№1 басылым 09. 13. 9 беттің беті -еттің -ші



бет4/9
Дата14.06.2016
өлшемі486 Kb.
#135965
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазіргі кезде атқарушы биліктің орталық органдарын үйымдастыру мен қызмет аткаруының тәртібі «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоксандағы Конституциялық заңмен, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Конститупиялық зан күші бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 1999 жылғы 6-мамырдағы Конституциялық заңмен, Республика Үкіметінің 1997 жылғы 13 наурыздағы №321 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Министрлігі (Мемлекеттік комитеті) туралы Үлгі Ережемен және әрбір министрлік, агенттік, комитет, комиссия туралы жеке ережелермен реттеледі.

Сонымен, Қазакстан Республикасында ұйымдык-құкықтық нысандарда қалыптасып қызмет атқарып жатқан мына төмендегідей орталық атқарушы органдар бар:

1) Қазақстан Республикасының министрліктері;

2) Қазакстан Республикасынының агенттіктері;

3) Қазақстан Республикасы министрліктерінің кұрылымдык бөлімшелері больш табылатын комитеттер (ведомстволар), департаменттер және баскармалар.

Орталық органдардың, әдетте, тәжірибеде тұрактанған үш буынды құрылымдары бар: басшылар, функционалдык бөлімшелер, қызмет көрсететін бөлімшелер.

1. Қазақстан Республикасының министрлігі мемлекеттік басқаруды тиісті саласына (аясына) басшылык жасауды, сондай-ақ заңдарда көрсетілген шектерде — салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республиканын орталык аткарушы органы больш табылады.

Министрлікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті құрады, қайта құрады және таратады. Министрлерді де Республика Премьер-Министрінін ұсынуы бойынша Республика Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Министр министрліктің жұмысына басшылык жасайды және министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуына һәм оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке басымен жауап береді.

Министр лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кіреді. Министрліктің құрылымы мен штат санының шеңберін Үкімет бекітеді.

Министрлікте министрдің орынбасарларының (вице-министрлердің), сондай-ак министрліктің басқа басшы кызметкерлерінің құрамында министр басшылық ететін (алқа төрағасы) алқа Конституциялық кеңесші орган кұрылады. Алканың сандык құрамын Үкімет, ал жеке адамдар құрамын Министр бекітеді. Алқаның шешімі министрдің бұйрығымен ресімделеді.

Министрлік өз құзыретінің мәселелері бойынша зандарда белгіленген тәртішіен Қазақстан Республикасының барлық аумағында міндетті күші бар бұйрықтар түрінде актілер шығарады.

Министрлік өзінің ұйымдық-құқықтық мәртебесі бойын­ша занды тұлға болып табылады. Мемлекеттік биліктің дербес органы ретінде мемлекеттік тілде өзінің аты жазылған мөрі мен мөртабаны, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ зандарға сәйкес банкілерде есеп-шоттары болады.

Министрліктің кызметін қаржыландыру тек кана мемлекеттік бюджеттен жүзеге асырылады.

Заң бойынша барлық министрліктер өзара тең болып табы­лады және біріне-бірі әкімшілік бағыныста болмайды, бірак олар өздерінің жұмыстарын үйлестіре алады, бірлесіп кызмет атқару немесе әртүрлі ведомстволардың іс-қимылын қажет ететін, мысалы, республикалық мақсатты бағдарламаларды іске асыру, құқық бұзушылықпен күресу тағы баскалар жөніндегі мәселелерді шешу туралы шарттар мен келісімдер жасай алады.

2. Қазакстан Республикасының агенттігі Үкімет құрамына еңбейтін орталык атқарушы орган болып табылады. Агенттікті Республика Премьер-Министрінің ұсынысы бойынша Респуб­лика Президенті құрады, кайта ұйымдастырады және таратады.

Агенттік тиісті мемлекеттік басқару саласына (аясына) басшылықты, сондай-ақ заңдарда белгіленген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы және рұқсат беру міндеттерін жүзеге асырады.

Агенттіктердің және баска Үкімет құрамына кірмейтін ор­талык атқарушы органдардың басшыларын қызметке Үкімет тағайындайды және кызметтен босатады.

Агенттіктің құрылымын оның басшысы — төраға бекітеді. Әдетте, оның кұрылымы департаменттер мен басқармалардан тұрады.

Агенттік төрағасының жаңынан консультациялық-кеңесші орган — алқа құрылады. Оның сан және адам құрамын агенттіктің төрағасы бекітеді. Агентгіктің құқықтык актілері болып оның төрағасының бұйрықтары табылады.

Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдар ту­ралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін Республика Үкіметі бекітеді.

3. Қазакстан Республикасының Үлттық қауіпсіздік комитеті, стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі, мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттіктер, Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комитет жөніндегі агенттіктер, Бағалы кағаздар жөніндегі ұлттық комиссия, сыбайлас жемкорлықка қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік комиссия, Отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия (бұл комиссиянын төрайымы әрі Қазақстан Республикасының министрі) Қазақстан Республи­касы Президентіне тікелей бағынады.

4. Республиканың орталық атқарушы органының Комитеті тиісті орталық атқарушы органның ведомствосы болып табы­лады.

Ведомствоны тиісті орталық атқарушы орган басшысының ұсынуымен республика Үкіметі құрады, кайта ұйымдастырады және таратады. Ведомство Республиканың орталық атқарушы кұзыретінің шегінде арнайы атқару және бақылау-кадағалау міндеттерін, сондай-ак салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік баскарудың ішкі саласына (аясына) басшылық жасауды жүзеге асырады. Орталық атқарушы орган басшысының ұсынуы бойынша Республика Үкіметі ведомствоның басшысын кызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

Ведомствоның құрылымын, құзыретін және баска мемлекеттік органдармен өзара іс-кимылының тәртібін Үкімет белгілейді.

Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомствалар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органы ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге үкіметтің заңдары мен актілерінің орындалуын қалыптастырады.

Министрлік - мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік-саяси, әкономикалык, әлеуметтік-мәдени сферада, қандай да бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетке - салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрліктер мен Мемлекеттік комитет Қазакстан Республикасы Президентінің қатысуымен құрылып, қайта құрылады, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас Прокурор мен Үлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасын тағайындау кезінде Конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет. Министрліктер мен мемлекеттік комитеттің құқықтық және әкімшілік-құқыктық мәртебелері әр түрлі заңдар мен актілерде көрсетіледі, олардың кызметтері бірінші жетекшілері және орынбасарлары арқылы жүзеге асырылады. Орынбасарларды Министрлердің ұсынысы бойынша үкімет тағайындайды. Ал ведомстваларға тек орталық органдар ғана емес, сондай-ақ Департаменттер, мемлекеттік комиссия және инспекциялар да жатады.

Ал орталық мемлекеттік органдағы ведомства - ол белгілі бір министрлік немесе мемлекеттік комитет негізінде жеке салааралық басқару немесе арнайы салалық функцияларды атқарады. Ведомствалар ішінде 2 топты бөліп көрсетуге болады: 1) үкіметте құрылатын ведомства; мұнда ведомства Президенттің қатысуымен құрылып, ұйымдастырылады. 2) министрлік құрамында құрылып, қызмет ететін ведомства (қаржы министрлік жүйесінде құрылған қаржы-валюталық бақылау комитеті). Екінші топтағы ведомствалар өз тарапынан актілер шығарып, әкімшілік жауапкершілікке тарта алмайды және жеке билік өкілеттілігін жүргізе алмайды. Сонымен бірге тағы да бір айта кететін жағдай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі заң бойынша оған жатпаса да, республикалық мәртебесі бойынша орталық мемлекеттік органға жатқызылады. Бұл органдар өзіндік ведомствалар рөлін атқарады.

Атқарушы биліктің жалпы мемлекеттік саясатын облыстар, аудандар, қалалар, қала аудандарындағы әкімнің басқаруымен жергілікті орган атқарады. Жергілікті атқару органдарының қызметтері белгілі қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

- Үкіметке, Президентке және жоғары тұрған әкімшіліктердің басшыларына есеп береді;

- заңдылық;

- азаматтардың заңды мүдделері мен құқықтары және бостандықтарын қамтамасыз ету;

- өзінің қызметі мен қабыддаған шешіміне жауапкершілік.

Олардың әкімшілік-құқықтық мәртебесі Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңды актілері арқылы анықталады. Әкімдердің қызметтерін үйымдық, құқықтық және материалды-техникамен камтамасыз ету үшін аппарат құрылады. Сондай-ақ, консультативтік - кеңесші орган - коллегия құрылуы мүмкін, оның құрамын әкім тағайындайды. Коллегияның отырысы, қажет кезде маслихат хатшысының шақырылуымен өтеді. Облыс, қала және астана әкімдерін лауазымды міндетке Қазақстан Республикасының Президенті тағайындап, міндетінен босата алады: Барлық әкімшілік-территориялық бірліктің әкімдері:

- өз құзіреті бойынша мемлекеттік-реттеу өкілеттілігін орындайды;

- территорияға сәйкес белгілі күшке ие шешімдер қабылдайды

Әкімдердің қызметтерінің негізгі бағытына мыналар жатады:

- белгілі территорияға сәйкес әкономикалық және әлеуметті даму туралы бағдарлама жобасын жасап; маслихаттың бекітуін ұсыну;

- мәслихаттың бекітуіне бюджет жобасын ұсынып, онын орындалуын қамтамасыз ету;

- коммуналдық жеке меншікті басқару;

- жергілікті әкімшілікке лауазымды қызметке тағайындау және босату;

- Қазақстан Республикасының «жер туралы заңы» бойынша жер қатынастарын реттеу;

- қарыз (ссуда) және басқа да ұзақ мерзімдік міндеттемеліктер бойынша шешім қабылдау.

Соныме бірге Қазақстан Республикасының заңы бойынша әкім әкімшілік бірлікке сәйкес облыста, ауданда, қапада басқа өкілеттелік атқара алады. Әкім жалпы қаулы мен жарлық қабылдап, орынбасарлары тапсырыстар береді.

Жергілікті әкімшіліктің актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі керек, егер қайшы келетіндей жағдай туындаса, онда жоғары тұрған атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Президенті немесе сот тарапынан алынып тасталынуы мүмкін.

Өзіңе-өзі сұрақтар

1.1. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

1.2. Қоғамдық ұйымдар және діни ұйымдар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

1.3. Азаматтар әкімшілік құқық субъектілері ретінде.

4 АПТА

Дәріс № 4.



4 тақырып. Мемлекеттік қызметшілер.

Негізгі сұрақтары:

4.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.

4.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.


4.1. Мемлекеттік қызмет ұғымы және оның қағидалары.

Мемлекет қызметін ұйымдастырудың басты, негізгі талаптары Қазақстан Республикасы Конституциясында қарастырылған (33-бап), сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында толық түрде қарастырылған. Бұл Жарлық мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық жағдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастардың реттелуін анықтайды.

Мемлекеттік қызметтің азаматтардың еңбек іс-әрекетінін бір турі болып келетіні сөзсіз. Сондықтан да мемлекеттік қызмет жалпылай ұйымдастыруға тән барлық қасиеттерге негізделеді. Мемлекеттік қызмет деп әлеуметті пайдалы, объективті қажет және басқарылу персоналының ұйымдасқан нысанындағы қызметін айтамаыз.

Мемлекетті басқару органдарында басқару қадрларын жинаудың, басқару функциялары мен өкілеттіктердің лауазымды тулғалар арасында бөлінудің арнайы тәсілдері, мемлекет және еңбек процесін басқару, басқару органдарының жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасақталған. Бұл тұрғыдан мемлекеттік қызмет еңбек құқығының жалпы нормаларына негізделеді.

Мемлекеттік қызметдеп белгілі бір іс-әрекеттің түріне қатысты, яғни кәсіп, мамандық, біліктілік, лауазымға қатысты жұмыстың орындалуын айтамыз. Кәсіп - еңбек қызметінің кең саласы. Бұнда мемлекет қызметкері өз мамандығына сәйкес бар білімін, талабын толығымен қолдана алады. Мамандық көрсетілген кәсіптің аясындағы еңбек қызметініңтар саласы. Бұнда мемлекет қызметкері жұмысты тиімді атқаруы ушін өзінің бұл сала бойынша алған терең, жан-жақты білімін қолдана алады. Ал біліктілік болса, белгілі бір қызметкердің қандай да дәрежедегі ауыр қызметті атқара алатынын анықтайды. Біліктілік -біліктілік класстарымен анықталады.

Мемлекеттік қызметтің тагы бір белгісі - мемлекеттік қызметкердің басқару органы қызметіне тікелей қатысуы. Бұл Дегеніміз-азаматты басқару органының құрамына, яғни штатқа және мемлекеттік органның басқару қызметіне гқгізілуін айтамыз.

Лауазымды тұлғаның басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағьінуы - мемлекеттік қызметтің келесі белгіс/ боль/п табыладьг. Ішкі еңбек тәртібінің мазмұнын құрайтын лауазымды тұлғалардың бірлескен басқару қызметін, ұжымның нақты және дұрыс жұмыс

істеуін қамтамасыз ететін, басқару органының осындай режимін анықтайтын нормалар құрайды. Ішкі еңбек тәртібі заңдармен, ішкі еңбек тәртібінің хиптік ережелерімен және осының негізінде қабылданған басқару органының жергілікті ішкі тәртіп ережесімен реттеледі. Мемлекеттік басқару органының ішкі еңбек тәртібінің айрылмас әлементі болып субординация жүйесі, яғни лауазымы бойынша төмен Іуіемлекеттік қызметкерлер лауазыіуы жоғары қызметкерлерге толық есеп беруімен айқындалады. Басқару органының ішкі еңбек тәртібіне бағыну - әрбір лауазымды тұлғаның міндеті болып саналады.

Мемлекеттік қызметтің тағы бір ерекшелігі жалақы болып габылады. Мемлекеттік қызметкерге жалақы: еңбекті бағалауда барлығына ортақ критерийлерге негізделе отырып, жалақы еңбектің сапасы мен мөлшеріне сәйкес төленеді. Жалақы алдын-ала қабылданған нормалар негізінде өндіріледі; жалақының негізгі бөлігі басқару органының штат кестесімен анықталады, ал қосымшасы -мемлекет қызметкерінің біліктілік деңгейіне және басқа жағдайларга (біліктілік класстар үшін мемлекеттік қызметтте істеген жылдары үшін төлемдер, сыйақы және т. с. с.) байланысты анықталады, төленетін ақша мөлшері жагынан шектелмейді, бірақ заңда көрсетілген минимальды мөлшерден төмен болмауы тиіс.

Мемлекеттік қызмет дегеніміз - мемлекеттік органдарда және олардың аппараттарындағы Конституцияның негізінде жүзеге асырылатын және мемлекеттік басқаруға, мемлекеттік қызметтер мен мақсаттарды жүзеге асыруға бағытталған азаматтардаң кәсіби қызметі. Келтірілген анықтама бойынша мемлекеттік қызметтің кәсіптік қызмет ретіндегі жалпы белгілерін былайша айқындаймыз:

1? мемлекектгік қызмет мемлекеттік мақсаттар мен қызметтерді жүзеге асырумен байланысты;

2? мемлекеттік қызметтер мен мақсаттардың салалы әкономика, әлеуметтік-саяси құрылым бойынша дамуы мемлекетті басқару, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қызметі арқылы жүзеге асырылады. Бұл қызмет көп қырлылығымен басқару функцияларының көлемділігімен, ауырлылығымен және ауқымдылығымен (масштабтылығымен) ерекшеленеді. Мемлекетгік басқаруда бүкіл қоғамныңжәне мемлекеттің мүдделері көрсетіледі;

3) мемлекеттік қызмет қоғамда басқару қызметін жүзеге асыратын арнайы аппарат аясында жүзеге асырылады. Осындай аппаратсыз жұмыс істеу мүмкін емес, себебі мемлекеттік басқарудың кез келген саласы осындай аппаратты қажет етеді. Әкономика, әлеуметтіксаламенәкімшілік-саяси құрылысдамуындагы мемлекет қызметкері органдар жүйесі арқылы жүзеге асады. Бұл органдар алдында тұрған мақсаттары олардың қызметінің мазмұнын және сәйкесінше мемлекеттік қызметкерлер функциясын анықгайды;мемлекеттік қызметгің спецификасы басқару функциясын жүзеге асырумен тығыз байланысты. Басқару аппаратында мемлекет функцияларыныңбасқару функцияларымен бірігуі және мемлекеттік қызметкерлердің нақты функцияларының қүралуы арқылы жүзеге асады. Соның өзінде басқару органдарының мақсаттары мен функциялары мемлекеттің мақсаты мен функцияларынасәйкес болуы керек;

4? мемлекеттік қызметкерлер мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан да мемлекеттік билік қүзіретгеріне ие;

5? мемлекеттік қызмет Конституция нормаларына, зандарға, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына және басқа заңды актілерге негізделеді. Басқаша айтқанда мвемлекеттік қызметкерлердің басқару қызметі мемлекетгік басқарудағы заңдылық қағидасыныңталаптарынасай болуы керек. Бүл жерде Конституция нормаларын және басқа да заң актілерін мемлекеттік басқару аясына сәйкес басқа заң актілерін жүзеге асыру. Мемлекеттік басқарудың бар мағынасы әлеуметтік процестердің мемлекеттің басқаруын ұйымдастыру;

6? мемлекеттік қызмет - атқарушы сипаттағы үйымдасқан қызмет. Бұл жерде Конституция нормалдарын, зандарын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен басқа заң актілерінің мемлекеттік басқару аясына сәйкес тәжірибелі түрде іске асыру айтылады. Мемлекеттік қызметтің түйіні әлеуметтік процестердің мемлекеттік басқаруын ұйымдастыру мен сәйкес мемлекеттік органдардың функциялары мен уәкілеттіктерін жүзеге асыруда жатыр;

7? мемлекеттік қызмет - жарлықшы сипаттағы қызмет. Бұл дегеніміз мемлекет қызметкерлерінің өзіне жүктелген саласында мақсаттар мен қызметгерді жүзеге асыру барысында заңды-актілі үйғарымды қолдануға құқылы. Жарлықшы қызметі қажетті жағдайларда басқару актілерін шығарумен ерекшеленеді. Бұл актілердің көмегімен ведомстваларға қарасты объектілер мен олардың негізгі қызметінің бағыттарына тікелей ықпал жасайды.

Мемлекеттік қызмет саясаттандырылған түрімен де ерекшеленеді. Бүл дегеніміз мемлекеттік қызметкерлер өзінің міндетті қызметі мен өкілеттігін атқару кезінде заң талаптарын басшылыққа алу міндеті мен саяси партиялар, қоғамдықбірлестіктер мен олардың органдарының шешімдерімен еш байланыстырмау. Осыған орай мемлекеттік органдар мен олардың аппаратгарында саяси партиялар үйымдарын құру рұқсат етілмейді. Мемлекет қызметкері өзінің басқару әрекетін жүзеге асыруға қүқығы бар. Заңцарда бекітілген бірыңғай мемлекет саясаты мен мүдделерін басшылыққа алуы тиіс.

Қоғамда басқару функцияларын орындаумен қатар арнайы адамдар тобы мемлекетгік қызметтің ерекше кәсіптік қьпметі ретінде айқын, белгілі қағидаларға негізделеді. Ал қағидалар орындалуын өз кезегінде жалпылай мемлекеттік қызмет институтының қызметімен кепілденген талаптар түріндетүсіндіріледі. Бұның өзінде мемлекетгік қызметті ұйымдастыру мемлекеттік басқарудың ерекше қагидаларына сонымен қатар лауазымды тулғалардың кәсіптік қызметінің мағынасын көрсететін мемлекеттік басқарудың ереше қағидаларына да негізделеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет келесі қағидаларға негізделеді:

1. Заңдылық. Бүл қағида барлық мемлекет қызметкерлерінің алатын орны, лауазымы, рангісінен тәуелсіз Конституцияны, зандарды, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарының талаптарын, міндетті ережелерін мултіксіз сақтау, бұзбаумен анықталады. Мемлекеттік басқару процесінде заңдылық қағидасының талаптары, басқару актілерінің шығарылуы, басылуы кезінен бастап жүзеге асырылады. Мемлекетті басқару аппараты жуйесінде басқару актісінің заңды күші сол актіні қабылдаган органның орны мен өкілеттілігінің көлемімен анықгалады.

2. Мемлекеттік қызмет жуйесінің біртүтастығы. Мемлекеттік биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот билігі гарамақтарына бөлінуіне қарамастан Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет жүйесі біртүтас. Мемлекеттік билік өзінің мәні, қурылысы және қоғамда әрекет етуінің біртутастығымен түсіндіріледі. Мемлекеттікқызметжүйесініңбіртутастығы мемлекет аппаратындагы еңбек бөлінісіне қарамастан барлық мемлекетгік органдар өз қызметтері мен екілеттіктерін мемлекет атынан жузеге асырады. Қазақстан Республикасы Конституциясы мемлекеттік билік тармақтарының, заң шығару, атқарушы және сот билігіне бөліну қагидасын бекітіп, сонымен қатар тепе-теңдік және тежемелік қағидасын да берік ұстанады. Осыған байланысты мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы қағидасы барлық мемлекеттік билік тармақтарын біртутас мемлекет механизміне біріктіретін берік негіз ретінде түсіндіреді.

3. Занды қуқықіарыііы», ерісіндігінін және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдында приоритеті бар. Бүл қағида азамат пен мемлекет арасындагы қарым-қатынас аумағындағы маңызды ресми бағыт болып келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандығын басты орынға қояды. Адамға құқық пен бостандық туғанынан беріледі. Олар абсолютті және ажыратылмайтын болып танылады, зандар және басқа нормативтік қуқықтық актілердін мазмұны мен қолдануын анықтайды.

4. Қол жетерлік қағидасы, яғни азаматтар қабілетіне, кәсіптік дайындығына сәйкес мемлекеттік қызметке түсуге бірдей қүқылы. Бұл туралы Конституцияның 33-бабында нақты жазылған. Осы қағида бойынша жалғыз ғана шек қоятын -ол кандидатқа қойылатын жас мөлшері, ягни мемлекет қызметкерінің жасы 63 жастан аспауы керектігі бекітілген.

Азаматтардың мемлекеттік қызметкер қызметіне кандидатураларды жинау, іріктеу қатаң ерікті негізде жүзеге асырылуға міндетті. Ешкім де мәжбүрлеу тәртібінде мемлекеттік қызметке азаматты тағайындай алмайды. Басқаша айтқанда мемлекетік қызметке тұру күрделі заң құрылысының болуын, яғни бр мезгілде екі фактінің болуын талап етеді: қызметке тағайындау актісінің болуы және азаматтың бұл қызметке тұруга байланысты алдын ала келісімі.

Шешімдерді орындау міндеттілігі. Жоғары тұрған мемлекеттік органдар лауазымды түлғаларының өз өкілеттілігі аясындағы қабылданған шешімдерін төмечгі сатыда тұрған мемлекет органдары қызметкерлері үшін орындау - міндет. Бұл қағида мемлекеттік органдардыц «вертикальды» багыну жүйесін, экономика әлеуметтік сфера және әкімшілік-саяси құрылыс салаларында қажетті басқаруды орталықтандыруды айқындайды. Мемлекеттік басқару органдарының жалпы жүйесін біріктіреді, сөйтіп мемлекет аппаратының қызметінде жалпы мемлекеттік мүдделер есебін жргізу қамтамасыз етіледі.

6. (Мемлекет қызметкерінін бақылауға тәуелділік және есептілік қағидасы.

Барлық мемлекеттік органдар мен мемлекетгік қызметшілер халық алдында және өзінен жоғары түрған лауазым немесе жоғары тұрған орган алдында жауапты.

7. Кәсіпқойлығы және қузырлығы. Мемлекеттік қызметке орналасқан азамат өзінің қызметтерін орындау үшін арнайы білімі, тәжірибесі және қабілеті болуы қажет.

7? Қызметшілердін жеке жауапкершілігі. Әрбір мемлекеттік қызметші өзінің лауазымына сай белгілі бір қызмет атқарады және сол істеген ісіне жауап береді, т. б. Осы аталған қағидалардың орындалуы мемлекеттік қызметтің тиімді орындалуын қамтамасыз етеді.


4.2. Мемлекеттік қызметкерлерді топтастыру.

Әкімшілік лауазымдар мемлекеттік қызметшілердің 90 пайызын құрайды және олар саяси қызметшілер ауыстырылғанда қызметтен шыгарылмауы үшін заңмен қорғалған. Мемлекеттік қызметтің мемлекеттік басқарудағы негізгі құзіреттеріне (компоненттеріне) лауазымдардың топтарга (категорияларға) бөлінуін жатқызуға болады. Лауазымдар иерархиясы мемлекеттік басқару жүйесінде пирамидаға сәйкес лауазымдардың таралуы барлық елде тараған. Лауазымдардың құзырлығының көлемі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым олардың иерархиялық пирамидадагы лауазымдық орны болады және жауапкершілігі жоғары болады. Сондықтан мемлекеттік лауазымдарды йерархиялық дифференциациялау объективті заң болып табылады.

Қазақстан Республикасының «мемлекеттік кызмет туралы» заңында көрсетілгендей, мемлекеттік қызметкерлер лауазымдары саяси және әкімшілік болып екіге бөлінеді.

Саяси лауазымдарға саяси мемлекеттік қызметке тағайындалуы (сайлау), қызметтен босатылуы және қызметі саяси сипаттаболатын лауазымдар жатады.

Әкімшілік лауазымдарға мемлекетгік қызметте тұрақты қызмет атқаратын лауазымдар жатады. Әкімшілік лауазымдар мемлекетімізде қабылданган арнайы лауазымдар Реестрінде топтар категориясымен жуйелендірілген. А категориясы тобына Қазақстан Республикасы Прзидентінің Әкімшілігінің лауазымдары жатады. Ал В категориясы тобына республикалык деңгейдегі аппарат органдарының саласы лауазымдары (Парламент палатасы аппараты, Премьер-Министр Кеңсесі (Канцеляриясы), Конституциялык Кеңес аппараты, Жогаргы Сот аппараты, Президент Істері БасқармасыХ С категориясы тобына, Президентке тікелей багынышты және есеп беретін мемлекеттік органдар, Орталық атқарушы органдар, Үкіметке, Орталықатқарушы органдар Ведомстваларына кірмейтін Орталық атқарушы органдары, Облыстық және аудандық герриториялық бөлімдері кіреді. Д категориялары тобына облыс, аудан, ауыл әкімдерінің аппараттары, облыстық, аудандық мәслихат аппараттары, облыстық, аудандық сот аппараттары жатадь/. Ал Е категориялар тобына, жергілікті атқару органдары жатады. Осы жоғарыда аталған категориялар өз іштерінде мемлекеттік орган құрылымында алатын орнына, әкімшілік лауазымдарына сай тағы бірнеше топтарға бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет