2. Деменция (лат. dementia - жарыместік) – ой өрістің нашарлауымен, бұрын
игерілген білімдері мен практикалық дағдыларын жоғалтумен және жаңа білім
алуға деген қиындықтармен немесе мүмкін еместігімен көрінетін жүре пайда
болған кемақылдылық. Деменцияның 60%-ы Альцгеймер ауруының үлесіне
тиесілі.
3. Нейрон деафферентациясы (лат. de - жоқтық, болдырмау + afferentis -
әкелуші) - сезімтал нервтердің анатомиялық және физиологиялық бүтіндігі
бұзылуынан шеткері тіндерден орталыққа қарай сенсорлық импульстерді өткізудің
мүлдем тоқтатуы. Деафферентация кезінде нейрондардың қозымдылығы артады
және нейрон тежелуден шығып кетеді. Осыдан нейрондардың осы тобы
патологиялық күшейген қозу генераторының ошақтарына айналады.
Достарыңызбен бөлісу: