Сондай-ақ азаматтық құқықта азаматтардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің жалпы және арнайы түрлерін ажырата білу қажет. Біріншіден, жалпы әкімшілік-құқықтық мәртебеге жас мөлшері, денсаулығы, айналысатын кәсібі, тұрғылықты жері және басқа факторлардың ерекшеліктеріне қарамастан барлық азаматтар ие болады. Ол ең алдымен азаматтың конституциялық мәртебесімен байланысты. Бірақ әр адам өз өмірінде әр салада қызмет атқарып, әр түрлі жағдайлардан өтеді. Бұл азаматтардың арнайы құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады. Арнайы әкімшілік-құқықтық мәртебеге мемлекеттік басқару саласындағы, мемлекеттік жоғарғы оқу орны студенттері, әкологиялық аймақта тұратын тұлғалар, мүгедектер, жеке кәсіпкерлер және қауіпті жұқпалы аурулармен ауыратын науқастар ие болып, олардың арнайы құқықтары мен міндеттері қалыптасады. Сондықтан әкімшілік құқықта және басқа салаларда арнайы субьектілер және олардың арнайы әкімшілік құқықтық мәртебесі бөлініп көрсетіледі.
Әкімшілік-құқықтық мәртебесінің әлементі болып табылатын азаматтың құқықтары мен міндеттері заңды құқықтық фактілерге түскен азаматтармен мемлекеттік басқару органдарының әкімшілік-құқықтық қатынастары арқылы қалыптасады. Сонымен бірге әкімшілік-құқықтық мәртебесінің келесі әлементі - азаматтардың бостандығы мен құқықтарының әкімшілік-құқықтық кепілдігі болып саналады. Белгілі бір шарттар мен құралдар құқықтық субъектілердің құқығын қорғауды ұйымдастыруға берілген кепілдік деп түсіндіріледі әкімшілік-құқықтық кепілдік азаматтардың құқығын тек мемлекеттік басқару саласында ғана емес, сондай-ақ басқа да коғамдық өмірде де корғайды. Азаматтардың конституциялық, еңбек, жер және басқа да құқықтарын қорғайды. Көптеген елдерде соттан тыс азаматтардың құқығының сақталуын бақылайтын органдар бар: Мысалы, Скандинавия және басқа да бірқатар мемлекеттерде -Омбудсмендер; Францияда- Мемлекетгік Кеңес; адамдардың құқығы туралы өкілеттілік Польша мен Ресей мемлекеттерінде, ал адамдардың құқығы мәселерімен айналысатын, осындай Республикалық Комиссия Қазақстанда да құрылды. Азаматтардың өздерінің қызығушылықтарын, бостандықтары мен құқықтарын қорғаудың тәсілі - шағым түсіру құқығы болып табылады. Шағымданудың екі түрі бар: әкімшілік және соттық. Жалпы әкімшілік шағымдану құқығы 1995 жылғы 19 маусымда қабылданған «азаматтардың өтініштерін қарастыру тәртібі» туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығымен реттеледі. Шағымдану мемлекеттік органға немесе лауазымды тулғаға беріледі. Шағым түскен кезден бастап 15 күн ішінде қаралып, белгілі бір шешімге келу қажет, ал талап етуші жақ бойынша шағым қосымша 1 айдың ішінде қарастырылып тексеріледі. Шағымның шешімімен азамат келіспесе, онда жоғары тұрған органға немесе лауазымды тұлғаға, сотқа қайта шағымдануға болады. Ал арнайы әкімшілік шағымдануды қарастырып, шешім қабылдау белгілі бір тәртіппен откізіледі. Мәселен, әкімшілік құқық бұзушылық ісі бойынша мемлекеттік басқару органдарына шағымданғанда онда орган мен қызмет етуші арасындағы әкімшілік құқықтық қатынас әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс арқылы реттеледі.
Сонымен қатар әкімшілік құқықтың субъектісі болып шетел азаматтары және азаматтығы жоқ түлғалар да саналады. Оларды 2 топқа бөлуге болады: тұрақты тұратындар және уақытша тұруға келгендер. Бұл екі топтағы азаматтардың да мемлекеттік басқару саласында құқықтары мен міндеттері бар, сонымен бірге олар әкімшілік-құқықтық қатынастарға қатыса алады.
3.2. Қоғамдық ұйымдар және діни ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.
Біздің қогам — мемлекеттік өмірге еңбекшілер барған сайын белсенді қатысатын шынайы демократиялық қоғам. Мемлекеттік басқару саласындағы қогамдық ұйымдар мен азаматтардың құқықтық жағдайы Ата Заңда айқын көрініс тапқан (33-бап). Қоғамдық ұйымдар сан алуан, олар не бұқаралық ұйымдар (саяси партиялар, бұқаралық қозғалыстар, кәсіподак, шығармашылык одақтар, діни және азаматтардың басқа да бірлестіктері), не өз бетімен болатын сипатта (соғыс ардагерлерінің кеңестері, ғылыми-техникалық кеңестер және т.б.) көрінеді.Қоғамдық ұйымдар мемлекеттік биліктік өкілеттікке ие емес. Олардың шешімдері ұйым мүшелері үшін ғана міндетті. Бірақ олар өз ұсыныстарымен басқару органдарына жүгінуге, мемлекеттік басқару органдарының шараларын талқылап, өмірге кіргізуге қатысуға, шаралардың орындалуына қоғамдық бақылау жасауға құқылы. Осылардың барлығына қоғамдық ұйымдардың басқару органдарының қызметіне тигізетін ықпалды көрінісі болып табылады. Сонымен бірге қоғамдык ұйымдар мемлекеттік органдардың әкімшілік-құқыктық сипаттағы актілерін шығарады. Мысалы, кәсіподақтар өз мүшелерінің еңбек, басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін қорғау, жұмыс жағдайын қорғап жақсарту үшін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен әкімшілік-кұқықтык нормалар қабылдауы мүмкін. Кейбір жағдайларда қоғамдық ұйымдар мемлекеттік органдардың қызметіне тікелей араласады. Мысалы, әскери комиссариаттардың шақыру комиссиясына қатысады.
Қоғамдық ұйымдардың құқықтық өкілеттігінің жиынтығы олардың әкімшілік-кұқықтық маңызды субъектілері екенін дәлелдейді. Азаматтардың құқықтық мәртебесі, яғни мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретіндегі құқықтарының, демократиялық міндеттерінің, сондай-ақ бостандықтарының кең ауқымы Конституцияда баянды етілген. Атап көрсетілгеніндей, Ата Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жариялап қана қоймайды, оларға кепілдік береді. Азаматтардың құқықтары мемлекеттік басқару органдарының қызметімен (мемлекеттік істерді) басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік органдарға олардың қызметін жақсарту жөніндегі ұсыныс жасау немесе жұмыстағы кемшіліктерді сынау құқықтары, мемлекетгік органдардың, лауазымды тұлғалардың әрекеттеріне шағым жасау құқығы және т.б.) тығыз байланыста болады.
Әкімшілік-құқықтық қабілет дегеніміз — адамның туғаннан бастап, өмірінің соңына дейін күші бар субъективтік құқықтарының кепілдігіне тұжырымдалады. Өз құқықтарын пайдалана және міндеттерін орындай отырып, азаматтар әкімшілік-құқықтық қатынастардың қатысушысы болуға кұқылы. Азаматтар мемлекеттік басқаруға басқару аппараттарының қызметіне бақылау жасау арқылы араласады. Әкімшілік қабілет әрекеті, яғни әкімшілік-құқықтық қатынастар аясындағы нақты құқықты жүзеге асыру және ерекше міндеттерді орындау заңда көрсетілген әрбір жастық кезенде пайда болады. Мысалы, 7 жасқа келісімен балалар мектепке баруға құқылы, азаматтардың әскери қызметті атқару міндеті 18 жастан.
Әкімшілік құқықтың субъектісі болып кәсіпорындар мен мекемелер саналады. Негізгі кәсіпорындарға шаруашылық-коммерциялық қызмет атқаратын үйымдар жатады. Олардың негізгі мақсаты - пайда табу. Кәсіпорынға карағанда мекемелер әкімшілік-саяси, ғылыми, мәдени-әлеуметтік және басқа пайда түсірмейтін сферада функция атқарады. Кәсіпорын мен мекеме қызметінің нормативтік-құқықтық негізі болып Азаматтық кодекс, заң және заңга тәуелді актілер саналады. Кәсіпорындар мен мекемелердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі олардың түрлеріне байланысты. Ұйымдарды мына жағдайларға қатысты жіктеуге (классификациялауға) болады:
1. меншік нысанына (формасына) қарай: мемлекеттік, жеке меншік, заңды немесе жеке тулғалардың жеке меншігіне негізделген, аралас және т.б;
2. негізгі қызметіне қарай: өндірістік, ауылшаруашылық, сауда, транспорттық, банктік, сақтандыру, құрылыс кәсіпорындары және т.б.
Денсаулық сақтау, білім, мәдениет, ғылым, спорттық мекемелер. Өз кезегінде кәсіпорын ұйымдық-құқықтық нысанына қарай кооперативті; акционерлік қоғамға, қоғамдық және діни ұйымдардың кәсіпорны, концерн, корпарация, фирма және т.б. бөлінеді.
Ұйымның әкімшілік-құқықтық субъектілігі, Әділет Министрлігінен тіркеуден өткеннен кейін қалыптасады. Тіркеу оларға мемлекеттік басқару және әртүрлі сферада құқықтар мен міндеттер береді. Бұл сферада құқық пен міндет олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесіндегі ең басты әлемент болып табылады. Мемлекеттік ұйымдарға мемлекет өз тарапынан тапсырамалар беріп, кұрылу нысанымен, функциясын, құрылысын анықтайды. Ал жеке ұйымдар бұл мәселелерді өздері қарастырғанымен жалпы заң ережелеріне бағынады. Үйымдар мемлекеттік басқару сферасында мынадай құқықтармен белгіленеді:
- әр түрлі істермен айналысып, олардың жүзеге асуына рұқсат алу;
- кұзіреттеріне кірмейтін мәселелер бойынша тексеріс жүргізетін мемлекеттік органдарының талабын орындамау;
- құжаттарға өзгертулер мен толықтырулар енгізуге;
Сондай-ақ мемлекет мынадай құқықтарын шектейді:
- мемлекеттік құнды қағаз жасауға, қару және жарылғыш заттар жасауға, жұқпалы және психикалық аурумен ауыратын науқастарды емдеуге тыйым салынады. Бұл тек мемлекеттік ұйымдарға ғана беріледі. Сонымен қатар ұйымдарға мынадай міндеттер жүктеледі:
- мемлекеттік органдарға статистикалық ақпарат жеткізу;
- мемлекеттік және стандарттық, техникалық шарттарды сақтау; әртүрлі істер атқару үшін лицензиялар алу; антимонополиялық және әкологиялық шарттарды сақтау. Арнайы ұйымдарға келесі міндеттер қойылады:
- денсаулық сақтау мекемелерінің азаматқа жедел дәрігерлік көмек көрсетуі;
- транспорт козғалыстарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Ұйымдар әкімшілік жауапқа тартылғанда мемлекет тарапынан бақылау болады. Құқықтар мен заң мүдделері ұйымдардың әкімшілік-құқықтық мәртебесінің бір әлементі. Оған келесі заң ережелері жатады:
- ұйымның ісіне мемлекеттік орган араласпайды;
- ұйымның құқықтық және заңды мүддесін бұзушы мемлекеттік орган немесе лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылады;
- мемлекеттік органмен жүргізілетін тексеріс заңды түрде шектеледі;
- ұйымдардың меншік нысанына және басқа да ресурстарға қарамастан тең құқыққа ие болу кепілдігі;
- үйымдарды қорғау, сонымен бірге мемлекет денсаулық сақтау және билік мекемелерін қаржыландырады.
Көптеген мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдардың заңды мүдделері мен құқықтарының кепілдігі деп қарастыруға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік баға және антимонополиялық саясат жөніндегі комитеті нарыкта монополиялык әрекеттің болмауын және алдын ала ескертуі туралы шаралар қабылдайды. Ұйымдарда өздерінің басқару органдары бар. Ал мемлекеттік ұйымдарда жетекшілерді тағайындау және босатуды, құқықтық актіге сәйкес мемлекеттік басқарудың өкілетті органы жүзеге асырады. Үйымдардың құқықтық және әкімшілік субъектілігін мемлекеттік басқару органдары реттейді. Жеке және аралас ұйымдардың басқару органдары меншік иелері арқылы құрылады және олардың мемлекеттік-билік өкілетгілігі болмайды. Ола басқару әкімшілік актісіз,ұйымдық норма және құқық саласының басқа нормаларымен жүргізіледі.
Ұйымдар құқықтық норманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады және айып тағылып лицензияларынан айырылады. Күрделі жағдайларда үйымды жояды. Ол ерікті түрде де жүргізіледі. Ерікті түрде меншік иесінің өз шешімі бойынша жүзеге асады. Сонымен бірге оның екінші түрі - мәжбүрлеп тарату - бұл сот органының шешімімен қабылданады.
Қорыта келе, әкімшілік-құқықтық субъектілердің жеке және ұжымдық субъектілер болып екіге бөлінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары бар.
Жеке әкімшілік-құқықтық субъектілерде жеке және жалғыз субъектілердің құқықтары мен міндеттері, сонымен бірге субъектінің мемлекеттік орган арасындағы кұқықтық қатынастары, олардың әкімшілік-құқықтық мәртебелері жеке тұлғаға ғана бағытталады. Сондай-ақ, жеке субъектілердің қоғамдық қатынастары мен әрекеттері Қазақстан Республикасының Конституциясы және басқа да заңды актілер арқылы жүзеге асады.
Ал ұжымдық әкімшілік-құқықтық субъектісінде белгілі бір ұйымның немесе мемлекеттің басқару органдарының, яғни бірнеше жеке субъектілердің топтасуы нәтижесінде қалыптасқан қатынастар мен әрекеттер қарастырылады. Сонымен қатар олардың әкімшілік-құқықтық мәртебелері, сондай-ақ, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, олардың қоғамдык және мемлекеттік органдар арасындағы қатынастары бірнеше тұлғаларға бағытталады. Сонымен қатар ұжымдық субъектілердің де іс-әрекеттері мен қарым-қатынастары белгілі заңды күшке ие ережелер мен актілер арқылы атқарылады.
Қазақстан Республикасы мемлекет басшысының құқықтық мәртебесі 1995 жылғы 26 желтоксандағы «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» заң күші бар Президенттің Жарлығымен және Конституциямен анықталады. ТМД елдерінде заң шығарушы салыстырмалы сараптама кезінде осы мемлекеттердің әр қағидасында Президент мәртебесінің жалпы және ерекше аспектілерінің болуы, осындай мемлекеттік институт қалыптасқан жерлерден көрінеді. Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілік-кұқықтық мәртебесі:
1. жоғары лауазымды тұлғаның мемлекеттік органдар жүйесінде әлеуметтік-құқықтық тағайындалуы;
2. сайлау тәртібі (құрылуы, тағайындалуы).
3. кұзіреттері (компетенция) мен өкілеттіліктері;
4. басқа органдармен қарым-қатынас тәртібі;
5. жауапкершілік;
6. әрекет кепілдігі;
Қазіргі заң шығаруға сәйкес Президент Қазақстан Республикасының басшысы және жоғарғы лауазымды тұлға болып танылады. Халық бірлігінің және мемлекеттік биліктің, Конституцияның тұрақтылығының, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының символы, гаранты болып саналатын Президент мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жұмыс атқаруын және халық алдында билік ұйымдарының жауапкершілігін қамтамасыз етеді.
Кандидатқа қойылатын талаптар:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;
- активті сайлау құқығына ие;
- жас мөлшері 40 - (шексіз);
- Қазақстан Республикасының территориясында тұрақты 10 жылдан кем емес өмір сүруі керек;
- соттылығы болмау керек;
- мемлекеттік тілді жетік меңгерген болуы шарт;
- бір тұлға екі реттен артық Президент бола алмайды;
- өкілетті органның депутаты болмауы қажет;
- оқытушылық қызметтен басқа кәсікерліктің немесе жалақы төленетін кәсіптің кез-келген түрімен айналысуға тыйым салынады.
Президент жалпы халықтық жасырын дауыс берумен, жалпы, тең, тікелей сайлау арқылы 7 жыл мерзімге сайланады. Президент өзінің қызметін қаңтардың 2 сәрсенбісінде ант беруден бастайды, оған Парламент депутаттары, Конституциялық Кеңес мүшелері, Жогарғы Сот өкілдері және республиканың бұрынғы Президенттері қатысады. Егер Президент кезектен тыс сайлау арқылы сайланса, онда ант беру сайлау қорытындысы жарияланған күннен бастап, бір аи Ішінде жүзеге асады. Мемлекет басшысы өз міндеттерін орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Конституциясы және басқада заң актілері құқықтық, ұйымдық, әлеуметтік кепілдіктер орнатады. Берілетін құқықтық кепілдіктер:
Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай құқықтары бар:
- халықтың және мемлекеттің атынан сөз сөйлеуге;
- халық бірлігі және мемлекеттік биліктің, сонымен қатар Конституция тұрақтылығының кепілі болуға;
- мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді жүмыс атқаруын қамтамасыз етеді;
- Конституцияның 44-бабында бекітілген кең өкілеттіктерге ие. Әрекеттің негізгі бағытына байланысты келесі өкілеттіктері атап өтуімізге болады.
- мемлекеттік егемендігінің және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының мүдделерін халықаралық қатынастарда, ішкі саяси өмірде жүзеге асырады;
- мемлекеттік билік институттарын және органдардың лауазымдарын айқындау, қалыптастыру, кұру;
- жарғылар мен бұйрықтар шығару, олар республиканын барлық территориясында заңды күшіне ие, сонымен қатар Конституцияда қаралған жағдайда заң күшіне ие заңдар шығару;
- Президент өкілдерін жүйелеуді (классификациялауды) бірнеше негізге байланысты жүргізуге болады, мысалы түрақты және уақытша жіберілген өкілдер.
Ұйымдық кепілдік:
- кезекті және кезектен тыс Парламент сайлауларын тағайындайды;
- Парламент және Үкімет өкілдерін Конституцияда қарастырылған жағдайға сәйкес мерзімінен ерте тоқтату құқығы бар;
- Үлттық Қауіпсіздік Комитетін және Мемлекеттік Тергеу комитетін кұруға құқылы;
- атқарушы және биліктің басқа тармақтарын ұйымдастыру жүйесіне әсер ету;
- ерекше маңызды мәселелер жөнінде Үкімет отырыстарын басқарады;
- Президент әкімшілігін құру.
Әлеуметтік кепілдік:
- Президент және оның жанұясының қорғалуы, олардың қамтамасыз етілуі мемлекет есебінен жүзеге асырылады;
- төте және белсенді сайлау құқығы, сайлау институттары арқылы халықпен үнемі байланыста болу, референдум және жыл сайынғы халыққа жолдауы арқылы жүзеге асырылады. Жауапкершілік Президент мәртебесінің әкімшілік-құқықтық әлементі ретінде өзіне тән ерекшеліктерге ие болады.
Президент Қазақстан Республикасы Конституциясының 47-бабына сәйкес тек мемлекетке опасыздық жасағанда жауапқа, тартылады және лауазымынан тек Парламент айыруы мүмкін. Кінасын қарастырып, шешімге келу үшін Парламенттің төменгі палатасының депутаттары, яғни Мәжілістің 1/3 депутаты қатысады. Кінәсін анықтау Сенатпен ұйымдастырылып, Сенаттың жалпы депутаттар санының көпшілік дауысы арқылы шешіліп, Парламент Палаталарының бірлескен отырысына қаралуға беріледі. Нақты шешім бұл сұрақ бойынша Жоғарғы Соттын қорытындысымен депутаттардын 4\3 дауысы арқылы шешіледі.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне жетекшілік етеді. Үкіметтің қызметінің құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясы, 1995 жылғы 18 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар Жарлығы бойынша қабылданған «Қазақстан Республикасы Үкіметі туралы» және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге органның қызметін анықтайтын Президент пен Парламеттің актілері болып табылады.
Үкімет құрамы - Премьер-Министр және үкіметтің мүшелері кіретін ұжымдық орган. Онын, әкімшілік-құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен ерекшеленеді: құрылу тәртібі, қызметінен кетіру (отставка) мен өкілеттілігін тоқтату институтымен;
1 Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күндік мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылысы мен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды;
2. Үкімет Президенттің қатысуымен кұрылады;
3. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді;
4. Үкімет барлық істерінде Президент алдында жауапты және Парламентке Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған тәртіп бойынша есеп береді. Үкімет атқарушы билікке қатысты сүрақтарды шешуге байланысты өкілеттілікке ие;
5. бұл негізгі бағыттағы әлеуметтік-әкономикалық саясат, қауіпсіздік, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және көрсетілген бағыттар бойынша орталық және жергіліқті атқару органдарына жетекшілік етуді жүзеге асыру;
6. Парламентке республикалық бюджетті дайындап, таныстыру және оның орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады;
7. мемлекеттік меншікті басқарады;
8. Мәжіліске заң жобаларын енгізіп, олардың орындалуын қамтамасыз ету;
9. Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау.
Халық шаруашылығымен байланысты сұрақтарды шұғыл шешу үшін тұрақты орган ретінде Үкіметтің Президиумы қызмет етеді. Оның құрамына Премьер-Министр; бірінші орынбасар және Премьер-Министрдің орынбасары кіреді. Премьер-Министр үкімет жұмысында алқалылықты (коллегиялықты) қамтамасыз етеді. Президенттің тапсырмасы бойынша, ол Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастарда таныстырып, үкіметаралық келісімдерге қол қояды және үкімет кеңесінде қарастыруды талап етпейтіні мемлекеттік басқару туралы мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
Премьер-Министрдің орынбасары атқаратын міндетіне сәйкес министрліктер мен үкіметтің ведомстваларына тәуелді органдардың қызметтерін үйлестіруді (координациялауды) жүзеге асырады. Заңның орындалу және Парламенттің басқа да актілері, сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы мен қаулысы негізінде Үкімет қаулы шығарып, оның орындалуын ведомстваға тәуелді органдар арқылы тексереді.
Үкіметтің мүшелері үкімет қабылдаған шешімдерге, олар шешім қабылдауға дауыстарын бермесе, сонымен қатар өз келісімдерін бермесе де жауапты болады. Заң бойынша үкімет мүшелерінің құқықтары белгілі органның депутаты болуға, басқа лауазымды міндет атқаруға және кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қояды. Сонымен қатар оларға дәріс беруге және ғылыми басқа да шығармашылықпен айналысуға рұқсат беріледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттілігі Президенттің өкілеттілік мерзімімен өлшенеді. Сонымен қатар Үкімет өзінің өкілеттілігіне сәйкес құқықтық, ұйымдық және әлеуметтік кепілдікке ие болады.
Құқықтық кепілдік:
- үкіметтің қызметі Конституция және заң негізінде, биліктің жеке және тәуелсіз болып тармақталу негізінде жүзеге асады;
- өкілеттілік негізінде бүкіл территорияға міндеттілік күшіне ие қаулы қабылдайды;
- өкілеттілік негізінде Конституция және заң, Президент қаулысы бойынша билік көздерін (ресурстарын) бөледі. (әкономика-қаржылық, кадрлық және ақпараттық);
Үйымдык кепілдік:
- атқарушы органдардың қызметіне жетекшілік ету;
- үкімет құрамына кірмейтін жетекшілерді лауазымды міндетке тағайындап, одан босатады;
- ақпараттық-сараптама, атқару және шаруашылық функцияларын атқаратын үкімет аппаратын құрады.. Әлеуметтік кепілдік:
- еңбек ақы және қамтамасыз ету, яғни, асырау мемлекеттік бюджеттен бөлінеді;
- қорғау, медициналық қызмет көрсету және басқа да әлеуметтік төлемдер мемлекет бюджеті есебінен жүзеге асырылады.
Заң бойынша үкімет өкілеттілігінің тоқтатылу және қызметінен кету (отставкаға) институты қарастырылған. Үкімет өздерінің өкілеттілігі мен функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп тапса, онда өздерінің өкілеттілігін тоқтату жайлы Президентке хабардар етуге құқылы. Қазақстан Республикасының Президенті 10 күн ішінде өкілеттілігінің тоқтатылуы немесе тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға тиіс. Егер тоқтатылуын қабылдаса, онда үкіметтің және оның мүшелерінің кызметі тоқтатылады. Премьер-Министр отставкаға кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігі де тоқтайды. Егер үкіметтің және оның мүшелерінің отставкаға кетуі кабылданбаса, онда Президент әрі қарай міндеттерін атқару туралы тапсырма береді. Егер, үкіметтің отставкаға кетуі Парламенттің сенімсіздік вотумымен байланысты болса, Президент Парламентті таратуға құқығы бар. Президент өз бастамасы (инициативасы) бойынша да үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға және кез келген мүшесін лауазымды міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Атқарушы биліктің орталық (республикалық) органдарын олардьң қызметінің сипатына карай салалық құзыретті органдарға, салааралық құзыретті органдарға, бақылау және кадағалау органдарына, мемлекеттің арнайы немесе ерекше функцияларын іске асыратын мамандандырылған мемлекеттік органдарға бөлуге болады.
Қазіргі кезде төмеңдегі салалар бойынша республиканың орталық атқарушы органдары бар:
а) экономика салалары бойынша: Экономика; Мемлекетгік кіріс; Қаржы; Ауыл Шаруашылығы; Көлік және коммуникация; Энергетика, Индустрия және сауда; Табиғи ресурстар және айналадағы қоршаған ортаны корғау министрліктері; Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті колдау жөніндегі; Мемлекеттік сатып алу жөніндегі; Инвестициялау жөніндегі; Стратегиялық жоспарлау жөніндегі; Жер ресурстарын басқару жөніндегі; Статистика жөніндегі агенттіктер; Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссия; ә) әлеуметтік-мәдениет салалары бойынша: Мәдениет, ақпарат және қоғамдык келісім; Білім және ғылым; Еңбек жөне халыкты әлеуметтік қорғау министрліктері; Денсаулық сақтау ісі жөніндегі; Туризм және спорт жөніндегі; Көші-қон және демография жөніндегі агенттіктер; Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия;
б) әкімшілік-саяси қызмет бойынша: Сыртқы істер, Қорғаныс; Ішкі істер; Әділет министрліктері; Төтенше жағдайлар жөніндегі; Мемлекеттік кызмет істері жөніндегі; Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі; Нашақорлыкка және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі агенттіктер; Ұлттык қауіпсіздік комитет; Сыбайлас жемқорлыққа карсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия.
Қазақстан Республикасы министрліктерінің құрамында Үкімет құратын ведомстволар болады. Мысалы, Энергетика, индустрия және сауда министрлігінде Атом энергетикасы жөніндегі және Аэроғарыш комитеттері; Табиғи ресурстар және аиналадағы ортаны корғау министрлігінде; Орман, балық және аң шаруашылығы және Су ресурстары жөніндегі комитеттері.
Кейбір органдардың өкілеттіктері мемлекеттін бірнеше салаларына таратылады, мысалы, Қарулы Күштер, ІІМ, ҮҚҚ және басқа да министрліктер мен ведомстволарда да денсаулык сақтау мекемелері мен органдары бар. Олар арнайы және аймақтық қызмет көрсетеді, жергілікті басқару органдарының құрамына кіреді, сонымен бірге Денсаулык сақтау ісі жөніндегі агенттіктің емдеу ісін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін орындап отырады.
Достарыңызбен бөлісу: |