция орындарына жеткізеді.

Әкімшілік ұстау - әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған адамдардың белгілі бір әрекеттер жасауына сонымен қатар жүріп-тұру құқығын мәжбүрлеп қысқа уақытқа шектеу. Әкімшілік ұстаудағы басты мақсат - құқық бұзушының кім екендігін анықтау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасау сонымен қатар құқық бұзушыны полицияға жеткізу және оны әкімшілік жауапкершілікке тарту болып табылады. Заң бойынша судьялар, прокурорлар, депутаттар сонымен қатар дипломатиялық иммунитеті бар шетел азаматтары әкімшілік ұстауға жатпайды.

Әкімшілік ұстауды Ішкі Істер органдары мына жағдайларда жүзеге асырады: кішігірім бұзақылық жасағанда, полиция қызметкерлері тәртібіне бағынбаса, ішімдік ішіп қоғамдық орындарда адамдық қасиеттерді таптағанда, сонымен қатар жезөкшелікпен айналысады деп ойлауға негіз болғанда және т.б. жағдайларда.

Тұла бойын қарау және заттарын қарау белгіленген ережелер бойынша және белгілі бір тәртіппен негіз болғанда жүзеге асырылады:

1. қауіпті жүктер мен заттарды, өсімдіктер мен бағалы жануарларды заңсыз алып өтуді болдырмау мақсатында және оның алдын алуды көздейді;

2. ұшудың, жолаушылардың, экипаж мүшелерінің және халықтың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында;

Тұла-бойын қарауды сол әрекетке өкілеттілік берілген бір жыныстағы адам, сол жыныстағы куәнің көзінше жүргізеді. Жүкті қарау жолаушылар жоқ болса лауазымды адамдардың аәропорт басшылары немесе оның орынбасарлары немесе тасымалдаудың, кауіпсіздіктің ұйымдастырылуын қамтамасыз ететін басқа да басшылардың тапсыруымен жүргізіледі. Заттар мен құжаттарды алатындар:

1. Ішкі істер органдары - иемдену және қолдану ережесін бұзған жағдайда атылатын қаруды; жол жүру ережелерін бұзған жағдайда көлік құралдарын және оларды пайдалануға құқық беретін құжаттарды; тиым салынған кәсіптің өнімдерін, заңсыз аң аулау және балық аулау құралдарын;

2. шекара күзету органдары - шекара режимінің ережелері бұзылғанда теңіз және өзен кемелерін және құжаттарды;

3. кеден органдары - контрабанда заттарын, шекара арқылы тасымалдау және басқа тасығыш құралдарын;

4. балық қорғау органдары - балық аулау ережелері бұзылғанда жүзетін және басқа көлік құралдарын, қаруларын және ауланған өнімді;

5. аңшылық шаруашылық органдары - аң аулаудың ережелері мен мерзімі бұзылған жағдайда аң аулау құралдарын, қаруларын және заңсыз аң аулау заттарын.

Алынған құжаттар мен заттар мемлекеттік органның қарамағына өткізіледі және шешім қабылданғанша сонда болады. Іс қаралғаннан кейін, оның қалай шешілгеніне қарай алынған заттар мен құжаттар тәркіленеді, немесе қайтадан иесіне қайтып беріледі, немесе жойылады, ал өтемі төленіп алынса - сатылады. Заттар мен құжаттар алынған жағдайда арнайы хаттама жасалынады.

Әкімшілік алдын алу шараларының бір түрі - рұқсат етілетін жүйе объектілерінің жұмысын уақытша тоқтатата тұру. Өз кезегінде мемлекет қаруды, оқ-дәріні, жарылғыш, күшті әсер ететін, ұлы және радиоактивті заттарды иемденудің, сақтаудың және тасымалдаудың рұқсат етілетін, бақыланатын тәртібін белгілеген.

Заңсыз әрекеттердің нәтижелерін жою бастапқы күйді қалпына келтірудің құралы болып табылады, егер құрылыстарды өз бетімен тұрғызса, онда заң бойынша белгіленген 8 ең аз жалақы мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, заңсыз салынған объектілер болатын болса, онда олар кінәлінің есебінен бұзылатын болады.

Жұмыстан уақытша шеттету азаматтарға қауіп төндіруші адамдарға қатысты және оның әрекеттері белгіленген тәртіпті бұзады деп ойлауға жеткілікті негіз бар адамдарға қатысты қолданылатын әкімшілік алдын алу шаралары болып табылады.

Бас бостандығынан айыру органдарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалауды ішкі істер органдары жүзеге асырады. 1996 жылы 15 шілдедегі «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» Казақстан Республикасының Заңы қадағалаудың құқықтық негізі болып табылады.

Әкімшілік қадағалауға мына адамдар жатады:

1. рецедивист, яғни сот аса қауіпті деп танығандар;

2. ауыр құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар немесе қасақана құқық бұзушылық үшін екі немесе одан көп рет бас бостандығынан айыруға сотталғандар.егер олар дұрыс жолға түсуге ешкандай ұмтылыс білдірмесе және коғам үшін қауіпті болып қалса;

3. қасақана құқық бұзушылық үшін бас бостандығынан айыруға сотталғандар, егер олар жазасын өтегеннен кейін немесе жаза өтеуден шартты - мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін, ішкі істер органдарының ескертпелеріне қарамастан. қоғамдық және мемлекеттік тәртіпті бұзса және басқа да құқық бұзушылықтар асаған жағдайда.

Әкімшілік қадағалау 6 айдан 1 жылға дейінгі мерзімге белгіленеді. Егер қажет болса ол тағы да 6 айға, бірақ соттылықты алу және жою үшін заңда белгіленген мерзімнен аспайтын мерзімге ұзартылады.

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру кезінде полиция қызметкері қадағалаудағы адамды әңгімелесуге шақыруға, одан қадағалау ережелерінің орындалуымен байланысты түсініктеме талап етуге, оның отбасына тәуліктің кез келген уақытында баруға құқысы бар.

Арнайы құралдар мен атылатын қаруды мәжбүрлеу шарасы ретінде қолдануға әкімшілік билік субъектісі ғана құқылы. Оларды пайдалану құқық бұзушылықтық іс қозғаумен тікелей байланысты емес, олар құқық бұзушылықтық істі қозғағанға дейін де, оны уақытша тоқтатқаннан, немесе қысқартқаннан кейін де, сондай-ақ қоғамға қауіпті іс-әрекетті тыю үшін де қолданылуы мүмкін.

Арнайы кұралдарды (олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады: қол кісендері, байлап тастау, самбо тәсілдерін қолдану, иісшіл иттерді қолдану, көзден жас ағызатын газ, таяқтар, су ілашқыш және т.б.)

Байлап тастағанда дене жарақатын салуы мүмкін емес құралдар қолданылады. Байлап тасталған күйде екі сағаттан артық ұстауға болмайды. Самбо тәсілдерін тандағанда полиция қызметкері нақты жағдайды, құқық бұзушылықтың мән-жайын, ұсталғанның қаншалықты қауіпті екендігін ескеруі керек.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1.1. Әкімшілік бұлтартпау шаралар түсінігі.

1.2. Әкімшілік бұлтартпау шараларынің жіктелуі. № 8 АПТА

Дәріс № 8.

Тақырып 8. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы және мәні.


Негізгі сұрақтары:

8.1. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы

8.2.Әкімшілік құқық бұзушылықтың құқық бұзушылықтан және тәртіптік құқық бұзушылықтан айырмашылығы.

8.3. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы: объект, объективті жақ, субъект, субъективті жақ.

8.1. Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы

Әкімшілік құкык бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі больш табылады. Әкімшілік право бұзушылық кодексінің (ӘПБК) 9-бабы бұл құкық бұзушылыктың түсінігін былай деп берген: »Мемлекеттік немесе қоғамдык тәртіпке, социалистік меншікке (казір социалистік жоқ — Б.Е.), азаматтардың праволары мен бостандыктарына, басқарудың белгіленген төртібіне киянат жасайтын сол үшін зандармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі (касакана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық (теріс кылық) деп танылады».

Құкык бүзушылық үшін, егер бұл құқық бұзушылық өзінің сипаты

бойынша қолданылып жүрген зандарға сәйкес кылмыстық жауаптылыққа әкеп соктырмайтын болса, әкімшілік заңдармен және басқа қүкык салаларының нормаларымен (каржы, жер және басқалардың) тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.

Әкімшілік құқык бұзушылық әкімшілік кукыктың нормаларымен жауаптылык каралатын, белгілі өрекеттерді жасауға тыйым салатьш (мысалы, жекеленген кару туралы Қазакстан Республикасының занымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызда жүруге тағы с.с.), қорғалатын коғамдык катынастарға нұқсан келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік кұқык бұзушылықтын күрамын құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет